Лекцияның жоспары:
1. Жағар майлар, пасталар, кремдерге арналған орауыштардың түрлері.
2. Оларда бөлшектеуге және орамдауға қолданылатын машиналар мен автоматтар.
Қазіргі кезде қолдануына байланысты жағар майлар 3 топқа бөлінеді: емдік, косметикалық, қорғайтын. Косметикалық жағар майлар өздері 3 топқа бөлінеді: емдік – профилактикалық, гигиеналық және декоративті.
Қазіргі кезде жағар майлар, негізінде, қарапайым және ұшы ұзартылған алюминий тубаларда және ауызы кең шыны флакондарда (құтыларда). Жағар майлардың құрамына кіретін әсеретуші (дәрілік) заттардың ыдырауын болдырмау үшін алюминий тубалардың ішін эмаль немесе консерві жасайтын тараға арналған лакпен жабал,ды. Тубалардың сыртын жазуды оңай түсіру үшін эмальды бояғышпен (краска) жабады. Тубаларды жасау үшін алюминийдін А – 6 және А – 7 маркалары қолданылады.
Косметикалық жағар майлар мен пасталарға сонымен қатар көлемі және формалары әр түрлі полимерлі тубалар мен пластмассты құтылар қолданылады.
Алюминий тубаларды жасау қымбаттау болғанымен емдік (дәрілік) жағар майларға бәрі бір іс – тәжірибеде полимерлік материалдардан жасалынған тубалар қолданылмайды. Оны келесімен түсіндіруге болады: полимерлі тубадан кремді (пастаны) қысып шығарған соң, туба, эластикалық қасиетіне байланысты, бастапқы қалпына қайтады. Сол кезде сыртқы ауаны туба ішіне сорады. Туба ішіне кірген ауа жеңіл тотығатын заттардың тұрақтылығына немесе көзге арналған жағар майлардың және құрамында антибиотиктер бар жағар майлардың стерильдігін сақтауына кері әсер етеді. Ал шет елдерде қазіргі кезде металдың жұқа қабаты бар тубадан өнімді шығарған соң оның деформациясын бір қалыпта ұстайтын полимерлі тубалардың жасауын бастаған.
Әдетте, қарапайын алюминий тубалардағы жағар майлардың дозасын дәл өлшеуге мүмкіндігі жоқ. Сол себепті құрамында ұзақ сақтаған кезде белсенділігін жоғалтатын заттары бар (мысалы, антибиотиктер, гормондар және т.б.), ұзы және күшті әсер ететін заттары бар, жеңіл тотығатын және тез ыдырайтын заттары бар жағар майларды 5, 10, 20 г – дың кішкентай тубаларда немесе бір реттік дозасы бар орауыштарда шығару тиісті. Дағдыдағыдай, тубаның өнімді шығаратын ұшы дәнекерленген түрде болады (дәнекерлеуді тубаның өз материалымен жұқа қабаттап жасайды). Сонда тұтынушыға тубадағы жағар майдың өзі екендігін және тазалығын тексеру мүмкіндігі бар (КПВскрытия – алғашқы ашуының бақылауы – ААБ). Барлық тубалар бұрап (винт оймасы бар) кигізілетін бушондармен ( қақпақтармен ) жабылады. Олар көп қабырғалары бар немесе ұшы кесілген ұзартылған рифлениесі бар конус түрде болады. Әдетте бушонның ішінде тубаны алғашқы ашуын қамтамасыз ету үшін ұштығы (наконечник) бар.
Тубаны толтырған кезде ауаны толық шығаруы оларды едәуір гигиеналық және ыңғайлы орауыш ретінде санауға мүмкіндік береді. Тубалар тасымалдау, сақтау, қолдану кезіңде жағар майларды кедергі механикалық, атмосфералық және т.б. әсерден қорғайды.
Соңғы кезде көп елдерде (Россия, Прибалтика, шет елдерде және т.б.) тубадан өнімді дозалаған түрде шығару үшін әр түрлі қондырғылар зерттеп тапқан, мысалы:
А) тубаның сыртына жағар майды дозалау үшін бөлетін сызықтарды түсіру. Бірақ бұл кезде жағар майдың дозалауы дәл болмайды.
Б) қақпақты тубадан алған соң, оның ұшына қондырғыны кигізу арқылы. Осындай қондырғылар картон пачканың (пеналдың) ішіне туба, қондырғыны қолдану туралы инструкция – қағазымен бірге салады. Олар мөлдір пластмассадан ұзын қуыс ішіне поршень салынған түтік түрде жасалынады. Олардың 2 тесігі болады: 1 – ші тесігі қондырғыны жағар майы бар тубамен біріктіру үшін түтіктін жанында (сбоку) орналасады; 2 – ші түтіктің ұшында орналасқан тесіктен поршень көмегімен өлшеп алған жағар май сыртқа шығады. Осындай қондырғылар жағар майларды дененің қуыстарына дозалаған түрде енгізуге мүмкіндік береді.
В) камералық дозаторлар негізгі және длзалайтын камералардан тұратын туба түрде болады. Екі камераның арасында клапан орналасады. Алдын – ала дозалайтын камера жағар маймен тоғанша негізгі камераны қысады. Содан соң шығаратын шығаратын ұшын ашып, дозалайтын камерадан жағар майды сыртқа шығарады. Тубаның ішіндегі клапан тек қана бір жағына дозалайтын камераға қарай майысу мүмкіндігі бар түрде бекітілген. Сонда жағар майды сыртқа шығарып жатқанда, негізгі камерадан дозалайтын камераға өнім өте алмайды.
Полимерлі тубалардың ішіне қолданған кезде ауаның өтуін болдырмау үшін шығаратын тесікте клапанды қондырғылары бар конструкциялардың бір қатары зерттеп табылған. Мысалы, қарапайым бушонның шығарғыш тесікпен аяқталатын орталық каналы бар арнайы қондырғы қолданылады. Тубаның ішіне қысым жоғарлаған кезде шығарғыш тесікті жабатын серпімді (упругая) мембрана ашылады (отгибается – жазылады), қысымы төмендегенде мембрана тесікті жауып ауа кіргізбейді. Бірақ осы қондырғы жағар майды дозалауға жағдайды жасамайды, сол себептен ол тек қана сыртында дозаға бөлетін сызықтары бар тубаларда және қарапайым полимерлі тубаларда қолданылады.
Туба тығындауыш құралдарды жетілдіру үшін шешілетін бушонды (қақпақты) арнайы бекіткіш (затворные) қондырғыларға алмастыру мен байланысты қазіргі кезде көп жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: екі конусты бөліктен және олардың арасында айналмалы қақпақтан тұратын қондырғыда. Екі конустағы шығарғыш тесіктерін айналмалы қақпақпен айналдырып бір біріне қосқанда жағар майды тубадан шығаруға болады.