Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

2016 жыл

3- апта

4-күн

Сабақ тақырыбы:

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Жалпы мақсат:

«Сын тұрғысынан ойлау» термині туралы түсінік беру, оның стратегияларымен таныстыру 

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-беттер

Үлестірмелі нұсқаулық

 Оқу нәтижесі:

СТО-дың негізгі дағды, әдістерін  және стратегияларын білу;

 Пән бойынша оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруда жиі қолдануға болатын, әрі тиімді стратегияларын пайдалану; 

 СТО-ны өз жұмыстарында, іс-қимылдарын қорытындылауда, рефлексия жасауда, біртұтас  жан-жақты ойлау қабілетін дамытуда, бар білімдерін  тақырып бойынша  білім-білік,дағды  деңгейін  өзектілеуде қолдану.  .    

Түйінді идеялар:

 СТО – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді

Сабақта қолданылатын материалдар:

 Интерактивті тақта, ватман қағаз, маркерлер, А-4 форматы, түрлі -түсті қағаздар, стикерлер

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Топтық жұмыс

2. Жеке жұмыс

Дерек көздері:

Интернет материалдары, көркем әдебиеттен алынған мәтін

Тапсырмалар:

1. Берілген мәтінді ары қарай жалғастыру

2.«Көбелек сабағы» туралы слайд бойынша пікірлерін айту

3. Рефлексия, кері байланыс.

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.41-49беттер

               

                       Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

          (3 мин)

       Сергіту сәті

 Көтеріңкі көңіл орнату үшін

«Көңілді күн» әнінің әуеніне билеу

Интерактивті тақтада берілген бейнеклип бойынша билеу

            (3 мин)

        Топқа бөлу

Түрлі-түсті қағазға жапсырылған смайликтер үлестіріледі

Смайликтер бойынша топқа бөлінеді.

          (10 мин)

Логикалық қызықты сұрақтар арқылы жылы қарым-қатынас орнату

Интерактивті тақтада берілген суреттер бойынша ой қозғау сәті ұйымдастырылады.

Мұғалімдердің жауаптарынан соң дұрыс жауабы көрсетіледі.

Мұғалімдер ойлана отырып, әртүрлі жауаптар береді

 (10 мин)

Мәтін интерактивті тақта арқылы беріледі

 Слайдтан «Еріккен хан» мәтіні беріліп, мәтін бойынша сұрақ қойылады

Мәтіннің жалғасы беріледі

Әр топтағы қатысушы мәтінді өз ойларымен жалғастыра отырып, аяқтайды.

Мәтінді қалай аяқтағандары туралы пікір алмасады.

Ақпарлама

(5 мин)

 «Сыни тұрғыдан ойлау туралы» қысқаша мәлімет беру.

       

Таныстырылымды тыңдайды

          (10 мин)

Интерактивті тақта арқылы слайд көрсетіледі

«Көбелек сабағы» туралы слайд көрсетіледі,жетелеуші сұрақтар қойылады.

Мұғалімдер жауабы тыңдалып болған соң слайдтағы мәтіннің жалғасы оқытылады

Қатысушы мұғалімдер берілген сұрақтарға жауап береді. Әр мұғалім өз пікірін, өз ой-тұжырымын білдіреді.

Кері байланыс

Бағдаршам арқылы кері байланыс жасау

Жасыл түс- түсінбедім    Сары түс- әлі сұрақтарым бар

 Қызыл түс- маған бәрі түсінікті

                                                    

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов