Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшқайын ауылы

«Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

информатика пәнінің мұғалімі

Абдыкерова Гульмира Салимжановна

Информатика пәні сабақтарында компьютер

технологиясын қолдану ерекшеліктері

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білім алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»- деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың мемлекеттік тұжырымдамаларында «Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуына мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да өз жоспарында биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кәсіби дәрменсіздігі құлдырайды»- делінген. Елбасының «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалады» деген байламы бүгінгі мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.

«Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда П.М.Эрдиевтің дидактикалық бірілктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба үлгілері негізінде қарқындап оқу технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы және басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Информатиканы оқытудың сапасын арттыру үшін педагогикалық технологиялардың ішіндегі тиімділерін таңдап, анықтай білу-әрбір информатика мұғалімнің негізгі міндетіне айналуы тиіс. Мұндай жауапты міндетті кез келген информатика мұғалімі орындай алу үшін осы сала бойынша олардың біліктілігін көтеруіміз қажет.

- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырылушылық іс- әрекетін, компьютерлік ойындар және т.б.) сабаққа жиі қолдану.

-проблемалық зерттеу, аналитикалық және моделдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

-жаңа ақпараттық технололгияның құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия технология ) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық- техникалық базасын жетілдіру.

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялар ашады.

Жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыруға әкеледі.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып табылады.Қазіргі ақпараттық қоғамда өңдірістің дамуының негізгі құралы ақпараттық қорлардың қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары күн санап жаңаруда. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, қазіргі ақпараттық заманда, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың қолжетімді құралы болып табылады. Олай болса информатикадан сабақтарды компьютерлердің қуаттандыруымен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

- компьютерлік технологияны қолдану өздігінен сабаққа дайындалу

деңгейін арттырады;

- оқу процесін жүргізуді қызықты етеді;

- шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды

қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Ақпараттық технология білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты мектептегі қайта жаңару, оқытудың мақсатын, мазмұнын, тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі жаңартуды талап етеді.

Оқу тәрбие үрдісінде копьютерлік технологияның пайдалану қажеттілігі бүгінгі күннің әлеуметтік экономикалық талаптарынан туындап отыр.

Компьютерлік технология көмегімен оқушының оқу таным үрдісінің талдауы да, өзіндік баға беруі де, өзін -өзі бағдарлауы да дами бастайды. Оқушының шығармашылық даму қабілетіне мұғалім көмектессе, ал компьютерлік технологияны оқыту үрдісіне енгізу барысында компьютер оқушының интеллектуалды дамуына игі әсерін тигізеді. Мұндай үрдіс кезінде «оқушы -мұғалім -компьютер» байланысы жүзеге асады.

Қорыта келгенде, әр баланың сапалы білімге деген құқығын қамтамасыз ету-мұғалімнің белсенді, оңтайлы әдіс-тәсілдерін игеріп, оны білікті қолдана білуі. Ендеше, ел болашағы, жастарымыздың сапалы білімі мен саналы тәрбиесі-бізге байланысты. «Ел тірегі-білімді ұрпақ» десек, осы қағиданы жүзеге асырғанда ғана, біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.

Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру қоғамның бүгінгі күндегі білім жүйесіндегі сұранысы болып отыр.

Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы керек. Қоғам сұранысына сәйкес білім сапасын арттыру-кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Р.Жанабаева білім шапағаты №23 29.10.2009ж.

«Сапалы білім беру-кәсіби шеберліктің жемісі »

2. Бастауыш мектеп №7 2009ж

3. Медеу Е.У.Инновационные технологии в педагогический деятельности. Материалы республиканской научно практической конференции.

4. Алтын ұя газеті №2 (303)8 бет2013ж.

5. А.К.Исабекова 2009ж.

«Үздіксіз білім берудің мәселелері мектеп, колледж, университет»-

атты респубилкалық практикалық конференция материалдары.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов