Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

№68 орта мектептің

Информатика пәні мұғалімі

Қажгереева Зарина Ержанқызы

Тақырыбы: Біз табиғатпен біргеміз

Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы білімдерін кеңейту.

Білімділік: Жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: сөз дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру, ойау мен байқағыштығын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатқа, елге деген сүйішпеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілі:

Әңгімелеу, халық ауыз үлгілерін пайдалану, сұрақ –жауап арқылы бағдарлау, көрсету.

Көрнекілігі: жыл мезгілдер суреті, ертегі кеіпкерлері, жеке тапсырма «не қайда мекендейді», шырша, бейне таспа, қажетті оқу құралдары.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Бүркіт аспанға дос.

Сүт нанмен дос.

Бұлақ жырамен дос.

Сен маған дос.

.Мен саған дос.

Бәріміз дос болайық

Мезгілдерге шолу:

-Балалар жылдың қай мезгілі? Бір жылда неше мезгіл бар?

Оқушылыр: Қазір жылдың көктем мезгілі. Бір жылда төрт мезгіл бар. Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері.

Тәрбиеші: Әр тіршіліктің бастауы көктем айынан басталады. Көктем мезгілі тіршілік негізі.

Көтем айларын білеміз бе? Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?

Оқушылыр: -Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

Көктемде қарлар ериді. Құстар ұшып келеді.

Көктем мезгілінде таңертен күн суық, түсте жылы, кешке салқын болады.

Тәрбиеші:Көктем мезгілінде ең алғаш қарды жарып қандай гүл шығады?

Оқушылыр:Көктем белгісі бәйшешек шығады. Мал төлдейді.

Тәрбиеші:Көктем туралы тақпақ айтайық.

Оқушылыр:

Қары кетіп даламның

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей анамның

Көктем келді шуақты.

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының сайраған,

Күтем қашан сайрауын.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде құстарға ұя жасап, жемсауытқа жем шашып, қамқорлық жасау қажет.

Осы Көктем мезгіліне байланысты болжам сөздерді айтайық.

Оқушылыр: Қарлығаштар келсе ұшып,кешікпей күн күркірейді.

Көктемде гүл көп болса, күзде жеміс-жейдек, астық мол болады.

Шағала ұшып келсе іле сең жүріп, мұздар ери бастайды.

Тәрбиеші: Көктемде күн жылынып, өзең мен көлдердің мұздары еріп ағын суяғни сең жүре бастайды.

Жаңылтпаш айтайық.

Оқушылыр:Тұз мұздай, Мұз тұздай.

Көктем мезгілінен соң қандай мезгіл келеді?

Жаз мезгілін сурет бойынша әңгімелеу. Өзгерістері мен құбылыстарына тоқталады.

Жаз турлы тақпақ пен болжам сөздерге тоқталайық.

Оқушылыр: Келді жазым.

Нұрын шашып айнала.

Жайнап кеткен.

Өзен бойы сай дала.

Болжам сөздер:

Бозторғай келсе жаздың да келгені.

Торғайлар топ-тобымен ұшып жүрсе, ауа-райы құрғақ, күн жылы, болады.

Тәрбиеші:Жұмбақ

Үзуге қимайсың

Достарға сыйлайсың. (Гүл)

Мәуелеп жаз мезгілі өтеді де, қандай мезгіл келеді?

- Күз мезгілінің айлары қандай?

- Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

- Күз туралы тақпақ, қандай болжам сөздер?

Оқушылыр: Қыркүйек, қазан, қараша айлары. Ауа суытты. Аспанды сұр бұлт басады. Күн жаңбырлы болады. Жеміс-жидектер піседі.

Жемісің беріп халыққа.

Кеңелтті бізді ырзыққа.

Ризамыз саған жер Ана.

Жапырақ ерте сарғайса, күз ерте түседі. Бақалар бақылдап тынышталмаса күн бұзылады.

Тәрбиеші: Қар аралас жаңбыр жауған соң қай мезгіл келеді? Қыс мезгілінің айырмашылық пен өзгешілігі.

Оқушылыр: Қар жауады. Аяз тұрады. Боран соғады.

Қыста шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Қардан аққала соғамыз.

Тәрбиеші: Қыс туралы мәтел, тақпақ білеміз бе?

Оқушылыр: Аппақ мамық ұлпа қар.

Жамылады қырқалар.

Шымшып аяз бетінді.

Ширатады етінді.

-қыс азығын жаз жина. Қыс аязды болса , жаз ыстық болады. Қылышын сүйреп қыс келер.

Үлкен ватманға үйшік және ертегілер кейіпкерлері қойылған.

Ертегі кейіпкерлерін атайды.

Оқушылыр:

- Мысық, ит, тышқан.

- Әтеш пен тауық.

- Қорқақ қоян.

- Үйшік ертегісі.ертегілерді әңгімелеп береді.

Жек жұмыс. «Не қайда мекендейді?»Сызып әр аңның мекенін көрсету.

Аю апнда.

Тиын ағаш саңылауында.

Ит үйшікте.

Тышқан інде.

Сергіту сәті:

Мынау басым ақылды бәрін осы басқарған.

Мынау менің жүрегім бәрі осыдан басталған.

Мынау менің оң қолым,

мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Бір екі үш,

Бойға жинап күш.

Тәрбиеші:Енді туражәне кері санайық. Сөз жұмбақ есептерді шығарамыз.

Дүкенде болды 5 қуыршақ.

Дүкенге барып Дияспен

Сатып алдыым 3 қуыршақ.

Дүкенде қалды неше қуыршақ? (2 қуыршақ)

Тікен екі тікен пісте,

Қойсам үш тікен пісте

Неше пісте болады.

Қысы жжазы бір түсте. (5 шырша)

Мына шыршамыз қандай фигураға ұқсайды?

Оқушылардың жауаптары тындалады. Тіктөртбұрыш, сопақ, трапеция,шаршы.

Көлемдерін салыстыру. Түстерін айыру. Орташа,үлкен, кішкенесін қою.

Тәрбиеші:Төртбұрыш неге ұқсайды?

Оқушылардың жауаптары тындалады. Есік, терезе, теледидар, кітапқа ұқсайды.

Шеңбер: дөңгелек. Допқа, алма, күннің көзіне ұқсайды.

Оң қол мен сол қолдағы кітаптардың жуан не жіңішке екенін айтады.

Жазда күн ұзарады. Ормандағы аңдар: Аю, қасқыр, қоян, арыстан, түлкі, сүзең -далада жан-жануар , құстарда мекендейді.

Сиыр, Түйе, қой, ешкіүй жануарлары.

Үйжанурларын атадық. Енді жайлауда жайылып жүрген қозыны жұлмалау тәсілі арқылы қағаз бетіне желіммен жабыстырамыз.

(Үлгісіне назер салу) Суретті талдау. Қандай түстер бар? Суреттердің орнын бағдарлау.

Оқушылар: Сары, қоңыр, жасыл, көк.

Күн оң жақта, жоғары тұр. Төменде жайылым шөп, Бұлттар ортасында жоғары тұр.

Қортынды:

Қозы-лақтар маңырап,

Жататұғын мамырап,

Білесің бе қай мезгіл?

Күн сарғайып көгінде,

Оратын кез егінді.

Білесің бе қай мезгіл?

Ағарып жер қап-қара.

Ұлып тұрар ақ боран.

Білесің бе қай мезгіл?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ