Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Лекция жоспары:
1.    дәрінің компоненттерін бөлек сақтауға арналған орауыштар.
2.    Ылғалды сіңірілуші бар орауыштар.
3.    ДҚ бір дозалық орауыштары.
4.    Балалар емдік іс – тәжірибеде қолданылатын орауыштар.
5.    Дәріні 1 данадан шығаратын орауыштар.
6.    Теріге арналған препараттардың орауыштары.
7.    Аэрозольді орауыштар.
8.    Аптечкалар және олардың компоненттері
9.    Орауыштардың басқа түрлері.
Дәрінің компоненттерін бөлек сақтауға арналған орауыштар (араластыру орауыштар)
Кейбір препараттар ерітінді түрде сақтаған кезде активтілігін тез жоғалтады (мысалы, антибиотиктер, гармондар). Осы препараттар дәл қолданған кезде ерітіндіні дайындау талап етеді. Осы топқа бір дәрінің құрамына кіретін, бірақ бөлек стерильденетін (мысалы, шокқа қарсы ерітінді – асратян сұйықтықтары А және Б), препараттар жатады. Осындай дәрілер, дағдыдағыдай, 2 құтыдан (2флаконнан, немесе 1 флаконнан +1 ампуладан) тұратын комплект түрде шығарылады. Сонда құтыда препарат орналасады, екіншіде – еріткіш. Қолданудың алдында еріткішті ұнтақ немесе түйіршік тәріздес препараты бар құтыға енгізіп, ерітінді немесе суспензия дайындайды. Осындай ДТ сыртқа, ішке және парентеральді қолдануға болады.
    Қазіргі кезде осындай 2 құтыдан тұратын комплектерді картогн секциялық пачкаларда, контурлы ұяшықты орауыштарда, пленкадан жасалынған 2 – жақты кассетті орауыштарда шығарылады. Бірақ, тараның осы түрлері қолжұмысты қолдану талап етіді.
    ЛНПО «Прогресс»-те антибиотик пен еріткіш комплектісіне (мысалы, мономицин+Н2О) арналған орауыш шығарылады. Ол  бүктелген полимерлі контурлы ұяшықты орауыш. Оның бір жанында еріткіші бар 6 ампула орналасады, екігші жанына оларға көлденең 2 қатарда антибиотик салынған 6 флакон болады.  Ампулалар мен флакондарды ұяшықтарға салып болған соң, орауышты ортасынан белгіленген сызық бойынша бүктейді (сумка сияқты), үстінгі жағы керекті жазулары бар лентамен бекітеді. Лента жабыстырудың орнына таңбалы дәнекерлеу (точечная сварка) қолданылады, олда ААБ қамтамасыз етеді. Ұяшықтарды қалыптаған кезде олардың сыртына препараттың атауын қысып шығарады, орауыштың екінші бөлігінде – серияның № және жарамдылық мерзімі жазылады.
    Шет елдерде қазіргі кезде құрастырылған орауыштар кең қолданылады: бір орауышта 2 камерада ДЗ – тар бір бірінен бөлек сақталынады, ал керекті кезде оларды жеңіл бір бірімен араластыруға болады. Осындай орауыш түрлерінің үлкен (ең  маңызды) артықшылығы бар – ДТ-дің компоненттері бір бірімен араласқан кезде орауыштың герметикалығы бұзылмай бастапқы түрде қалады, бірақ олардың бағасы, дағдыдағыдай, дәрінің бағасынан жоғару болу мүмкін. Бәрібір осындай орауыштар өздерінің керектігіне байланысты өндіріске кең енгізіліп жатыр.
    Араластырғыш орауыштар 3 типте болады: І – ерітіндіні ұнтаққа енгізетін қондырғысымен;
ІІ – ұнтақты ерітіндіге салатын қондырғымен (бұлар жиі қолданылады, себебі ыңғайлы);
ІІІ – екі ерітінділерді араластыру қондырғымен.
І типке, келесі орауыш жатады. Ол құрастырылған винт оймасы бар қақпақпен жабылатын флакон түрде шығарылады. Қақпақтың флаконға кигізілетін оймасы бар және ортасындағы патрубокта сыртқы оймасы бар. Патрубоктың сыртына ерітінді құйылатын ұшы дәнекерленген камера(колпачок) бұрап кигізіледі. Осы камера (колпачок) астынан тығынмен жабылады, содан соң қақпақты флаконға бұрап қояды. Араластыру үшін камераны (колпачок) шамалы бұрайды, сол кезде оның астындағы тығыны шығып флакон түбіне түседі, ерітіндіде ұнтаққа құйылады. Ал камераны қайта тығыз бұрап, ұшын кесіп (ААБ), дәріні тамшы түрде қолданылады (құлаққа, мұрынға, көзге).
    ІІ типке  жататың қондырғылардың құрылысы әртүрлі. Көбінесе олар жыртылатын мембранадан тұрады.
А) Мысалы, ауызында 1 – 2 ішке қарайтын шығынқысы бар флаконға 2 бөліктен тұратын тығындауыш құрал салады: 1 –ші бөлігі – салынған үзілетін камера (табақша), ол 2 – ші бөлікке жыртылатын қабырға (перегородка) көмегімен бекітіледі. Табақшаның сыртында флаконның шығынқысы кіретін 1 – 2 паз бар, солардың әсерімен табақша флаконның ауызында айнала алмайды. Осы тығындауыш құралды сыртынан ортасында ДТ шығарғыш (тұтынушы ұшын өзі кесіп ашады – ААБ) ұшы бар. Тығыз қатынасатын қақпақпен жабады. Қақпақты бұраған кездетығындауыш құралдың үстіне 2 – ші бөлігінде бұралады, сол кезде 1 – ші бөлігі бұралмайды (себебі паздаға шығыңқылар жібермейді) үзіліп флакондағы ерітіндінің ішіне ұнтақпен бірге түседі.
Б) Осы араластырғыш қондырғы түбі жыртылатын табақша түрде жасалынған тығыннан тұрады. Тығынның табақшасына ұнтақ салынады. Үстінен табақшаның ішіне тығыз кіретін, сыртынан жабық, іші қуыс, ұшы бір жанына кесілген поршень салып, бәрін алюминий қақпақпен айналдырып бекітеді (ААБ). Керекті кезде алюминий қақпақты алып тастайды, поршеннің үстіне қатты басып, табақшаның түбін жыртып жібереді. Сол кезде ұнтақ ерітіндінің ішіне төгіліп араласады.
ІІІ типке келесі қондырғылар жатады:
А) Мысалы, пленкалық материалдан жасалынған бір біріне жабысқан, арасында мембранасы бар, 2 бөліктен тұратын контейнер. Екі бөлігіде әртүрлі ерітінділермен толтырылған. Бір бөлігінде арасындағы мембрананы жырту үшін шығыңқы жасалынады. Орауыштың ашуға арналған кесілетін ұшы бар. Олар екі пакет түрінде болуы мүмкін.
Б) Немесе цилиндр тәріздес екі бөліктен тұратын орауыш. Арасындағы мембрананы ашу үшін қондырғысы бар астынғы бөлігі гофирленген түрде жасалынады. Екі бөлікке ерітінділер құйылады. Немесе астына – ұнтақ, үстіне – ерітінді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ылғалдыны сорғыштар салынатын орауыштар.
    Кейбір препараттар сыртқы ортаның ылғалдылығына төзімсіз. Препаратты жоғары ылғалдылықтан қорғау және сақтау мерзімін ұзарту үшін шет елдердің фирмалары ылғалдыны сорғыштар (селикагель) салынған орауыштар қолданылады. Ылғалдыны сорғыштар арнайы қапқа немесе капсулаларға салынған түйіршіктер немесе таблетка түрінде болуы мүмкін.
    Орауыштың ішінде селикагельді орналастыру тәсілдері:
    орауыштың түбіне дәрілік препараттан жасалған түбі көмегімен бөлшектеу;
    қос бір – бірімен қатынасатын ұяшықтары бар полимерлі контурлы орауыштарға салу. Мысалы, «шипучие» таблеткалар үшін, сонда олардың сақтау мерзімі 2 есе және оданда көп жоғарлайды.
    флакондардың ауызына салынатын жалған түбі бар тығынның ішінде орналастыру.
ДҚ – дың бір реттік дозасы бар орауыштар.
Бір реттік дозасы немесе бір рет қолданылатын орауыштар бір қатар артықшылықтарына байланысты қазіргі кезде кең қолданылатын болды. Олардың артықшылықары:
    ең маңызды дәрінің әр дозасы қабылдау уақытына дейін басқа дозалардан қорғалу болады, сонымен қатар әр дозаның бөлек этикеткасы бар (мысалы, ампула және т.б.);
    дозаны өлшейтін көмекші орауыш құралдардың көмегінсіз дәріні дозалаған түрде қабылдау мүмкіндігі (капсула және т.б.);
    әр дозаның максимальды тазалығы;
    әр дозаның стерильдігін сақтау мүмкіндігі;
    ААБ мүмкіндігі;
    Қолдану ыңғайлылығы және т.б.
Бір ретті дозасы бар орауыштарда іс – тәжірибеде дайын дәрілердің барлық түрлерін шығаруға болады: сұйық, тұтқыр, жұмсақ, қатты, сусымалды, газ тәріздес және т.б. Керекті кезде бір орауышта емдеу курсына қажетті дозалардың саның комплект түрінде біріктіруге болады:
    бір орауыштың ішіне бірнеше бір реттік дозасы бар орауыштар салынады (мысалы, бір флаконда бірнеше капсулалар);
    бір реттік дозасы бар орауыштардан даярлауыш – өндірісте блок құрастырады. Осындай блокта орауыштарды бір – бірінен жеңіл ажырату үшін оның бетінде кесіктен (перфорация) бар.
Бір реттік дозасы бар орауыштарды қолданудың келесі артықшылықтар бар:
    дәрілік препараттың жоғалатын мөлшері төмендейді;
    дәріхананың және емхананың мед.персоналдың уақытын үнемдеу мүмкіндігі;
    жолдағы (жолға шыққан) адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге қолайлылығы.
Олардың кемшіліктері:
    осындай орауыштардың бағасы жоғары болады, себебі орауыш материалдың шығыны жоғары болады;
    орауыштардың басқа түрлерімен салыстырғанда, осы орауыштардың жасау мен оларды толтыруға еңбек шығыны жоғары болады.

Оларды жасау тәсілдері:
А) Пленкалық материалдардан пакеттерді, оларды алдын – ала формалаусыз  (қалыптаусыз), терможабыстыру тәсілімен жасау.
Б) Ұяшықтарды алдан – ала қалыптау арқылы терможабыстыру тәсілімен жасау (таблеткаларға, драже, суппозиторияларға және т.б.).
В) Термопластикалық материалдардан арнайы қалыптарды үрлеу немесе экструзия әдістерімен қуыс түтік, тюбик және т.б. орауыштарды жасау, оларды өніммен толтыру, содан соң дәнекерлеу.
Г) Батыру немесе штамптау (престеу) әдістерімен орауыштарды жасау (мысалы, қақпағы бар қатты капсулалар).
a)    Сусымалы ДТ – ді терможабыстыру арқылы жасалынған пакеттерге орамдау туралы №6 лекцияда берілген.
b)    Сұйық және тұтқыр ДТ – лер үшін пленкалық материалдардан жасалынған орауыштардың түрлері туба немесе флакондар (түтіктер) тәріздес болады. Сонда тұтынушы өнімнің жағдайы турала түсінік алады және оның ашу ең ыңғайлы орнын табады. Осындай орауыштардың ашу орны арнайы белгіленген және ашуын жеңілдеткен болады немесе орауыштың ашу орнында жергілікті тарылуда (сужение) жасалынады. Мысалы, сусымалы немесе сұйық дәрінің 1 дозасы бар полимерлі бір ұшында кесіп ашылатын шығарғыш тесік орналасады.
Мысалы, көз тамшылардың бір реттік дозасы бар орауыш екі пленкадан жасалынған фигуралық пакет түрде шығарылады. Оны ашқан кезде шығарғыш тесігі кішкентай болу үшін орауыштың ішіне ұшында түйіні бар жібтің бір ұшын салады. Екінші (сыртындағы) ұшынан тартқанда кішкентай шығарғыш тесік түзіледі. Осындай орауыштар көз жағар майларға және ерітінділерге қолданылады ( «Минимсы» - туралы лекция №4 және  №5 жазылған).
Бір реттік дозасы бар орауыштарға стерильді дәрілерге қолданылатын ампулалар жатады.
Даналы ДТ (таблеткалар, драже, суппозиториялар, көз дәрілік препараттары) – ді орамдауға пайдаланылатын контұрлы ұяшықы және ұяшықсыз орауыштарды бір реттік дозасы бар орауыш деп санауға болады. Оларға ДТ – ді орамдау процессі ең механизацияланған болады және оның өнімділігі өте жоғары. Контурлы ұяшықты және ұяшықсыз орауыштарды бір бірімен салыстырғанда контурлы ұяшықты орауыштарға көп көңіл бөлінеді, себебі:
    оларды жасағанда орауыш материалдардың шығыны төмен болады;
    орамдалған өнімнің сақталу қабылеті жоғары.
Бірақ олардың көбісі атмосфералық ылғалдылық және жарық әсерінен толық қорғалмайды. Жарықтан қорғауды талап ететін өнімдерге пленканың арнайы маркалары немесе олардың құрастырылған композициялар қолданылады. Осы жағдайда орауыштың бағасы жлғарылап кетеді.
Контурлы орауыштардың кемшіліктерінің біреуі: - орамдалған препарат туралы мәліметтерді жазуға орауыштың сыртында орны аз; екіншіден – орауыштан дәріні шығарып алғанда жазу түсірілген фольга жыртылады, содан соң жазудың оқылуы қиын болады. Егерде жазуды түсіру үшін орауыштың шеттерін жалпақтау жасаса, оның бағасы жоғарлайды.
    Бір реттік дозасы бар орауыштарға суппозиториялардың бір мезетте қалыптауға және орамдауға арналған контурлы ұяшықты орауышты жатқызуға болады, себебі әр суппозиторий басқалардан бөлек орналасады: біреуін қабылдауға алғанда, басқа дозалары жабық түрде қалады.
    Бір дозалық орауыштарды жасау қазіргі уақыттағы техниканың әртүрлілігі әр дәрілік түрдің ерекшеліктеріне байланысты, соның арасында дәрінің орауыш материалымен сыйымсыздығы ең маңызды болады, екінші орында – материалдың бағасы. Сол себептен сұйық, тұтқыр, жұмсақ ДТ – ге арналған бір дозалық орауыштардың түрлері аз, бірақ зерттеу жұмыстар осы бағытта көп жүргізіледі.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Балалар іс- тәжірибесінде қолданылатын орауыштардың спецификалық (ерекше) түрлері.
   
    Балаларға арналған  ДТ мен МҚБ арнайы топқа бөлінген. Ол дәрінің дозалау, организмге енгізу ерекшеліктерімен, сонымен бірге жасына байланысты балалар организмінің физиологиялық және психо – эмоциональды ерекшеліктерімен байланысты болады.
    №1 лекцияда балалардың арасындағы (әсіресе 2 – 3 жастағы) балалардың дәрілерімен улану туралы айтылған. Ол тұтынушылық қасиеттерінің жақсартуына байланысты:
    әдемі сыртқы түрі;
    оңай ашылуы мен жабылуы;
    жағымды органолептикалық қасиеттері және т.б.
Соған байланысты педиатрияда қолданылатын ДТ – ге арнайы (ерекше) орауыштар зерттеп жыл сайын жаңасын шығарады. Олардың ерекшеліктері келесіде:
I.    сұйық және қою пероральды ДТ (шырындарды, ерітінді, суспензиялар мен эмульсияларды) көлеммен дозалаудың дәлдігін жоғарлату;
II.    орауыштарды балалар ашамайтын, балалардан қорғайтын қондырғылармен (бекіткіштермен - затвор) қамтамасыз ету.
1)    Мысалы, балаларға арналған сұйық және қою ішке қолданылатын ДТ – дің орауыштарына көмекші құралдар салынады: дозалайтын қасықтар, мензуркалар.
1мл – ден қолданылатын сұйық ДТ келесі орауыш зерттеп шығарылған. Оның флаконның аузына салынатын тығындауыш қондырғысы келесі бөліктерден тұрады: 1- тыныштатқыш, 2 – мензурка-тығын, 3 – бұрап жабылатын қақпақ. Сұйық ДТ мензуркаға тыныш құйылады, сонда 1 мл – ді дәл өлшеуге болады.
2)    Орауыштардағы қолданылатын балалар аша алмайтын бекіткіштерді әсер ету механизміне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады:
a)    Құрастырылған бекіткіштер – бір бөліктің шығыңқысын екінші бөліктің шұңқырында келтірген кезде ғана орауыштың қақпағы ашылып жабылады. Мысалы: винт оймасы бар флакондарға арналған бекітікштің конструкциясы екі бөліктен тұрады: 1 – сыртқы, қорғайтын қақпақтан және 2- флакон оймасына бұралатын ішкі қақпақтан . сыртқы қақпақта фигуралық тесігі бар, оны ішкі қақпақтағы сондай фигуралық шығынқымен флаконды ашу үшін келістіру керек (совместить). Фигуралық тесік шығынқымен келістірілген түрде болу үшін қақпақтың ішкі төменгі жағында (канавкасы) арықшасы бар. Осы арықша (канавка) қақпақтың шығып тұрған төменгі жағымен әрекеттеседі, сол кезде колпачок қақпақтың үстінде бос екі жағынада айналып тұрады, ал флакон жабық түрде қалады.
b)    Басып бұралатын бекіткіштер. Олардың ашылуы негізі бекіткіштің сыртқы қорғайтын колпачогін бір мезетте басып және бұрап орындалады. Осындай қондырғы сыртқы колпачоктан және ішкі қақпақтан тұрады, балалар оларды аша алмайды. Колпачок қақпақтың сыртында бекітілген түрде болады, оның ішкі жағында  серіппенің ролін атқаратын эластикалық пластиналар орналасады. Олар колпачоктағы шығыңқылардың және қақпақтағы шұңқырлардың әрекеттесуін болдырмайды. Колпачокты басып бұрағанда оның ішкі шығыңқысы қақпақтағы шұңқырына кіріп қақпақты бұрап ашады. Осындай бекіткіштер шет елдерде осы күнде кең қолданылады.
c)    Байонетті құлып принципі бойынша істейтін бекіткіштер даналы ДТ – лер салынған флакондар мен трубаларға жиі қолданылады. Мысалы, қақпақтағы шығыңқылары флаконды жапқанда оның мойнындағы шығыңқысы астында бекітіледі. Қақпақ флакон мойнына толық кіріп тұрады, оны бұрап шығаруға сыртқа шығып тұрған бөліктері жоқ. Қақпақты бұрап шығаруды тек қана көмекші құралдармен орындалуы мүмкін. Көмекші құралды қақпақтың сыртқы бетіндегі шлицке кіргізіп болған соң оны бұрап ашады.
Осындай байонетті бекіткіш «Bayer and Co» фирмасы аспирин таблеткалары салынған арнайы пластмассты каробочкада қолданылады. Осы кробочка сіріңке салынған коробкаға ұқсас екі бөліктен тұрады. Оны тек қана кеі жанына қатты қысып ашуға болады, қысқан кезде пеналдың астындағы бекіткіш ілінетін жерден шығады. Коробочканың өзі орташа тығыздықтағы ПС – ден жасалынады, сонда оны қысуға тек үлкен адамның күші жетеді, баланың күші оған жетпейді.
d)    Қорғайтын колпачок көтерген кезде ашылатын бекітіш. Колпачоктағы шығыңқысын қақпақтағы шұңқырына келтіріп колпачокты көтередіде бұрайды, сол кезде колпачокпен бірге қақпақта бұралып ашылады.
e)    Контурлы ұяшықты орауыштарды қосымша нейлон немесе полиэстермен қаптайды. Сонда оларды балалар ашалмайды. Ал ДТ – ді орауыштан алу үшін, алдын ала қорғайтын қабатын алады. Арнайы кесілген жерінен арнайы тіл тәріздес шығыңқыдан ұстайды. Содан соң кәдімгідей фольганыжыртып таблетка немесе капсуланыорауыштан алады.
f)    Контурлы ұяшықты орауыштан юалалар таблеткаларды (және т.б.) ала алмау үшін оны таблеткаларын ішке қаратып арнайы рамканың ішіне екі бүктеп салады. Рамка қатты ілгішпен қамтамасыз етіледі, оны балалар аша алмайды.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Дәріні бір данадан шығаратын орауыштар.
Осы орауыштарға соңғы кезде тұтынушылар көп көңіл бөледі, себебі оларды жайсыз жағдайдақолдануға қолайлы, мысалы, жолға шыққанда, ауру бірден басталғанда және т.б.
Жалпы айтқанда, осы топқа контурлы ұяшықты және ұяшықсыз орауыштарды жатқызуға болады, себебі дәрінің 1 дозасын қабылдаған кезде қалған дозалар бұзылмаған (ашылмаған) түрде қалады. Бірақ осындай орауыштардан (әсіресе ұяшықсыздан) керекті кезде дәріні тез әрі оңай алу кепілі жоқ (мысалы, аяқ астынан жүрек ауырған кезде). Осындай жағдайларға қалтаға салып жүруге арнайы пенальчик ұсынады.
А) мысалы, нитроглицерин таблеткаларын салуға арналған пенальчик (таблеткалардың диаметрі 4 мм). Пенальчик цилиндр тәріздес түбі тығынмен жабылған түтік тәріздес болады. Оны түбі жағынан толтырады, себебі үстінгі жағы таблеткаларды тек қана біреуден шығаруы үшін тарылған канал түрде жасалынады, сыртынан ол қақпақпен жабылады, оның ішінде тек қана 1 таблетка орналасатын камера жасалынған. Камераға 1 таблетканы түсіру үшін, пеналды қақпақпен төмен қарату керек, содан соң пеналды қайта горизонтальді жағдайда келтіру керек: қақпақты алғанда, оның камерасында қабылдауға қажетті таблетка болады. Сонымен, тұтынушы таблетканы қолына алмастан, қақпақты аузына аударып оны қабылдайды.
Жұмсақ капсулаларға арналған орауыштың айырмашылығы келесіде: осы пеналдың үстіңгі тарылтылған түтігі гүл жапырақ сияқты екі қабырғадан (а) және арасында кесігі (порезь) бар бөліктен тұрады. Осы жапырақтардың арасында тек 1 капсула орналасады, жапырақтардың шығыңқылары капсуланың түсіп қалуын болдырмайды. Тұтынушы пеналды аударып бір капсуланы жапырақтары бар түтікке өткізеді, содан соң оңай тістерімен немесе еріндерімен оны орауыштан шығарып ішке қабылдайды.
Ұқсас орауышты құрамында витаминдер немесе антигистаминді препараттары бар драже салынған флакондарға қолдануға болады. Осы жағдайда жапырақтары бар түтікті қақпақпен герметикалық жабылады.
Тұтынушыға қолайлылық жасау үшін контурлы ұяшықты орауыштар шығарылады. Оның майда ұяшықтарында дәрі (капсулалар, драже, таблеткалар) орналасады, ал үлкен ұяшықта – препаратты тасымалдауға арналған пенал. Тұтынушы өзі пеналды дәрімен толтырады.
Әр ұяшықта дәрінің бір данасы орналасқан диск түрдегі орауыштарды қолдану белгілі. Осы диск тесігі бар екінші дискімен жабылады. Оның тесігін дәріні сыртқа шығару үшін кезекпен бірінші дисідегі ұяшықтармен біріктіру керек.
Дәріні даналы түрде шығару үшін ашылатын тесікпен қамтамасыз етілген пеналдардың әртүрлі конструкциялары бар. Бірақ осы орауыштардың қолдануға қолайлы конструкциялары көп жағдайларда орамдалған өнімнің герметикалық жабылуын және тек 1 дозаны шығару гарантиясын қамтамасыз етпейді.
Герметикалық іс – тәжірибеге арналған орауыштардың өзінің спецификалық конструкциялары және дозалау мен қабылдау кезіндегі қателіктерді алдын ала ескертуге арнайы сыртқы безендіруі бар. Оларға келесілер жатады:
    Алдын ала ескертетін этикеткалар;
    Пиктограммалар;
    «Doset P» - диспансері;
    Түсініктіретін салғыш парақтар;
Мысалы, алдын ала ескертетін этикетка ретінде клорелин, аминазин, апрессин және т.б. препараттарды қабылдаған соң ортостатикалық коллапсты болдырмау үшін 1,5 сағат жату керек туралы жазылым қолданылады.
    Пиктограммаға – орауыштың сыртына түсірілген әдемі безендірілген суреттер жатады, мысалы, конвалютаның сыртында дәріні қабылдау уақытын сағат циферблатының суреті бойынша көрсетіледі. Суреттер көмегімен дәрінің қабылдау басқа ерекшеліктерінде көрсетуге болады (тамақтың алдында, тамақтан соң). Сонда осы суреттер қабылдау кездегі қателіктерді болдырмайды және дәрінің максималды эффективтілігін қамтамасыз етеді.
    «Doset P» - диспансері – техникалық құрал немесе өз бетіндегі орауыш. Ол амбулаториялық жағдайда дәрілік препараттарды бір апта ішінде белгілі уақытта мосқал және қартты науқастардың қателіксіз қабылдауын қамтамасыз етеді. Ол 7 қатар түзетін 28 бөліктен тұратын пластикалық үлкен емес каробка (пенал) түрде шығарылады. Әр қатар аптаның бір күніне сәйкестенеді. Әр қатарда 4 бөлігі (ұяшығы) бар. Олар мөлдір қақпақпен жабылады. Қақпақтарды жылжытып кезекпен бөліктердің бәрін ашуға болады. Әр ұяшықтың үстінде жылжыған қақпақ сақылдатып тоқтайды. Диспансерді аптада 1 рет медициналық персонал немесе тұтынушы өзі толтырады.
Қосымша ақпаратты қағаздарда тұтынушыға арналған мәліметтер тек қана керекті минимум түрде болу керек.
Дегенмен, балалар және гериатриялық медициналық іс – тәжірибесі арнайы бекіткіштері және арнайы есепке алғаш қондырғылары бар ерекше орауыштарды шығаруға талап етеді.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы