Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Лекция жоспары:
    Сұйық және қою дәрілердің жіктелу мен сипаттамасы.
    Тамшымен дозалау. Тамшылатып дозалайтын қондырғылар.
    Көлемдік дозалау.
    Сұйық және қою дәрілерді бөлшектеу мен орамдауға арналған машиналар мен автоматтар.
Сұйық және қою дәрілердің жалпы сипаттамасы.
Сұйық және қою дәрілік түрлер қазіргі дәрілердің ассортиментінде 60% - аса шығарылады, себебі олар бір қатар ерекшеліктерге ие:
    Дайындау қарапайымдылығы;
    Бөлшектеу мен көлеммен өлшеп алу қарапайымдылығы;
    Дозалау варианттарыныңкөптігі (осы артықшылық балалар медициналық іс – тәжірибесінде кеңінен қолданылады);
    Биологиялық тиімділігінің жоғарылығы және терапевтік әсерінің тез басталуы;
    Қолдану қарапайымдылығы және т.б.
Сұйық және қою дәрілік түрлер – бұл бос дисперсті жүйелер, яғни сұйық дисперсиондық ортада дәрілік зат біркелкі таралған. Сұйық және қою дәрілік түрлер дәріханада және өндірістік жағдайларда дайындалады. Олардың бөлшектеп – орамдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың келесі жүктеулерін білу қажет:
    Дисперсиондық ортасының табиғатына байланысты: спиртті, сулы, майлы және т.б., себебі ол ерітіндінің тұтқырлығына әсер етеді;
    Медициналық қолданылуына байланысты:
    Ішке қолданылатын (АШТ – сы арқылы);
    Сыртқа (энтеральды) қолданылатын (теріге шырышты қабаттарға ерітінділер, шаймалар, клизма, мұрынға, көзге арналған тамшы ретінде және т.б.);
    Парентеральды немесе организмге теріні зақымдау арқылы енгізілетін (инъекциялар мен инфузиялар).
Соңғы дәрілік түрлердің жіктелуі дәрінің технологиясына, дайындау жағдайларына, орауыш материалдың және орауыш түрін (конструкциясын) таңдауына әсер етеді.
Мысалы, көзге арналған тамшыларды асептикалық жағдайда дайындалады, ал орауышты жасау үшін бір жағынан термиялық немесе химиялық стерелизацияға төзімді, екінші жағынан мөлдір, механикалық қоспалары болмауын тексеруге мүмкіндік беретін материалды таңдау керек. Орауыштың түрі бірінші ашуын тексеруге, дәрінің стерильдігін, герметикалық жабылуын, сонымен бірге, қолданған кезде қалған дәрінің тазалығы мен стерильдігін қамтамасыз ету керек.
Тұрақтылық талабы сулы сұйық және қою дәрілерге химиялық төзімді (сілтіленбейтін) шыныдан тара жасау арқылы атқарылады. Сонда шынының ХТ – 1, ОС – 1, НС – 1,НС – 2, НС – 2А, маркалар қолданылады.
Механикалық қоспаларының жоқтығын қалыңдығы әртүрлі мөлдір шыны қолдану арқылы тексеруге болады.
Сұйық және қою дәрілік түрлерді ішке және сыртқа қолданғанда көлем мен тамшы түрде өлшеуге болады.
Тамшымен дозалау.
Егер дозаның мөлшері 1мл жоғары емес болса, оны тамшымен өлшеу қажет. Осы әдісте көзге арналған ерітінділердің, күшті әсер ететін жүрек препараттарының, балаларға арналған, мұрынға және құлаққа енгізетін тамшыларының дәл дозалануы ең маңызды болады.
Дағдыдағыдай, препараттың 1мл – де тамшылардың саны және 1 тамшының салмағы қатаң түрде регламенттеледі. Мысалы, АҚШ (США) фармакопея бойынша 1 тамшының салмағы 43 – 45 мг, ал СССР МФ ХІ (т.2, 134 б.) жиі қолданылатын кейбір сұйық дәрілік препараттарының 1мл – дегі тамшыларының саны мен 1 тамшының салмақтар кесте түрінде берілген. Осы көрсеткіштер қолдану арқылы анықталған. МФ СССР ХІ судың бір тамшысының салмағы 50мг, 1 мл суда 20 тамшы бар.
Дағдыдағыдай, тамшы түрде қолданылатын дәрілер арнайы тамшымен дағдылауға арналған құралдармен – тамызғыштармен қамтамасыз етеді.
Тамызғыштардың жұмысына келесі әсер етеді:
а) гидростатикалық қысымның айырмашылығын жасау;
б) тамшы түзілу жылдамдығына сұйықтықтың тұтқырлығының әсер етуін ескерту;
в) тамызғыш тесіктің диаметрмен сұйықтықтың тамшылату жылдамдығын байланысын ескерту;
А) Сұйықтың құтыдан ағып шығу тек қана оның орнына ауа кірген кезде болуы мүмкін, яғни көлемде құтыға ауа кірсе, сондай көлемде сұйықтық ағып шығатыны белгілі. Сол себептен, тамызғыштарда минимум 2 тесік болуы керек: 1 – ші тесіктен сұйықтық ағады, 2 – ші тесік бойынша ауа флакон ішіне кедергі, сұйықтың орнын алу үшін. Сонда тамызғыштың қалыпты жұмыс істеу үшін екі тесіктердің арасындағы керекті гидростатикалық қысым айырмашылығы түзілу талабы сақталу қажет.
Осы айырмашылық (∆р) сұйықтықтың тығыздығы мен тесіктердің әр түрлі биікте орналасуымен байланысты келесі формула бойынша:
р2 – р1=∆p=h•ρ (м•кг/м3)
Дегенмен, гидростатикалық қысымның айырмашылығым сұйықтықтың флаконнан ағып шығуын қамтамасыз етеді.
Б) Ауаның құты ішіне өтуіне сұйықтықтың тұтқырлығын кедергі жасайды. Бірақ ол тамшылар түзілу жылдамдыққа ғана әсер етеді (керісінше), себебі сұйықтың тұтқырлығы не құрылым жоғары болса, сол құрылым ауа бояу құтыға кіреді.
Ескерту керек: сұйықтықтың беттік керілуі тек қана тамшының көлеміне әсер етеді.
В) Егер ауа өтетін канал тесігінің диаметрі кішкентай болса, капиллярлық қысым түзілуі мүмкін, олда ауаның құты ішіне өтуіне кедергі жасайды. Сол себептен ауалық каналдың диаметрі [D] жеткілікті болу қажет, ал оның түбінде диаметрі тар [d] тесік жасайды. Бұл жағдай капиллярлық қысымның әсерін төмендетеді.
Тамшылату жылдамдығы ең оптимальды болу үшін, 1 секундта 2 тамшы түзілу керек. Егер жылдамдығы жоғары болса, тұтынушы тамшыларды есептеп үлгере алмайды.
Сонымен, сұйық ДТ тамшылату жылдамдығына екі тесіктің диаметрі және олардың арасындағы гидростатикалық қысым айырмашылығы әсер етеді.
Тамшылату әдісте препараттың дәл дозалау тек тамшылардың санымен байланысты емес, сонымен қатар олардың үлкендігі әсер етеді.
Тамшының үлкендігіне (көлемі):
    Тамшылату ауданы;
    Сұйықтықтың беттік керілуі әсер етеді;
Іс – тәжірибеде тамшылату ауданның максималды диаметрі – 7мм аспауы керек, ал сұйықтықтың ағып шығу тесігінің диаметрі – 0,4 – 0,8мм аспауы керек. Сол себептен тамшылар бір қалыпта түзілуі үшін, барлық орауыштардағы тамызғыштардың тесіктерінің дәлдігі жоғары дәрежеде жасалу керек (ауытқуы 0,04% аспауы керек).
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Шыныда үзіліп түскен тамшының массасы әрқашанда төмен, себебі оның үзілген кезде тамызғыштың бетінде сұйықтықтың бірәз бөлігі қалады. Сонда тамшылармен дозалаған кезде көлемнің және құрамындағы препараттың дәлдігінде ±5% ауытқу болу мүмкін.
    Қазіргі кезде өндірісте шығарылатын сұйық дәорілердің номенклатурасы жылдан жылға өсіп жатыр, сонымен бірге тамшылату арқылы дозалайтын құралдардың келешегі өседі. Олар негізінде, полимерлі материалдардан жасалынады, себебі:
    Полимерлі материалдардан шынымен салыстырғанда конфигурациясы күрделі және өлшемдері дәл болған бұйымдарды жасауға мүмкін;
    Тамызғыштарды көп мөлшерде (тираж саны үлкен) шығару мүмкін.
Сондықтан, шыны тамызғыштар және пипеткалармен салыстырғанда олардың сапасы жоғары. Полимерлі тамызғыштар, олардың жасалу жоғарғы дәлдігіне, конструктивті ерекшеліктерге және шынымен салыстырғанда сұйықтықтарға адгезияның төмендігіне байланысты, сұйық ДТ – дың:
    Дәл дозалаудың жоғары дәрежесін;
    Материалды дұрыс таңдағанда оның құрамындағы дәрілік препаратқа индиференттігін қамтамасыз етеді.
Тамшымен дозалайтын қондырғылар 2 түрге бөлінеді:
І т – өз еркінен тамшы түзетін, яғни олардың ішіндегі ДТ өз еркінен тамшы түрде ағып шығады;
ІІ т – мәжбүрлік тамшы түзетін, олардың ішінен сұйық иДТ тамшы түрде тек қана эластикалық корпусын саусақпен қысқанда шығады.
І – ші топтың қондырғылары өздері тағыда екі топқа жіктеледі:
    Жанынан тамшы түзетін тамызғыштар. Оларда түзілген тамшылар тамызғыштың корпусындағы фланецтан ағады;
    Орталықтан тамшы түзетін тамызғыштар. Оларда тамшылар тамызғыштың орталық түтіктен ағып шығады.
Тамызғыштардың 1 – ші түрі тек қана дәл дозалауын талап етпейтін сұйық ДТ қолдануға болады, себебі 1 тамшының массасы МФ ХІ бас., т.2 талаптарына сай болмайды. Мысалы, спиртті ерітінділерде дозаның асып кетуі 220 – 250% - дейін жетеді.
2 – ші түрдің тамызғыштар дозалаудың жоары дәлдігін, сұйықтықтың ағуының жылдамдығын оптимальды жылдамдығын қамтамасыз етеді. Олар тек қана вертикальды жағдайда дұрыс істейді.
Кейбір жағдайда 2 – 5 тамшыдан тұратын дозаларды алу қажет; мысалы көзге, мұрынға арналған тамшылар. Олар қосымша салынатын пипеткаларды талап етпейді, сонда (артықшылықтары):
    Өнім арзандайды;
    Пипеткамен бірге ластайтын заттар ДТ ішіне түспейді;
    Қолдануы ыңғайлы, корпусты қысып керекті тамшы санын түзуге мүмкін.
Осы тамызғыштар 2 түрде болуы мүмкін:
    ДТ құйылған шыны флаконнан, флаконның аузына тығыз кіретін, ұшы дәнекерленген эластикалық пробка (тығын) – тамшылағыштан және тамызғыштың ұшын герметикалық жабатын пластмассалық қақпақтан тұрады.
    Қазіргі кезде мәжбүрлік тамшылатып дозалау үшін ПЭ қ.ж. жасалған тюбик – тамызғыштар кең қолданылады. Егер осы орауыш көз тамшыларға қолданылса, оның ішінде тек 1 күннің дозасын құяды, себебі қолданған соң эластикалық корпусы бастапқы қалпына келеді, сонда сырттан стерильді емес ауаны сорады.
Тюбик – тамызғыш препарат орналасатын корпустан, тамызғыш ұшынан және винт оймасы бар қақпақтан тұрады. Тамызғыш ұшы дәнекерленген болады (алғашқы ашуын бақылау). Тюбик – тамызғыштар көз тамшыларға аз қолданады, себебі стерильдеуден кейін (ПЭ термиялық стерилизацияға төзімсіз) және оның материалы кейбір препараттардың сулы және майлы ерітінділермен сыйыспайды.
Тюбик – тамызғыштардың жасау мен толтыру
Олардың корпусы мен қақпақтарының жасауы паралельді жүргізіледі.
Арнайы автоматты көлемі 5 және 10мл ±0,5мл қабырғалардың қалыңдығы 0,9±0,1мм үрлеу және штамптау тәсілдерін қолданып, ПЭ қ.ж. грануладан бірнеше саты арқылы тюбик – тамызғыштың корпусы жасалынады. Қақпақты қысым астында әдіспен балқытылған ПЭ қ.т. гранулалардан жасайды.
Штамптау және үрлеумен корпустың 2 бөлігін дайындап, штамптау арқылы оларды біріктіреді, бірақ тегісі бөлініп қалады.
Корпустағы тамызғыш ұшы бірден дәнекерленген түрде жасайды. Содан соң корпустар мен қақпақтарды дистильденген сумен жуып, кептіреді, керекті жағдайда 40 – 500 температурада 2 сағат бойынша этиленоксид – СО2 (9:1) қатынаста газдардың қоспасымен стерильдейді. Содан соң ерітіндімен толтырып тамызғыштың түбін фальцовка арқылы жабады. Бір мезетте фальцтың үстіне серияның № - ін немесе сақтау мерзімін тексереді. Осы терең түсірілген жазу тюбиктің өз еркінше ашылуын болдырмайды.
Көлемдік дозалау
Егер өлшейтін доза 20 тамшыдан жоғары болса, оған көлемдік дозалау қолдану қолайлы. Ол:
    Орауыштарға қосымша салынатын дозалайтын құралдармен (арнайы қасықтар, мензуркалар және т.б.);
б)   Тығынмен құрастырылған әртүрлі автоматты дозалайтын қондарғылар арқылы          орындалады.
а) 1. Дозалайтын құралдар мойны 20,28,40 мм флакондарға арналған жалпы көлемі 20мл – ге дейін қақпақ түрде шығару мүмкін.
    2. Кейбір қақпақтың ішіне дозалайтын стакан салынады. Оны сұйық және қою ДТ – мен қатар құрғақ сусымалды ДТ – ге қолдануға болады.
б) 1. Автоматты дозалайтын қонырғылар, дағдыдағыдай, 2 – камерадан  (сыртқа шығаратын және бекітетін), ауа кіретін түтіктен және ауаны құтыға кіргізбейтін элементтен тұрады. Горизонтқа (көкжиекке) 250 жоғары құтыны еңкейткенде сұйықтық бекітетін камераға барады, ал қалғаны шығаратын камерадан сыртқа ағады. Бекітетін камера толып кеткенде, сұйықтың ауа кіретін каналын жауып қояды. Ауа құтыға кірмеген соң, құтыдан сұйықтық ақпай қалады.
Сұйық және қою ДТ – ді бөлшектеу мен орамдауға арналан машиналар және автоматтар.
Бөлшектеу.  Осы операция, дағдыдағыдай, толық механизацияланған. Сұйықтықтарды бөлшектеуге арналған механизмдер келесіге бөлінеді:
І. Құймалы бөліп құйғыш машиналар.
а) І – ші типті гидравликалық бекіткіші (затвор) бар машина. Гидравликалық бекіткіш сұйықтықтың жиналған көлемі бар қалыпта болу үшін қолданылады. Бастапқы бакта сұйықтықтың деңгейі бір қалыпта болу керек. Сұйықтық бактан 3 жолы бар кран арқылы дозалайтын құтыға өтеді. Гидравликалық бекіткіш ретінде екі ұшы ашық түтік қолданылады. Сұйықтық, осы түтіктің төменгі ұшына жеткенде тоқтайды, себебі дозалайтын камерадан ауа шықпай қалады. Автоматты түрде сол кезде кран бұралады: сонда бактан сұйықтық дозалайтын камераға өтпейді, ал оның ішіндегі сұйық дәрі флаконға құйылады.
б) ІІ – ші типті дозалайтын стаканы бар машина. Қазіргі кезде ол кең қолданылмайды.
ІІ. Поршиньді бөліп құйғыш машиналар. Олар сұйықтықты цилиндр ішінде жылжыйтын поршень арқылы дозалайды. Бактан сұйықтықтың сорғыш клапан арқылы цилиндрге барып поршеньнен босатылған бүкіл көлемін алады. Поршень кері жылжығанда сол клапан жабылады, бір мезетте айдамалы клапагн арқылы сұйықтық құтыға құйылады. Клапандардың орнына 3 жолы бар кран қолдануға болады. Оның ашылып, жабылуы поршень жылжуымен синхронизацияланған. Осы машинаны жағар майлармен шыны флакондарды және құтыларды бөлшектеп толтыруға қолданылады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ІІІ. Сұйық ДТ  флакондарға бөлшектеу мен орамдау үшін қолданылатын потокты – автоматты линиялар. Флакондар транспортердағы (2) науамен (желоб) (1) жылжып бергіш угольник (3) арқылы «Метеор» (ФРГ) фирмасының құтыларды шприцтік әдіспен жуатын автоматтың флакон ұстатқышқа барады. Әр операцияны бір мезетте 15 флакон бірге өтеді. Автоматтың орындауыш механизмдер контактлы өшіргіш арқылы импульс алады. Флакондарды душтау (4) арқылы сыртын жуу және шприцтер көмегімен ішін жуу ыстық сумен орындалады. Флакон – ұстатқыштардың қимылсыз жағдайда флакондардың ішін жуу шприцтеу арқылы өтеді, ал сыртын жуу – олардың дискретті түрде алға жылжығанда болады. Жуылған флакондар транспортер (3) көмегімен зонасы ( кептіргіш (7), алдын ала салқындатқыш (8) және толық салқындатқыш зоналары) бар құтылардыкептіруге арналған автоматқа барады. Автомат жылжыту элементімен (6) және ауа сорғыш ветилятормен (36) қамтамасыз етілген.
Кептірілген флакондар жинағыш столға  барып, «Хофлигер», «Харг» (ФРГ) фирмасының сұыйықтықтарды бөлшектеп құю және флакондарды тығындау автоматқа транпортер арқылы өтеді. Сұйық ДТ бактан насос өлшегішке беріледі,содан соң шприцтер көмегімен флакондарға құйылады. Ары қарай флакондаорды жұлдызшалармен ұстап (15 – ші) (құтыдан) ыдыстан науамен беріліп тұрған тығындауыштармен жабады. Олардың бұрап жабылуы (21) (узел) қондырғы көмегімен өтеді. Содан соң (36 – ш) ыдыстан лоток арқылы қақпақ – тамызғыштар беріледі. Олар пуансон көмегімен  флаконды толық тығындайды.
Тығындалған флакондар жинағыш  столға барып, ары қарай шнек көмегімен «Иове» (Италия) этикеткаларды жапсыратын автоматқа жиберіледі. Коробкадан этикеткалар пружина көмегімен вакуум – валикке қысылады. Вакуум – валиктердің бетінде (25 және 26) этикеткалар вакуум әсерінен ұсталынады. Сонымен бірге бункерден (26) арнайы беретін валиктер көмегімен этикеткаға желім (клей) жіберіледі. Содан соң этикетка флаконның сыртына келесі қысу валик көмегімен жабысады. Қысуды жұмсаоту үшін арнайы жұмсақ прокладка қолданылады. Автомат «құты жоқта, этикетка жоқ» принциппен істейді, себебі арнайы флакон сезетін щуп теке флакон червяктың ұяшығына кірген кезде этикетка босатып беруді реттейді.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы