Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Лекцияның жоспары:
1.    Қатты ДТ – дің жалпы сипаттамасы.
2.    Сусымалы қатты ДТ – ді орамдау. Қолданылатын машиналар мен автоматтар.
3.    Даналы қатты ДТ орамдау. Қолданылатын мен автоматтар.
 
Қатты ДТ – дің жалпы сипаттамасы.  №2 лекциядан қатты ДТ – лердің 2 топқа: сусымалы (ұнтақтар, түйіршіктер және т.б.) және даналы (таблеткалар, драже, капсулалар және т.б.) бөлінуі туралы белгелі.
Сусымалы қатты ДТ дозаланған және дозаланбаған түрде өндірісте шығарылады. Дозаланған сусымалы ДТ көбінесе ішке қолданылады, сирек олардан сыртқа қолданылатын ерітінділер дайындайды: шайма, клизма және т.б. Дозаланбаған сусымалы ДТ – ді ішкеде сыртқада қолдануға болады (ұнтақтар сеппе ретінде, түйіршіктер, жинақтар – тұнба немесе қайнатпаларды дайындау үшін). Бірақ осындай жағдайда науқастың өзі дәріні  дозалау керек, сол себепті дозалайтын қондырғыларды зерттеп шығару актуальды болады.
Даналы дәрілік түрге 1 дозаны қабылдаған кезде қалған дозалардың герметикалығын, гигиеналығын, тазалығын, кейбір жағдайда (глн, суппозиторилар, балаларға арналған ДТ – лер үшін) стерильдігін, сақтайтын орауыштарды зерттеп шығару актуалды болады.

Сусымалы ДТ – ді орамдау. Оларда бөлшектеуге және орамдауға қолданылатын машиналар мен автоматтар.
Фармацевтикалық өнеркәсірте дозаланбаған сусымалы ДТ – ге арналған көмекші орауыш құралдар шығарылады: белгілері бар полимерлі және пластмассты стаканчиктер, бір дозаның көлемі бар қасықтар. Осы құралдар әдетте сусымалы ДТ салынған флакон және инструкция қағазымен бірге картон пачкада орамдалынады.
Шет елдерде сусымалы ДТ салынған көп рет қолдануға арналған орауыштарды шығарады. Олар препаратты дозалаған түрде босату үшін әртүрлі конструкциясы бар қондырғылармен қамтамысыз етеді, мысалы:
1.    Ең кең қолданылатын дозалайтын қондырғылар 2 – камералық жүйе түрде болады.№1 – ші камера сырттан жабылған, бірақ ол дәрі салынған құтының қуысымен және ішкі №2 – ші дозалайтын камерамен қатынасады. Осы екі камералардың (№1 және №2) арасында ұнтақтың жылжуын бағыттайтын және дозаны жалпы көлемге бөлетін қиғаш тұрған қабырға орналасады. Осындай дозалауыш қондырғылардың бірнеше түрлері бар. Мысалы: ұнтақ салынған құтының ауызына осындай дозатор тығын ретінде салынады. Осы тығының ішінде фигуралық қабырғалармен бөлінген №1 және №2 камералар орналасады. Дозалайтын камераның үстінде өнімнің 1 дозасын шығару үшін ашылып жабылатын тесігі бар (окошечко). Осы дозатордың жұмыс істеу принципі келесіде: флакон 40 – 450 еңкейіткенде ұнтақ №1 камераға төгіледі, содан соң қабырғадан өтіп дозалайтын №2 камераға барады, ол толғанша. Содан соң флаконды басқа жаққа (центрден 300) еңкейтеді,  сол кезде ұнтақтың артығы №1 камерадан құтыға қайтады. Содан соң флаконды тағыда бірінші жаққа 300 дейін еңкейтеді, шығаратын тесігін ашып. Сол кезде ұнтақтың 1 дозасы сыртқа шығады. Фигуралық қабырға осы кезде флакондағы ұнтақтың дозалайтын №2 камераға өтуін болдырмайды.
2.    Көп дәрілік препараттарға оларды қолданған кезде дозасын реттеуге немесе едәуір жиі қолданылатын дозаларға дозалайтын камераның көлемін дискретті түрде орнату. Мысалы, калий перманганатын 10, 25 және 40 мг – нан дозалауға осындай дозатор зерттеп  шығарылған. Осы дозалар тамақты, ауыз қуысын, жараларды шаю үшін  сайма – сай (соответственных) ерітінділердідайындауға арналған. Осы дозатор 2 бөліктен тұрады: 1. Флаконның ауызына тығыз салынатын тығындауыштан және, 2. Тығындауыштың үстінде орналасқан айналдыратын қақпақтан.
Тығындауыш пен қақпақтағы шұңқырлары бірқатар камера түзеді. Қақпақтың ішінде алғашқы камерасы бар. Флаконды аударған кезде оның ішіндегі КMnO4 алғашқы камераға барады. Тығындауышта 3 көлемі әртүрлі дозалайтын камералар орналасқан. Тығындауыштың бетінде белгілер бар. Айналдыратын алғашқы камерасы бар қақпақта керекті белгіге дейін бұрғанда, оның ішіндегі ұнтақ керекті дозалайтын камераға төгіледі, содан соң шығаратын тесігін ашып керекті дозаны сыртқа төгеді. «0» қалпында құты жабық болады. Дозатордың шығаратын каналы бастапқы кезде қабырғамен жабық түрде жасалынады (алғашқы ашуын бақылау). Оның артықшылықтары:
    дозалардың дәлдігі жоғары;
    дозатордың жасау, оған орамдау қарапайымдылығы;
    қолдану қарапайымдылығы.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Сусымалы ДТ бөлшектеу мен орамдауға қолданылатын машиналар және автоматтар.

    Әдетте, фармацевтикалық өнеркәсіпте қарапайым және күрделі ұнтақтар, түйіршіктер  көп дозалық орауыштарда (бөлінбеген түрде) шығарылады.
    Сусымалы ДТ бөлшектеуге көлемдік принциппен істейтін арнайы дозаторлар қолданылады а) шнекті; б) вакуумды.
    Көлеммен бөлшектейтін дозаторлардың артықшылықтары:
    құрылысы қарапайым;
    өнімділігі жоғары (300 доза 1 минутта);
    салыстырмалы ауытқуы ±2 – 3%.
Кемшіліктері:   
    Дозаның мөлшері төмендегенде және дозалау (бөлшектеу) жылдамдығы жоғарлағанда бөлшектеу дәлдігі төмендейді
1.    Шнекті дозатордың жұмыс істеу принципі: бункердегі (1) ұнтақ реттеуіш (регулятор)  және бағыттайтын араластырғыш (13) көмегімен дроссельді клапан (4) арқылы тиеуші воронкаға (2) барады. Воронканың ішінде ұнтақтың мөлшерін бір деңгейде ұстап тұрады. Ұнтақты құтыға (6) дозалауы (бөлшектеуі)  вертикальды орналасқан дозалайтын иненің бұрылу кезіңде өтеді.
2.    Камералық вакуумды дозатордың жұмыс істеу принципі: Өнім тиеуші воронкаға (1) салынады, оның ішінде 2 (2,3) (біреуі горизонтальды, екіншісі вертикальды ось бойынша) айналып тұрған араластырғыштар орналасады, олардың көмегімен ұнтақ толықтырғыш камерадын (4) біркелкі тарайды. Камераның (4) түбін айналмалы 8 дозалайтын ұяшығы бар ротор жабады. Ротордың ортасынан дозаны белгілейтін әр ұяшыққа кіріп тұратын 8 поршень шығып тұр. Ротор дискретті түрде айналып тұрады, дозалауыш ұяшық толтырғыш камераға келгенде, қашан ол толғанша, ротор қимылсыз тұрады. Ұнтақ ұяшықтың ішіне вакуум арқылы сорылады. Содан соң ротор 1 циклға айналады. Әр 2 циклдан соң ротордың сыртқы беті ракельмен (8) тазаланады. Келесі 2 циклде ұяшықтын тесігі флаконның ауызымен бір біргімен сәйкестендіріледі, сол кезде ұнтақ сығылған ауаның қысқа импульс арқылы флаконға төгіледі.
Сусымалы ДТ – ді көлеммен бөлшектегенде дозалаудың дәлдігі  төмен, себебі дозатор сілкігенде масса тығыздалады, сонда бір флаконға көп ұнтақ төгілуі мүмкін.
3.    Салмақпен бөлшектеу автоматты тараз көмегімен өткізіледі. Тараз  әкпіш тұрады, оның бір жағынан өлшенетін тастарды салатын табақша, екінші жағында – түбі ашылатын дозалайтын табақша бар. Ұнтақ әктіш теңгергенше салынады, сол кезде бункер автоматты түрде жабқышпен жабылады, ал дозалайтын табақшаның түбі ашылып ұнтақты қойылған флаконға төгеді. Содан соң табақшаның түбі жабылады, цикл қайта басталады.
Дозаланбаған сусымалы ДТ әдетте 30, 50, 100 г-нан шығарылады. Ішке қолданылатын сусымалы ДТ тұтынушының өзі дозалайтын қасықпен, немесе автоматты дозалайтын қондырғылар көмегімен керекті мөлшерін алады. Негізінде, дозаланбаған ұнтақтардың көбісі сыртқа сеппе түрде, немесе олардан дайындалған ерітінділер түрде (шайма және т.б.) қолданылады.
4.    Кейбір жағдайларда сусымалы ДТ дозалаған түрде шығару керек (құрамына күшті әсер ететін заттары, антибиотиктері бар). Оларды келесі орауыштарға орамдайды:
А) салмақпен немесе көлеммен бөлшектейтін автоматтарды қолданып қақпағы, қақпағы бар катты желатинді капсулаларға салу арқылы;
Б) термобалқыту арқылы жабыстырылған пленкалық пакеттерге салу арқылы.
А) Ашылатын (2 бөліктен тұратын) катты желатинді капсулаларға сусымалы ДТ бөлшектеу мен орамдау үшін әртүрлі фирмалардың автоматтары қолданылады. Олардың өнімділігі 20 мыңнан 150 мың/сағ., дозалау дәлдігі ±2 – 5%. Бөлшектелетін ДЭ – тың сусымалдылығына және түйіршіктілігіне байланысты қолданылатын автоматтарды шнекті, табақшалы, поршеньді, вакуумды немесе вибрациялық дозатормен қамтпмасыз етеді. Мысалы, МG – 2 (Италия)  автоматта жабық капсулалар бункерге салынады, одан олар бағдарлау (ориентация) блогына жиберіледі. Бағдарлау блогы – айналмалы, 20 ұяшықтан тұрады, олардың ішіне капсулалар түбі төмен, қақпағы жоғары қарап орналасады, содан соң толтырғыш блогына өтеді. Осы жерде вакуум көмегімен капсулалардың қақпақтары ашылады, түбі жағына ДТ салынады, содан соң қақпақтары қайта жабылады. Толтырылған капсулалар бракераж позициядан өтеді: осы жерде вакуум астында бос және жартылай толған капсулаларды бөліп алады. Содан соң капсулалардың қақпақтарын шамалы балқытылған желатин лентамен жабыстыру немесе ПВС ерітіндісімен бүркеу арқылы бекітеді, сыртын ДЗ – тан үрлеу арқылы тазартып жылтыратады. Содан соң капсулаларды шыны, полимерлі флакондарға, алюминий түтіктерге бөлшектейді, немесе контурлы ұяшықты орауыштарға орамдайды.
Б) Сусымалы ДТ – ді термобалқытып жабысатын пленкаға бөлшектеу мен орамдау үшін Печерский П.П. және Поздняков В.Т. (1971) автомат зерттеп шығарды. Дозалауыш қондырғының негізінде автоматты тараз қолданылады. Индукциялық датчик сусымалы ДТ – дің дозалау дәлдігін қамтамасыз етеді. Автоматтың жұмыс істеу принципі: тартылып жылжып жатқан пленканың бетіне автоматты тараздағы дозалайтын табақшадан ДТ төгіледі. Келесі позицияда ДТ – дің беті  2 – ші пленкамен жабылады, келесі позицияда екі пресстін арасында термобалқыту арқылы пакеттер түзіледі (40х40 мм). Пакеттердің арасында бір мезетте кесіктер бір біріне оңай ажырату үшін жасалынады.
Осындай орауыштар ДТ – ге герметикалық жабылуын, ылғалдық өткізбеуін, гигиеналығын қамтамасыз етеді. Салмақпен бөлшектеудін дәлдігі жоғары болады (±2%).
Қою және тұтқыр ДТ – ге бөлшектеу мен орамдау әдісті қолдануға болады, бірақ екі полимерлік пленка вертикальды түрде бобинадан жіберіледі, қою өнім түзілген пакетке құйылады, содан соң пакетті герметикалық термобалқыту жолымен дәнекерлейді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Даналы қатты ДТ – ді орамдау.
Оларға таблетка, дражемен қатты КДП, суппозиторияларды, ішінде қою, тұтқыр, сусымалы ДЗ – ры бар капсулаларды, дәрісі бар ампулаларды жатқызуға болады.
Таблеткаларды орамдау. Таблеткалар ДТ ретінде көп артықшылықтарына байланысты ең кең қолданылатын дәрілік құрал. Олардың шығарылатын мөлшері 70%-тен асады. Сол себептен таблеткалардың орауыштарын әрі қарай жетілдіру жұмыстары көп жүргізіліп жатыр. Олардың мақсаттары келесіде:  а) таблетканың құрамына кіретін препараттардың сақталуын жоғарылату;
б) орауыштың тұтынушылық қасиеттерін жақсарту.
Бірақ өндірісте таблеткалар және т.б. даналы ДТ – лер әртүрде өлшемдерде шығарылады. Олар әртүрлі өлшемдегі орауыштарды талап етеді. Сонда бөлшектеу мен орамдауын, машиналар мен автоматтардың әртүрлілігі өндірістін техникалық дәрежесіне кері әсер етеді. Сол себепте даналы ДТ – ді орамдау өндірістің өнімділігін жоғарылату үшін, процессті толық механизацилау мен автоматтандыру үшін даналы өнімдерді стандарттау қажет. Салалық НТҚ бойынша таблеткаларының диаметріне стандартты қатар берілген. Оның ішінде 6 – дан 14 – ке дейін өлшемдер бар (4 мм – ден 20 мм – ге дейін), сонымен бірге таблеткалардың биіктігіне және диаметіріне ауытқулар берілген.
Таблетканы физикалық дене ретінде сипаттайтын, оларды бөлшектеу мен орамдау кезінде ең маңызды негізгі параметрлерге:
A.    олардың геометриялық формасы мен өлшемдері (диаметрі, биіктігі және олардың қатынасы);
B.    таблетканың көлемі;
C.    таблетканың тығыздығы;
D.    таблетканың орташа массасы жатады.
75%-дейін шығарылатын таблеткалардың диаметрі 13 мм – дейін, кең қолданылатын диаметрлері – 6, 7, 9 және 12 мм.
Бірдей массадағы таблеткалардың атауына, құрамындағы заттардың табиғатына байланысты тығыздығы әртүрлі болады (1,05 – тен 1,85 г/см3 – дйін ).
Таблеткалардың биіктігі оның диаметрінің т30 – 40% құруы керек.
Таблеткалардың диаметрі мен биіктігіне байланысты өлшемдік қатарларды құрастыру орауыштардың номенклатурасын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даналы ДТ – ді орамдауға қолданылатын технологиялық жабдықтарды унификациялауға мүмкіндік береді.
Бірақ суппозиториялардың, ампулалардың даналық орамдаудың өзіне сай ерекшеліктері бар.
Инъекциялық ДТ – рі бар ампулаларғада өлшемдік қатарлар құрастырылған, сондықтан олардың гофрирленген салғышы бар картон пачкаларға және контурлы ұяшықты  орауыштарға орамдау процессінде унификацияланған болып келеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Даналы ДТ бөлшектеу мен орамдауға қолданылатын машиналар және автоматтар.

Осы кезге дейін кейбір даналы ДТ – ді (таблетка, драже, капсула) шыны және пластмассты флакондарға, шыны, алюминий, полимерлі түтіктерге (пробиркаларға) бөлшектеп орамдайды. Флакондарды бұрап немесе тартып кигізілетін қақпақтармен жабылады. Соңғы кезде осындай қақпақтарды ААБ – элементімен жасайды. Түтіктерді тығыздайтын элементі бар полимерлі тығындауышпен жабады. Құтыларды мақта тампонсыз тығындау үшін бұрап жабылатын қақпақтар және полимерлі тығындауыштар амортизациялық серіппемен қамтамасыз етіледі. Түтіктерге әдетте ДТ – дің 10 данасын салады, сирек – оданда көп, мысалы, нитроглицерин таблеткаларды 40 данадан орамдайды. Флакондарға әдетте даналы ДТ – ді (таблетка, драже, капсула) 10, 20, 30, 50 және 100 – ден салынады. Флакондар МТО, ОС, ОС – 1 шыны маркалардан, ПС, ПК, ПЭ – мөлдір немесе мөлдір емес полимерлерден жасалынады.
І. Даналы ДТ – ді флакондар мен түтіктерге бөлшектеу үшін жартылай автоматты есептеуіш машина «Ротакс» қолданылады. Оның құрамында 1, 2, 3, 4 екі ағынды линейкалары бар. Столдың үстінде таблеткалар салынған бункер арнайы  тіреуде орналасады. Бункердің түбіндегі поршень көмегімен таблеткалар көтеріліп айналмалы дискіге барып, линейкалардың арықтарына жатқан түрде  тіреуішке дейін түседі. Белгілі арақашықтықта шектегіш орналасқан, ол линейканың екі арықтағы екі флаконға бір мезетте салынатын таблеткалардың санын белгілейді. Столдың астында басқыш (педаль) бар, соны басқанда шектегіш жабылады, сонымен бірге тіреуіш ашылады, линейканың арықтағы таблеткалар флаконға түседі. Педальды жібергенде, шектегіш ашылады, ал тіреуіш жабылады – цикл қайта басталады.
Кемшіліктері: - қол жұмысы көп, өнімділігі төмен, флакондарды қолмен тығындап, қақпақтарын бұрап жабады.
2.Электронды – есептеуіш бөлшектейтін машина (ЭСМ). Ол даналы ДТ – ді флакондар мен түтіктерге автоматты есептеуін және бөлшектеуін қамтамасыз етеді. Өнімділігі өте жоғары (180000 таб/мин дейін). Оның жұмыс істеу принципі келесіде: бункерден таблеткалар шаңсыздандыруға арнайы лотокқа барады, содан соң бөлгіш көмегімен тегіс сызық түрде екі ағында (ручеек) бөлініп есептеуіш қондырғыға жылжиды.
Есептеуіш қондырғы оптикалық жүйеден, жарық көзінен, фотоэлементтерден және электросчетчиктен тұрады. Жарықтың сәулесі оптикалық жүйеден өтіп фотоэлементтін бетінде фокус құрайды. Айналмалы столдан түскен таблетка жарықтың сәулесін үзеді, сол кезде электротізбеде үзіледі. Электросчетчик электротізбенің үзілген сигналдары бойынша флаконның ішіне түскен таблеткалардың санын анықтайды. Бір мезетте 2 орауышты толбыруға болады. Таблеткалардың керекті санын есептеп болғанда электросчетчик автоматты түрде таблеткалардың жылжуын бағыттайтын жапқыштарды келесі бос екі флакон  (немесе түтікке) алмастырылады. Түтіктерді толтыруда бір ерекшелігі бар: роликтер көмегімен түтіктер айналып тұрады, сол кезде олардың ішіне түскен таблеткалар горизонтальды орналасады.
ІІ. Даналы ДТ – ді контурлы ұяшықсыз орауыштарға орамдау арнайы автоматта (АУТ) жүреді. Орамдауыш материалдар ретінде:
A.    қ.ж. ПЭ – мен ламинирленген орауыш қағаз (таблетка, пластыр және т.б.);
B.    бір жағы қ.ж. ПЭ – мен қапталған алюминий фольга қолданылады.
«АУТ» типті автоматтың А1 – АУ – 2Т моделі бұлайша істейді: бағыттайтын роликтер жүйе арқылы бобино ұстағыштан екі орамдауыш лента (ені 50 – 55 мм)  термобалқытып бір біріне жабыстыратын барабандарға барады. Вибробункерден спираль тәріздес лоток арқылы таблеткалар қиғаш тұрған бағыттауыштарға  түседі. Бағыттауыштардың жалпақтығы таблеткалардың диаметріне байланысты реттелінеді. Содан соң таблеткалар дистанциондық қондырғыға барады, оның көмегімен каблеткалар орауыш лентаға белгілі қадаммен 2 қатарға орналасып, үстіне екінші орауыш лентамен жабылады. Екі қыздырылған барабандардың арасынан өтіп, орамдауыш пленкалар үздіксіз бір біріне термобалқыту арқылы жабысады. Содан соң дайын лента таблеткалардың керекті қос санына байланысты автоматта орналасқан арнайы қайшы көмегімен тіліктерге кесіледі. Тіліктер қабылдағышқа түседі немесе транспортермен оларды картон пачкаларға орамдайтын автоматқа барады. АУТ өнімділігі 400 – 800 орам/мин. А1 – АУ3 – Т және А1 – АУ1 – Т модельдердің өнімділігі 615 – 1000 орам/мин., лентаның ені 50 – 60 мм, таблеткалардың диаметрі 12 мм – ден, биіктігі 4 мм-ден жоғары емес.
ІІІ. Қазіргі кезде кең қолданылатын орауыштың түрі – контурлы ұяшықты орауыш, себебі ол бір қатар артықшылықтарға ие. Атап айтқанда:
    әдемі сыртқы түрі;
    қолдануы ыңғайлы, қайта жабуды, герметикалығын тексеруді талап етпейді;
    сумка немесе қалтада тасымалдауға қолайлы;
    орауыштың өзі компактлі, массасы минимальды, жеңіл жойылады;
    дәрінің 1 дозасын қабылдаған кезде қалған дозалардың тазалығы сақталады;
    орауыштың бастапқы формасын бір қалыпта ұстауға қабілеті бар, сонда орамдалған ДТ – ді механикалық кедергіден сақтайды және т.б. арақшылықтарға ие.   
Контурлы ұяшықты орауыштар екі элементтен тұрады:
1.    термиялық қалыптау арқылы ұяшықтарды түзетін пленкадан;
2.    ДТ – мен ұяшықтарды толтырған соң үстін жабатын пленкадан.
Бірінші элемент ретінде келесі материалдар қолданылады:
a)    қатты пластификацияланған емес нгемесе шамалы пластификацияланған (жұмсартылған) ПВХ пленкасы: қалындығы 0,2 – 0,35 мм және жоғары (гигроскопиялық емес таблеткаларға, ерітінділері бар ампулаларға және т.б.);
b)    поливиниллиденхлоридпен немесе галогенирленген этиленмен бір жағынан қапталған ПВХ – пленкасы: гигроскопиялық таблеткалар мен капсулалар үшін, себебі олардың бу және газ өткізбеуіштігі едәуір жоғары;
c)    гигроскопиялық ДТ – ге ПП – пленкасы ұсынады, бірақ ол едәуір қаттылау болғандықтан, ұяшықтарды қалыптауға кейін барады;
d)    полиэстермен немесе нейлонмен ламинирленген ПВХ пленкасы – балалармен ашылмайтын орауыштарды жасау үшін.
Екінші элемент ретінде келесі материалдар қолданылады:
a)    картон қағазы;
b)    ПЭ – мен ламинирленген қағаз;
c)    ішкі жағынан клей немесе терможабысатын полимерлер, сыртқы жағынан эмаль немесе лакпен өңделгеналюминий фольга, әсіресе гигроскопиялық ДТ ұсынады.
Өндірісте даналы ДТ – ді контурлы ұяшықты орауыштарға (КҰО) орамдау үшін машиналардың бірнеше түрлері қолданылады. Олардың айырмашылығы пленкада ұяшықтарды қалыптау тәсіліне негізделген:
Пленкада ұяшықтарды үздіксіз қалыптайтын автоматтың жұмыс істеу принципі келесіде: бобинадан ПВХ пленкаұяшықтарды вакуум көмегімен қалыптайтын барабанға барады.барабанның сыртындағы қыздырғыш көмегімен пленканы жұмсартып вакуум арқылы барабанның ұяшықтарына сорып алады. Сол кезде пленка керекті формаға келеді. Содан соң бункерден ұяшықтарға таблеткалар салынады, үстінен екінші бобинадан келген басқа пленкамен (қағаз, фольга) жабылып екі барабан (үстінгі – ыстық, астынғы - -мұздай) көмегімен термиялық жабыстыруды өткізеді. Бір мезетте орауышқа өрнек салынады: серияның № -рін және ДТ – дің жарамдылық мерзімін. Түзілген лента дайын дайын орауыштарды кесетін штамптан өтеді, қалған лента рулонға жиналып қалдықтарды кесу операцияға жіберіледі.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ұяшықтарды циклмен (дискретті түрде)қалыптайтын автоматтың артықшылығы – күрделі формасы бар ұяшықтарды жасауға болады, мысалы, ампулаларға, капсулаларға, ылғалды сорғышпен орамдалатын ДТ – ге арналған және т.б. Оның жұмыс істеу принципі келесіде: ілгек тәрісдесқондырғы арқылы пленка дискретті түрде (циклді) жылжып пластикалық жағдайға дейін қыздырылады. Келесі позициядағы қондырғы матрицалары бар жылжымалы престен және пуансондары бар жылжымайтын плитадан тұрады. Осы жерде пленкада ұяшықтар түзіледі (пресс үдемелі – қайтатын қозғалыс жасайды). Егер ұяшықтың формасы терең жәгне күрделі болса, пленканы пуансондармен механикалық жолымен басқан соң, пуансондағы майда тесіктерден сығылған ауа жіберіледі. Оның қысым әсерімен жұмсарған пленка матрицаның ұяшықтары тығыз жабысып оның формасына келеді. Матрица сумен салқындатылыа тұрады, сол кезде пленка қатады. Келесі операциялар жоғарыдағы автоматтың операциясына ұқсас өтеді. Таблеткалар (және т.б.) өндірісінде «Hassia», «Hofliger - Harg» (ФРГ фирмаларынын) автоматтары кең колданылады. Олардың конструкциясы әртүрлі болғанымен жұмыс істеу принципі бір. Олардың өнімділігі даналы ДТ – дің өлшемдеріне байланысты 1 сағатта орауыштардың саны 4800 – ден 9600 – дейін болуы мүмкін.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ