1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы»
деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының
астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп
атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады
«Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).
1914 жылы оның серіктестері әрі
достары, сол кезде Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің бас
редакторы мен орынбасары – Ахмет Байтұрсынұлы
мен Міржақып Дулатұлы «газет
бетінде үкіметке қарсы мақала жариялады» деген желеумен тұтқынға алынды.
Бұл уақиғаны
жеделхат арқылы білген Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің келесі нөміріне «Ұят!»
деген мақала жариялап, Алаштың біртуар азаматтарына қолдау көрсетті. Өзінің де
Самара губерниясында айдауда жүргеніне алты жыл болғанына қарамастан «Алаш»
көсемі пікірлестеріне тілекші екендігін осылайша танытты.
«А.Н.Радищев...
абақтыға жабылып, 10 жылға Сібірге айдалды. Оның замандасы, тағы бір газетші,
Еуропаға жол ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург бекінісінде 15 жылын өткізді. Ахмет
және Міржақып бауырларым! Сендерді қамаған түрме – Радищев пен Новиков отырған
түрме. Ресейде ең болмағанда бір рет тұтқында болмаған саналы адамдар
санаулы-ақ. Достоевский, Потанин, Короленко, Чернышевский, Морозов сынды
жазушылар да түрмеде отырды.... Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов,
Тургеневтер айдауға кетті...
1917 жылы қараша айында өткен
Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын
емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді.
Алаш партиясы Қазан төңкерісінің
қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.
Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік
қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай
уақытта да орынды бағалай білді.
«Азамат Ә.Н.Бөкейханов 1922
жылдың 14 желтоқсанынан 1927 жылдың 1 қазанына дейін Мәскеудегі ССРО халықтары
орталық баспасының Қазақ секциясында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді», – деп
жазылған Әлихан Бөкейханның осы баспадағы жұмысына қатысты пікірде.
1937 жылдың шілде айында
тұтқындалғанға дейін Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 10 жыл бойы Мәскеуде үй
қамағында болды. Туған еліне барар жол ол үшін жабылған болатын. Осыған
қарамастан ол отандастарымен хат жазысып тұруға тырысты. Сәрсен Аманжоловтың
мұрағатында ғайыптан сақталып қалған оның бірден бір хаты 1934 жылы жазылған
екен.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937
жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета Ресей ФСБ-ның мұрағатында құжат
ретінде сақталған. (Мәскеу, ақпан, 1995 жыл)
1937 жылы атылып кеткенде, қызы
Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен
кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ, қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының
қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды.
Әлихан
Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ
бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Тек таяуда ғана Алаш көсемінің күйеу
баласы, 1920 жылдардағы ірі мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов денесінің
күлі Мәскеуден Астанаға әкелінді. Бірақ әлі күнге дейін оны қайда жерлеу
мәселесі шешілмей отыр.
ІІІ – оқушы: «Алаш арысы – Міржақып Дулатұлы»
Міржақып Дұлатұлы
(1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы,
жалынды көсемсөз шебері.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Туған жері — Торғай
уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы
(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел"
ауылы). Әкесі — Дулат
аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен.
Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл
оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан
мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар,
азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда,
Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне
де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан
екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында
тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып,
өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше
көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл
мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты
хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша
өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты
батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған,
зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып
жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді.
Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы
ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші
буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес
болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен
бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса,
алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше
талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы
азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр
сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай
күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт
зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi
— ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет
Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905
жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында
болады.
Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты
түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу
деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні
қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап
оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен
қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар
көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі
екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп
тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да,
қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды
туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң
зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың
жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап,
халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі
күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып
өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған
жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.