Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Лекция жоспары:

1. Орамдау процесінің және тара өндірісінің техникалық деңгейін бағалау. Бағалаудың негізгі критерилері.

2. ДДҚ-дың тара мен орауыштардың сапасының деңгейі.

3. Орауыш сапасының көрсеткіштерін анықтау:

а) баллдық әдіс

б) есептеу әдісі

4. ДДҚ-дың орауыштар сапасын бағалау.

5. Химия-фармацевтік өнеркәсіптегі тара шаруашылығын жетілдіру негізгі бағыттары.

6. ДДҚ және МҚБ-дың тара және орауыштардың сапасын және техникалық деңгейіне болжау жүргізу

Қазіргі уақытта орамдау процессінің және тара өндірісінің техникалық деңгейін зерттеуге көп көңіл келесі мақсаттармен бөлінеді:

а. ДДҚ-дың өндірісінде тара орамдау шаруашылықтың нағыз жағдайын анықтау.

б. Тара мен орауыштардың экономды түрлерін зерттеп шығару жұмыстарының негізгі бағыттарын белгілеу үшін:

в. Медициналық және фармацевттік өнімдерді орамдау және тасымалдау прогрессивті тәсілдер мен құралдарды кең енгізуге шаралар қабылдау үшін (для принятия мер).

ДДҚ-дың құрамдық бөлік ретінде орауыштардың негізгі функциясы – сақтаудың керекті мезгілінде препараттың тұрақтылығын қамтамасыз ету белгілі. Дәл осы қызмет дәрілік препараттардың көрсеткіштер жүйесінде маңызды орындар біреуіне орауышты қоюға мүмкіндік береді.

Препараттың сақталуын қамтамасыз етумен орауыштың функционалды маңызы шектелмеуі өткен лекцияларда белгіленген. Орауыштың функциясына қосымша келесілер кіреді:

- Препаратты қолдану (қабылдау) ыңғайлы болуын қамтамасыз ету;

- Дозаланған түрде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- Орауыштың стерильдігін және герметикалығын қамтамасыз ету;

- Орауыштың ААБ-ын қамтамасыз ету;

- Балаларға ашуын болырмауды қамтамасыз ету және т.б

Осы функциялар одан да жоғары ДДҚ-дардың сапасын олардың орауыштарына тәуелді жағдайда келтіреді.

ДДҚ-дың орауыштар сапасының қазіргі деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткішттері:

- Дәрілік препараттардың терапевтикалық эффектісі едәуір жоғары болуына мүмкіндік туғызу;

- Бір мезетте, яғни дайындау сәтінде технология, механизация және экономия талаптарына сай болу.

Тара мен орауыштардың экономды түрлерін зерттеп шығару және жаңа технологиялық процесстерді енгізу шараларын өткізу алдында саладағы өнімді орамдау процессінің және тара жасау техникалық деңгейін зерттейді. Осы зерттеу бірқатар өндіріс саладағы тара-орауыш шаруашылықтың нағыз жағдайын анықттау мақсатымен өткізіледі. Осы техникалық-экономикалық талдау тара мен орауыштардың эргономды түрлерін шығаруға, перспективті(әлеуетті) кезеңге салада орамдау технологиясы мен техниканы жетілдіруге арналған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Орамдау процессінің және тара жасау техникалық деңгейін бағалау негізгі критерилері:

- Шығарылатын өнімнің орауышының сапасының деңгейі. Ол өнімнің өндірісі және қолдану жағынан шығарылатын өнімге қойылатын талаптарға қанағаттандыру ірілендірілген көрсеткішпен сипатталады;

- Өнімнің бір атаудағы түрлері бойынша (картон пачкалар әртүрлі өлшемде т.б) орауыш материалдарының шығыс нормаларын бағалау және оны аталмыш саладағы кейбір өндірістердегі прогрессивті көрсеткіштермен салыстыру.

- Тара жасау және орамдау процесстердің механизациялаудың деңгейі.

ДДҚ-дардың орауыштары сапасының деңгейі келесі көрсеткіштер жиынтығымен бағаланады:

- Орындалатын функциялардың көрсеткіштері бойынша;

- Эргономикалық көрсеткіштер;

- Эстетикалық көрсеткіштер;

- Стандартизациялау мен унификациялау көрсеткіштері;

- Патентті құқықтық көрсеткіштер;

- Экономикалық көрсеткіштер;

Орындалатын функциялардың көрсеткіштеріне жататындар:

1. Дәрілік құралдың сақталу дәрежесі;

2. Орауыштың таңдалған материалдан жасалынған өнімді сыртқы факторлардың әсерінен қорғау дәрежесі.

Осы екі көрсеткіш орауыштың сапасын бағалау кезінде өте маңызды болады (негізгі рөл атқарады).

Орауыштың орындалатын функцияларының номенклатурасы:

а. Жарық өткізбеугіштігі – орауыш жасалынған материалдардың жарықтың көрінетін және УК-сәулелері өткізбеугіш қабілеті;

б. Су өткізбеугіштігі – орауыш жасайтын материалдың ылғал және су буын өткізбеу қабілеті;

в. Герметикалығы – орауыштың өнімді ауа мен газ әсерінен қорғауыш қабілеті;

г. Орауыштың ААБ талабына сай болуы (әсіресе препараттың бірқатарына өте қажетті – см. Лекция 1)

Эргономикалық көрсеткіштер орауышты “адам-бұйым” жүйесінде сипаттайды. Олардың номенклатурасы:

а. Орауыштың конструкциясы, оның массасының, оның ішінде бөлшектеу мөлшерінің формасы (ДДБ-дің көлемінің және орауыштың көлемі қатынасы) таңдаудың рационалдігі.

б. Дәрілік құралды орауыштан шығарып алудың ыңғайлы болуы және гигиеналығы.

в. Дәріні дозаланған түрде орауыштан шығару мүмкіндігі;

г. Дәріні қабылдау кезінде орауышпен қолдану ыңғайлылығы және т.б тұтынушылық көрсеткіштер;

Эстетикалық көрсеткіштердің номенклатурасы орауыштың техникалық эстетиканың талаптарына сай болуын белгілейді. Оларға:

а. Ақпараттық мәнерлілігі (белгілердің саны, оригинальдігі, стильге сай болуы, композицияның толық болуы, түстерін дұрыс таңдау және т.б) жатады.

б. Орауыштың товарлы түрі. Ол бөліктердің бір-біріне біріктіру сапасымен, жазулар мен белгілердің беріктілігімен және сапасымен (графикалық артықшылықтар, анық орындалуы, жазулардың, фирмалық белгілердің символдардың және т.б өлшемдік сәйкестігі) басу сапасының, орауыштың аппаратын оқу және түсіну мүмкіндіктерге сай болуымен анықталады.

Стандартизациялау көрсеткіші орауышты шығаруын регламентттейтін НТҚ-тың түрімен анықталады.

Унификациялау көрсеткіші бірдей функциональды мақсатпен қолданылатын орауыштар өлшемдерінің түрлері мен типтерін рациональды қысқартылған санымен анықтайды. З

Патенттік құқықтық көрсеткіштер номенклатурасына келесілер жатады:

а. Әр елде орауыштың техникалық мәнін (өнер табысын) патенттік қорғауды, бір-бірінен ажырататын белгілер (товарный знак) патенттік қорғауды қамтамасыз ететін патенттік қорғау көрсеткіші.

б. Патенттік тазалығының көрсеткіші. Оған орауыштың техникалық мәнінің патенттік тазалығы, өнеркәсіптік үлгінің және тауарлық белгілердің патенттік тазалығы жатады.

Экономикалық көрсеткіштер ерекше топ құрады. Олар орауыштың зерттеп шығаруына, өндірісте жасауына және өзін қолдауына немесе өнімді орауыштың жаңа түрінде пайдалануына жаратылған шығыстарды сипаттайды. Олардың номенклатурасы келесі көрсеткіштер кіреді:

а. Тәжірибелік үлгілерді зерттеп шығаруға, жасауға және тексеруге, сынауға жаратылған шығыстары.

б. Тара мен орауышты жасау өзіндік бағасы;

в. Тара-орауыш материалдардың шығыстары;

г. Өнімді орамдауға жааратылған шығыстары және т.б

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Орауыштың сапасының көрсеткіштерін анықтау.

Осы көрсеткіштерді анықтау үшін бағалаудың келесі әдістерін қолдануға болады:

- Эксперттік балл бойынша;

- Есептер бойынша;

Эксперттік балл бойынша өткізілетін әдістің көмегімен көрсеткіштердің келесі түрлері анықталады:

- Орындалатын функциялардың көрсеткіштері;

- Эргономикалық көрсеткіштер;

- Стандартизациялау көрсеткіші;

- Унификациялау;

Осы әдіс тек сол жағдайларда қолданылады, егер едәуір объективті (инструменталды немесе статистикалық) әдістерді пайдалану қиын болады немесе оларды қолдануға тіптен болмайды. Осы әдіс комиссияның құрамына тақ санда кіретін мамандар пікірлерін есепке алуға негізлделген. Маман-эксперттердің орауыштардың сапасы деңгейін бағалау сұрағында компетенттілігі дәрежесі шамалап бірдей болу керек. Субъективтік әсерін төмендету үшін сарапшылардың сурауы 3 сатыда жүргізіледі. Алдымен сарапшылар бір-бірінен тәуелсіз орауыштың сапасының деңгейіне баға қояды. Содан кейін әр бағаға қысқаша ашық талқылау өткізеді, жеке сұраудың екінші сатысын жүргізеді. Содан соң бір-бірінен тәуелсіз қойылған жаңа бағаларды тағы да қысқаша ашық әңгімеге салып, сарапшылар бір- бірінен тәуелсіз қайтадан жаңа баға қояды. Егер сараптамалық комиссияның мүшелері 2/3 бөліктен төмен емес дауыс берілсе, сол шешім қабылданады. Шектейтін көрсеткіштерді есепке алып шығарылған қорытынды бағаларға негізделген орташа арифметикалық нәтижелерді келесі есептерде бастапқы мәндер ретінде қолданылады.

Есептеу арқылы өткізілетін әдіспен патентті-құқықтық көрсеткіштер анықталады. Осы көрсеткіштердің есептеуін РТМ 64-7-77-74“Методика определения патентно-правовых показателей для оценки технического уровня и качества продукции” бойынша өткізеді.

Орауыштың сапасын бағалауды бағалайтын орауыштың сапасының талдап қорытылған көрсеткішті негіздік үлгі жолымен өткізіледі. Осы кезде негіздік үлгінің көрсеткіштердің номенклатурасы бағалайтын орауыштың көрсеткіштерінің номенклатурасына сай болуы керек.

Базалық (негіздік) үлгі ретінде берілген немесе шет елде шығарылған бағалауды өткізетін уақытта көрсеткіштері ең жоғары (қатаң) талаптарға сай келетін орауышты немесе перспективті үлгі ретіндегі орауышты қолдануға болады. Базалық үлгін бағалау үшін өнімнің жоғары сапасын регламенттейтін көрсеткіштері бар стандартты қолдануға болады.

Негізінде, базалық үлгі ретінде қазіргі уақытта қолданылатын бұйымдарды пайдалану едәуір эффективті болады.

ДДҚ-дардың орауыштары сапасын бағалау келесі әдістердің біреуімен өткізу қажет:

- Дифференциалды әдіс;

- Комплексті(кешенді) әдіс;

- Аралас әдіс

ДДҚ-дың орауыш сапасын барлық жағынан бағалау үшін сапасының талдап қорытылған көрсеткішті қолданып сапасын комплексті бағалау әдісін ұсынады.

Бағалаудың комплексті әдісінде әр көрсеткіш маңызды коэфицент беріледі. Маңызды коэфицентінің мәні сарапттамалық әдіспен анықталады. МК-терді белгілеу үшін интервалы бірге (1) тең нөлден беске дейін сандар қатары қолданылады, сол кезде ең маңызды көрсеткішке МК=5 беріледі, сонда ол келесі көрсеткіштердің маңыызы бойынша бағалау критериі болып саналады.

III-ші көрсеткіш МК-тісін анықтағанда оның маңыздылығын I-ші және II-ші көрсеткіштермен салыстыру керек. Егер сарапшы екі немесе одан да көп көрсеткіштерінің маңыздылығын бірдей деп санаса, сонда оларға бірдей МК беруге мүмкіндігі болады. Талқылау өткен соң сарапшылар әр бөлек көрсеткішке лек мәнін береді.

Комплексті әдісте сапа көрсеткіштерінің орташа мәндері сандарын МК-терге көбейтеді. Пайда болған нәтижелердің қосындысы бағалайтын орауыш сапасының талап қорытылған көрсеткішті Q түзеді. Базалық үлгі үшін сапаны талдап қорытылған көрсеткішін Qб ұқсас жолымен есептейді.

Орауыштың сапасының салыстырмалы көрсеткішті (q) келесі формула бойынша есептейді: q=Q/ Qб

Салыстырмалы көрсеткіштің саны бойынша қарастырылған(бағалайтын) орауыштың сапасын бағалайды. Мысалы,

Егер q>1, қарастырылған орауыштың сапасы базалық үлгінің сапасынан жоғары деп саналады;

Егер q=1, сонда қарастырылған орауыштың сапасы базалық үлгінің сапасының деңгейіне сай деп саналады;

Ал егер q<1 болса, оның сапасы базалық үлгінің сапасынан төмен деп саналады.

Іс-тәжірибелік сабақта берілген тапсырмаларды орындау үшін сіздерге “оценка некоторых показателей функционального назначения упаковки для ГЛС”, яғни “ДДҚ-ға арналған орауыштардың міндетті функцияллардың кейбір көрсеткіштері бағалау” №10 кестені (93 бет) қолдану керек.

Медициналық өнімнің (ДДҚ-дармен МКБ-дардың) орамдауын жетілдіру жұмыстары екі бағытта жүргізуде:

I-орауыштардың жаңа түрлерін зерттеп шығару.

II-өндірісте қолданылатын озат технологияның негізінде орауыштардың бұрынғылардың ескірілген түрлерін прогрессивтті түрлеріне алмастыру.

II бағыт бойынша жетілдіру жұыстары, яғни препараттардың номенклатурасын кеңейту (н-р, наряду с ампульными р-рами данного препарата внедрять аэрозоль этого же препарата и т.д) және ескірген орауыштардың орнына олардың жаңа түрлерін енгізу темптары негізінде келесіге тәуелді:

Өндірісті а) керекті орамдауыш техникасымен;

б) прогрессивті материалдармен қамтамасыз ету керек.

Тара жасау және өнімді орамдау процессінің техникалық деңгейін жағдайын зерттеу бізге өнеркәсіпті өндірістерде және бүкіл саладағы өнімнің орауыш пен орамдаудың сапасы деңгейін бағамдауға мүмкіндік береді.

Тара(орауышты) жасау және өнімді оған орамдау процессінің механизация мен автоматтандыру деңгейін зерттеу жұмыстары бізге келесідей көмек береді:

а) өндірісті ары қарай механизациялау мен автоматтандыруға арналған шараларды шығарып қабылдау үшін тара жасау және оған өнімді орамдау процессіндегі қолмен немесе аз механизацияланған түрде орындалатын өндірістік процесстер мен операцияларды анықтап білуге;

б) тара мен орауыштардың жаңа экономды түрлерін зерттеп шығаруға арналған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілеуге. Осы кезде орауыш материалдардың шығыстарына прогрессивті нормаларын шығар, сонымен бірге оларды өндіріске енгізу және уақытысында қайта қарастыру өте маңызды болады.

Объектіні тексеру саладағы тара жасау және оған өнімді орамдау процессінің техникалық деңгейінің жағдайын зерттеудің біріншілік саты болып саналады. Осы сатыда нағыз (фактические) мәліметтер анықталады. Олардың анализі тара жасау және өнімді орамдау өндірістік жағдайын келесі бағыттар бойынша анықттауға мүмкіндік береді:

- Тара мен орауыштардың құрылымын (структура) зерттеу, соның ішінде тұтынушылық, топтық, транспортты тара мен орауыштардың структурасын зерттеу;

- Орауыш қойылатын талаптарға сай келмейтін өнімдердің номенклатурасын анықтау мақсатымен ДДҚ-дың (МКБ-дың) орауыштар сапасының деңнейін бағалау;

- Орауыш материалдарын жоғарылатылған шығыс нормаларын табу және олардың жоғарылау себептерін анықтау;

- Тара-орауыш материалдардың мөлшері мен номенклатурасындағы қажеттілігін зерттеу;

- Осы материалдардың сапасын және оларға қойылатын өндірістік талаптардың құрамын бағалау.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
II-ші сатысы анкеталарды толтыру көмегімен жүреді. Анкета көмегімен тексеру тара жасау және орамдау саладағы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-консструкторлық жұмыстар қажеттілігі тізімін анықтауға, сонымен қатар зерттеу жұмыстардың дубляжын болдырмауға мүмкіндік береді. Тара жасау және өндірістерде шығарылатын өнімдерді орамдау туралы мәліметтердің негізінде тұтынушылық(біріншілік), топтық және транспортты таралардың структурасы бойынша жинақталған мәліметтерді кесте түрде құрастыруды ұсынады (таблица №11).

Таралардың структкрасы бойынша құрастырылған кесте келесіні анықтауға мүмкіндік береді:

- Өндірісте қолданылатын типі мен өлшемдеріне байланысты таралардың қатарларын;

- Таралардың стандартизациялау дәрежесін;

- Шығару көлемін(мөлшерін);

- Майда сериялық уникалды өнімді табу.

III-ші сатының жұмыстары II-ші сатыдағы мәліметтеріне негіздделген. Сол кезде:

а) технологиялық бағыттарды (тасқындарды-потоки) ірілету және

б) тара жасау мен орамдау процестерінің толық механизациялауды өткізу мақсаттарымен орауыштардың, тығындауыш құралдардың тұрлері және басқа көмекші материалдар бойынша завод ішіндегі мамандандыру өткізеді.

Тара жасау, өнімді орамдау процестері технологиялық жабдықтарды қолдану туралы және оларддың жабдықтардың деңгейі туралы мәліметтерді №12 кестеге толтырады.

Тара жасау және өнімді орамдау операциялардың механизациялау дәрежесі туралы мәліметтерді кестеге толтырады, сол кезде операцияның атауын, жұмысшылардың жалпы санын және соның ішінде жұмысы механизацияланған адамдар саны көрсетіледі.

Кестеге келесі мәліметтерді толтыруға болады:

а) өнеркәсіпті өндірісте немесе толық салада орауыштардың, таралар мен тығындауыш құралдардың жаңа түрлерін ойлап шығаруға арналған ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық өткізілетін жұмыстар туралы мәліметтерді;

б) тара жасау мен өнімді орамдауға арналған техникалық құралдарды зерттеп шығару туралы мәліметтерді;

в) өнімді орамдауға қолданылатын технологияны жетілдіруге арналған ұйымдастыру-техникалық шараларды өткізу туралы мәліметтер;

Орауыштардың қазіргі түрлерін ойлап шығаруда материалдың сапасы ең маңызды фактор болып саналады. Материалдың сапасы оның шығыс нормаларына маңызды әсер етеді және сонымен бірге кәсіпорындардың және толық саланың тара-орауыш материалдардың қажеттілігіне әсер етеді.

Материалдың сапасын бағалау негізінде келесі ұсыныстар құрастырылады:

а) материалдың сапасын жақсартуға арналған;

б) осы материалды қолдануға арналған ұсыныстар;

в) қойылатын талаптарға сай болмаған тара-орауыш материалдарды өндірістен шығарып тастау;

Тара жасау мен өнімді орамдау процестері жүретін участкілердің, цехтардың, өндірістердің техникалық қамтамасыз етілуінің деңгейін бағалау үшін базалық ұйымдар механизациялау: а) жеткен орташа деңгейі

б) оптималды деңгейі бойынша тара-орамдау участкілерді ұйымдастыру типті схемаларды құрастыру керек. Сол кезде әр вариантқа (а, б) теориялық көрсеткішін См есептеу керек.

Процестің механизациялау дәрежесінің бағасы ретінде есептік коэфиценті См болып саналады. Оны келесі формула бойынша табады:

Дм = (Рм/Робщ)*100%;

Дм – механизацияланған жұмыс пен айналысатын жұмысшылардың қамту дәрежесі %;

Рм –тізімдік құрам бойынша әр жұмыс орнында механизацияланған жұмыспен айналысатын жұмысшылар саны, адам;

Робщ –тізімдік құрам бойынша есептеу жүргізілетін жұмыс орнындағы жұмысшылардың жалпы саны, адам.

Нағыз коэфиценті Дм теориялық коэф-пен салыстыру өндірістік техникалық деңгейінің жағдайын бағалауға және бөлшектеу-орамдау учаскелердің механизацияландыруға арналған ұсыныстарды оййлап шығаруға мүмкіндік береді.

ДДҚ мен МҚБ өндірісінде тара шаруашылық жыл сайын прогресс бағытында өзгеріп тұрады, себебі жыл сайын медициналық және фармацевтік өнімдердің номенклатурасы жаңартылады.

ДДҚ мен МҚБ өндірісінде тара шаруашылықты жетілдіру негізгі бағыттарына жатады:

1. Тарасыз контейнерлерде және поддондарда тасымалдауды енгізу жолымен, сонымен бірге көп рет қайтарылатын тараны кең қолдану долымен тара-орауыш материалдардың шығынын максимальды төмендету;

2. Ағаш және картон тараны қайта қолдану санын жоғарылату;

3. Табиғи заттардың орнына оның өңделген қалдықтарын, полимерлі материалдарды, ағаш-талшықты пластиктерді т.б қолданып, тараның жаңа прогрессивті түрлерінің конструкцияларын ойлап шығару.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
4. Прогрессивті технологиялық процесстерді енгізу және жетілдірілген жабдықтарды қолдану, сонымен бірге тара шаруашылықтың техникалық базасын жақсарту жолдарымен тараның барлық негізгі түрлерін жасау және өнімді оларға орамдау процессінің техникалық деңгейін жоғарылату.

5. Тараның типтері мен өлшемдерін унификациялауға арналған жұмыстарды ары қарай жүргізу, сонымен бірге тараның барлық түрлерін жасап шығарған кезінде қойылған стандарттарды бұзбау;

6. Таралық шаруашылықта керекті концентрация(біріктіру) мен мамандыруды орындау;

7. Таралық шаруашылықта бірыңғай техникалық саясатын және өндірістің жоспарлары координациясын (үйлестігін) жүргізу.

Қазіргі техникалық жетістіктермен анықталатын іске асатын мүмкіндіктер негізінде тара жасау және ДДҚ мен МҚБ-дарды орамдаудың сапасын және техникалық деңгейінің дамуы туралы болжауларды ойлап шығару әр жеке дәрілік құралға (МҚБ-ға) МФ, ФС, ГОСТ т.б бойынша қойылатын талаптарын ескерте отырып орындалу керек.

Болжамдалынатын кезеңнің ұзақтылығына қарай болжауларды келесі мерзімдерге шығару керек.

а) 5 жылға дейін – қысқа мерзімді

б) 5-15 жылға – орта мерзімді

в) 15 жылдан жоғары – ұзақ мерзімді болжау

Тара жасаудың және ДДҚ мен МҚБ орамдаудың сапасын және техникалық деңгейінің дамуына болжау жүргізу келесі сатылармен орындалу керек:

1 саты: қажеттіліктерге болжау жүргізу. Оған кіретіндер:

- Болжамдаудың уақытты интервалды анықтау;

- Берілген объектінің белгілі техника-экономикалық сипаттамаларды таңдау;

- Ақпараттарды жинау;

- Қажеттіліктерді анықтау.

2 саты: Тара жасау мен орамдауды елеулі жетілдіруге ббағытталған міндеттерді шешу жағдайларына және мүмкіндіктерге болжау жүргізу.Осы сатыға жатады:

- Алынған ақпараттарды талдау(анализ);

- Болжау картасын құрастыру. Оның негізінде болжамдалынатын кезеңге тара жасауды және орамдау процессін жетілдіруге арналған перпективті шараларды ойлап шығарады.

Болжау жүргізген кезде келесі факторларды ескеру керек:

- Объектінің актуальлігін сақтау қажеттілігін;

- Уақыттық интервалға жүргізілген болжамға болжау жүргізу қажеттілігінің сай болуы;

- Қойылған міндеттерді шешу үшін ғылыми, техникалық және экономикалық алғышарттардың бар болуы;

- Болжау жүргізуді орындау үшін ақпараттардың қажеттілік көздерін ббар болуы;

Болжау жүргізген кезде жүргізген кезде жииірек келесі әдістер қолданылады:

- Экстраполяция әдісі;

- Модельдеу әдісі;

- Эксперттік әдіс.

Экстрополяция әдісі өткен кезеңнің зерттелетін көрсеткіштер мәндерін талдауға негізделген. Осы кезде өзгерістердің заңдылығы мен даму тенденциялары белгіленеді.

Эксперттік әдіс жеке адамдардың, топтпрдың және толық коллективтердің тәжірибесі мен сезуін(интуициясын) қолдануға негізделген. Осы әдіс эксперттік бағалардың әр түрлерін жинаумен, анкета жасаумен, жүйелеумен (системаға келтірумен) және талдаумен байланысты.

Модельдеу әдісі келесі жолмен орындалады: қазіргі болмыста бар болатын қандай болса да құбылыс немесе процесстің даму логикасын зерттеудің негізінде оның болашағына ұқсас моделін ойлап шығарады.

Болжау жүргізу жұмыстарын өткізгенде келесіні қолдану ұсынылады:

а) патентті зерттеулер туралы берілген есептерді(отчеты);

б) техниканың деңгейі туралы шолуларды және т.б

Болжау жүргізу нәтижелердің экономикалық бағалауда қажеті:

а) оптималды вариантты таңдау мақсатымен болжамдалынатын варианттарға баға беру;

б) болжамдалынатын шараларды орындауға қажетті материалдары шығындардың мөлшерін анықтау;

в) болжаулардың нәтижелерін жүзеге асыру мүмкіндіктерге баға беру.

Болжау жүргізу тұтас жұмысының құрамына кіру керек:

а) тара мен орауыштарды, орамдау технологияны, қолданылатын жабдықтарды жетілдіруге, экономикалық пайдалы тара-орауыш материалдарды іздестіруге қойылатын негізгі талаптар.

б) ДДҚ-дар мен МҚБ өндірісіндегі тара шаруашылықты жетілдіруге арналған барлық жұмыстардың халық шаруашылықтың басқа салаларына ойланған әсері.

Болжау перспективті жоспар озып жүру керек. Болжау жүргізудің нәтижелері тара жасау және ДДҚ мен МҚБ орамдау сапасын және техникалық деңгейін жоғарылату ұзақ мерзімдік перспективті жоспарларды зерттеп дайындау кезінде бастапқы мәліметтер ретінде болу керек.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов