Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Алаш идеясы біртұтас қазақ идеясы
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

АЛАШ ИДЕЯСЫ-ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ»

Қонысова Нұржанар 10 «Ә» сынып оқушысы

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз

Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын!

С.Торайғыров

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік-әскери монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің Орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай, ішкі Ресейден қоыс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі, халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат – мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп, оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси –әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905-1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Осы Бірінші орыс революциясы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.

Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар, егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болады. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзіне қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде Алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси, басқа да мәселелерді бас талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Тұрар Рысқұлов, Санжар Асфандияров, Сұлтан Қожанов, Смағұл Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келген еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов т.б. қайраткерлер Райымжан Мәрсеков, Асылбек Сейітов, Иса Қашқынбаев, Жұмахан Күдерин, Имам Әлімбеков, Мекайыл Абайұлы, Бірмұхамед Айбасов, Сатылған Сабатаев, Омар Алмасов, Сейдәзім Қыдырбаев т.б. бірінші жалпы ұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қозғалыстың басты тірегі жалпыұлттық «Алаш» партиясы болды. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету,

2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялаған.

Алаш партиясы – 1917 жылы шілдеде Орынборда Бірінші жалпықазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, сот, Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т.б жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съездің негізгі шешімі: «демократиялық, парламенттік және Ресей Федеративтік» республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде "Алаш" партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.

«Алаш» басшылары мен бүкіл партия, негізінен, Қазақ революциясын қолдаған жоқ. Олар: «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару!» ұранымен бірікті. Әлихан Бөкейханов өз отандастарына арнаған үндеуінде Ресейдегі 1917 жылдың оқиғасын төңкеріс деп атады. Қазан революциясынан көп бұрын-ақ қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі өздерінің бағдарламаларын кеңінен насихаттады. «Алаш» партиясының мақсаты – ХVІІІ ғасырда жойылған қазақ халқының ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды. «Қазақ» газетінде 1917 жылғы 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрді.

«Алаш» партиясы программасының жобасы

І. Мемлекеттік қалпы

ІІ. Жергілікті бостандық

ІІІ. Негізгі құқық

ІV. Дін ісі

V. Билік һәм сот

VІ. Елін қорғау

VІІ. Салық

VІІІ. Жұмысшылар

ІХ. Ғылым-білім үйрету.

Х. Жер мәселесі

Тәуелсіздік тағдыры, Елбасы аманаты және Алаш ардақтылары – менің әр кез көкейімде жүрген, әрқашан жас өркеннің алдында айтып жүрген, реті келгенде қалам қуатымен жазып жүрген тақырыбымның бірі. Бұлай деп әңгіме бастауымның себебі жайында аз-кем шегініспен түсінік бергеннің артықтығы болмас. Мен үшін ең қымбат жәдігер – киелі тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің бітім-болмысын Президент немесе Елбасы арқылы көз алдыма елестетемін. Осы екі ұғымды егіз-қатар қабылдаймын, қат-қабат сүйемін. Ал енді тәуелсіздік тарихының бір белесі алаш қайраткерлері тағдырымен тығыз байланыста болғандықтан, ерікті, еріксіз сабақтастырудың реті солай болып келеді.

Басқа тарихты тәмпіштеп түсіндірмей-ақ қояйын, бір ғана Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан алдаспан жырлары арқылы әрісі Абылай, берісі Кенесары хандарға дейінгі тарихты тәрк етіп келдік. Бұдан халықтың аға сұлтаны, болыс-биі, тіпті ауылнай-тілмашына дейінгілерді қаралап, қанаушы тап ретінде қарғыс айтумен болдық. Бергі тарих-кеңестік дәуір кезеңіндегі Қазақ елін билеушілердің қиянаты өткен тарих өктемдігінен әлдеқайда асып түсті, бір ғана голощекиннің салған даңы мәңгі есте қалды.

Қазақ халқы ғасырлар тоғысында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге Тәуелсіздік, азаттық деген ақ періштені қолына қондырды. Бұл біздің қаншама ғасырлар бойы күткен арманымыз еді. Сәл ғана шегініс. Өзіміздің ұлт көшбасшылары болған хандар мен билерді, батырлар мен баһадүрлерді, тіпті күні кеше ғана қазақ халқын азаттыққа бір табан жақын әкелген алаш қайраткерлерін «халық жауы» етіп жазғырып кеткен алдамшы идеологиядан не опа таптық?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Елбасы әрдайым Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін жанын пида етіп күрескен батыр бабаларымызды еске алып отырады, олардың қатарында әйгілі батыр, қолбасшы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы, батырлар Сырым Датұлы, Махамбет пен Исатай, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай сияқты ардақты батырларымыздың есімдері құрметпен аталады. Бұл тұлғалардың барлығы да қазақ халқының ерлік тарихында аттары алтын әріппен жазылатын жандар. Әсіресе, Елбасының қадап айтқан мәселелерінің бірі алаш қайраткерлеріне байланысты болды. «Алашорданың мүшелері алғашқы Ақпан революциясына ілесе шыққан күрескерлер еді. Олар патша құлаған соң еркіндік бола ма деп снді. Алайда большевиктер үкіметі бұл үмітті ақтамады, жалған саясат, қара күшпен, қантөгіспен келген үкімет сендерге теңдік, бостандық әпердік деп сендірді, шын мәнінде алдады. «Бостандық» деп өлең жазбаған ақын кемде-кем еді.

Қазақ жұртының бұл тәуелсіздікке қолы жеткеніне 25 жыл болды. Бостандық бізге тым қымбатқа түсті, сол жолда күрес жүргізген қаншама ардақтыларымыз, Елбасы, атап көрсеткеніндей атақты Кенесары бабаларымыздан бастап, күні кешегі Қайрат Рысқұлбековке дейінгі мерт болғандарды санамалап айтып шығу мүмкін емес. Нұрсұлтан Әбішұлының осы алаштың ұландарға қатысты айтылған ғибратты пікірінің түйіні төмендегідей: «Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады... «Біріңді, қаза, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», дегенде Абай атамыздың да айтқаны осы еді». Тәуелсіздікті ұядан ұшырып, қанатын қомдатып, қыран тұлғалы еткен тұңғыш Президнтіміз қалай жақсы көрсек те, қалай құлай сүйсек те Елбасы салған сара жолға қалай бас тіксек те жарасады. Қалың қазақ қауымы, ардақты алаш баласы, Тәуелсіздік туралы эпопеямыздың алтын әріппен жазылатын әр беті Елбасы аманаты екенін жадыда ұстайық, сонда ғана жаңылмаймыз, жақсы күндердің қуанышы көп болады..

Пайдаланған әдебиеттер:

«Алаш қозғалысы», Аңыз адам журналы, 2014 жыл желтоқсан

«Алаш партиясы», Қазақстан тарихы оқулығы, 9-сынып, Б.Аяған

«Тәуелсіздік тағдыры, Елбасы аманаты және Алаш ардақтылары», «Егемен Қазақстан», 2010 жыл, 16 желтоқсан

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
7 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов