Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МӘНІ

спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
«РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МӘНІ»

Сисенғалиев Нұрсәт Саламатұлы 10 «А» сынып оқушысы

Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш

сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы

сезімін сезінуге, қазір бүкіл

дүниежүзі білетін республика –

Туын, Елтаңбасын, Гимнін

ардақтауға тиіспіз.

Н.Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер Ата Заң секілді Тәуелсіздік құндылығы. Ол біздің ұлттық құндылықтарымыздың жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің белгісі. Биыл еліміздің ең киелі саналатын мемлекеттік рәміздерімізге 25 жыл толуда. Мемлекеттік рәміздер мәселесі кез келген қоғам үшін өзекті. Себебі, егемендікті бейнелейтін тәуелсіздік пен мемлекеттік идеологияның негізі болып мемлекеттік рәміздер саналады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. 1992 жылы маусымның 4 қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен (1996 жылы қаңтардың 24) белгіленген. Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қол дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Уәлихан.

Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков – Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі. 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған. Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетін бітірген. Жобалардың Бас сәулетшісі, Өзбек өнеркәсіптік ғылыми зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері. 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ қала құрылысын жобалау институтында қызмет етті, Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде –көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар –шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңғарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. Кеңес үкіметі кезінде елтаңбаларды бір жүйеге түсірушілік болды. Қазақ КСР-нің жалпы елтаңбасының кескіндемесінде қызыл түсті сәуледе орақ пен балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тілдерінде «Барлық елдердің пролетариаттары бірігіңдер!» делінген жазудан тұрды. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «КССР» және «ҚССР» жазуы болған.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тілінде – көк түс және оның түрлі реңкі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.

Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Түркі және әлемнің өзге де халықтарындағы көк түстің мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн –уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді. Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттілік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді.

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков – суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жариялаған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә.Тәжібаевтың, Қ.Мұқамеджанов, Ғ.Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ.Мұқамеджанов, Ғ.Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ.Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі. Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (28 қараша, 1935 жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Қошалақ – 22 қараша, 1983 жыл, Алматы) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері.

Шәмші Қалдаяқов (15.08.1930 Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 29.02.1992 ж, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артисі (1991) Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.»Егемен Қазақстан» газеті

2. Сабильянов Нұртай Салихұлы «Мемлекеттік рәміздер мәртебесі»

3. Ербол Шаймерденұлы рәмізтанушы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от amerikan в категории Музыка
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ