Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Лекцияның жоспары:
1.    Жағар майлар, пасталар, кремдерге арналған орауыштардың түрлері.
2.    Оларда бөлшектеуге және орамдауға қолданылатын машиналар мен автоматтар.

Қазіргі кезде қолдануына байланысты жағар майлар 3 топқа бөлінеді: емдік, косметикалық, қорғайтын. Косметикалық жағар майлар өздері 3 топқа бөлінеді: емдік – профилактикалық, гигиеналық және декоративті.
Қазіргі кезде жағар майлар, негізінде, қарапайым және ұшы ұзартылған алюминий  тубаларда және ауызы кең шыны флакондарда (құтыларда). Жағар майлардың құрамына кіретін әсеретуші (дәрілік) заттардың ыдырауын болдырмау үшін алюминий тубалардың ішін эмаль немесе консерві жасайтын тараға арналған лакпен жабал,ды. Тубалардың сыртын жазуды оңай түсіру үшін эмальды бояғышпен (краска) жабады. Тубаларды жасау үшін алюминийдін А – 6 және А – 7 маркалары қолданылады.
Косметикалық жағар майлар мен пасталарға сонымен қатар көлемі және формалары әр түрлі полимерлі тубалар мен пластмассты құтылар қолданылады.
Алюминий тубаларды жасау қымбаттау болғанымен емдік (дәрілік) жағар майларға бәрі бір іс – тәжірибеде полимерлік материалдардан жасалынған тубалар қолданылмайды. Оны келесімен түсіндіруге болады: полимерлі тубадан кремді (пастаны) қысып шығарған соң, туба, эластикалық қасиетіне байланысты, бастапқы қалпына қайтады. Сол кезде сыртқы ауаны туба ішіне сорады. Туба ішіне кірген ауа жеңіл тотығатын заттардың тұрақтылығына немесе көзге арналған жағар майлардың және құрамында антибиотиктер бар жағар майлардың стерильдігін сақтауына кері әсер етеді. Ал шет елдерде қазіргі кезде металдың жұқа қабаты бар тубадан өнімді шығарған соң оның деформациясын бір қалыпта ұстайтын полимерлі тубалардың жасауын бастаған.
Әдетте, қарапайын алюминий тубалардағы жағар майлардың дозасын дәл өлшеуге мүмкіндігі жоқ. Сол себепті құрамында ұзақ сақтаған кезде  белсенділігін жоғалтатын заттары бар (мысалы, антибиотиктер, гормондар және т.б.), ұзы және күшті әсер ететін заттары бар, жеңіл тотығатын және тез ыдырайтын заттары бар жағар  майларды 5, 10, 20 г – дың кішкентай тубаларда немесе бір реттік дозасы бар орауыштарда шығару тиісті. Дағдыдағыдай, тубаның өнімді шығаратын ұшы дәнекерленген түрде болады (дәнекерлеуді тубаның өз материалымен жұқа қабаттап жасайды). Сонда  тұтынушыға тубадағы жағар майдың өзі екендігін және тазалығын тексеру мүмкіндігі бар (КПВскрытия – алғашқы ашуының бақылауы – ААБ). Барлық тубалар бұрап (винт оймасы бар) кигізілетін бушондармен ( қақпақтармен )  жабылады. Олар көп қабырғалары бар немесе ұшы кесілген ұзартылған рифлениесі бар конус түрде болады. Әдетте бушонның ішінде тубаны алғашқы ашуын қамтамасыз ету үшін ұштығы (наконечник) бар.
Тубаны толтырған кезде ауаны толық шығаруы оларды едәуір гигиеналық және ыңғайлы орауыш ретінде санауға мүмкіндік береді. Тубалар тасымалдау, сақтау, қолдану кезіңде жағар майларды кедергі  механикалық, атмосфералық және т.б. әсерден  қорғайды.
Соңғы кезде көп елдерде (Россия, Прибалтика, шет елдерде және т.б.) тубадан өнімді дозалаған түрде шығару үшін әр түрлі қондырғылар зерттеп тапқан, мысалы:
А) тубаның сыртына жағар майды дозалау үшін бөлетін сызықтарды түсіру. Бірақ бұл кезде жағар майдың дозалауы дәл болмайды.
Б) қақпақты тубадан алған соң, оның ұшына қондырғыны кигізу арқылы. Осындай қондырғылар  картон пачканың (пеналдың) ішіне туба, қондырғыны қолдану туралы инструкция – қағазымен бірге салады. Олар мөлдір пластмассадан ұзын қуыс ішіне поршень салынған түтік түрде жасалынады. Олардың 2 тесігі болады: 1 – ші тесігі қондырғыны жағар майы бар тубамен біріктіру үшін түтіктін жанында (сбоку) орналасады; 2 – ші түтіктің ұшында орналасқан тесіктен поршень көмегімен өлшеп алған жағар май сыртқа шығады. Осындай қондырғылар жағар майларды дененің қуыстарына дозалаған түрде енгізуге мүмкіндік береді.
В) камералық дозаторлар негізгі және длзалайтын камералардан тұратын туба түрде болады. Екі камераның арасында клапан орналасады. Алдын – ала дозалайтын камера жағар маймен тоғанша негізгі камераны қысады. Содан соң шығаратын шығаратын ұшын ашып, дозалайтын камерадан жағар майды сыртқа шығарады. Тубаның ішіндегі клапан тек қана бір жағына дозалайтын камераға қарай майысу мүмкіндігі бар түрде бекітілген. Сонда жағар майды сыртқа шығарып жатқанда, негізгі камерадан дозалайтын камераға өнім өте алмайды.
Полимерлі тубалардың ішіне қолданған кезде ауаның өтуін болдырмау үшін шығаратын тесікте клапанды қондырғылары бар конструкциялардың бір қатары зерттеп табылған. Мысалы, қарапайым бушонның шығарғыш тесікпен аяқталатын орталық каналы бар арнайы қондырғы қолданылады. Тубаның ішіне қысым жоғарлаған кезде шығарғыш тесікті жабатын серпімді (упругая) мембрана ашылады (отгибается – жазылады), қысымы төмендегенде мембрана тесікті жауып ауа кіргізбейді.  Бірақ осы қондырғы жағар майды дозалауға жағдайды жасамайды, сол себептен ол тек қана сыртында дозаға бөлетін сызықтары бар тубаларда және қарапайым полимерлі тубаларда қолданылады.
Туба тығындауыш құралдарды жетілдіру үшін шешілетін бушонды (қақпақты) арнайы бекіткіш (затворные) қондырғыларға алмастыру мен байланысты қазіргі кезде көп жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: екі конусты бөліктен және олардың арасында айналмалы қақпақтан тұратын қондырғыда. Екі конустағы шығарғыш тесіктерін  айналмалы қақпақпен айналдырып бір біріне қосқанда жағар майды тубадан шығаруға болады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Қазіргі кезге дейін кіші өндірістерде, фармацевтикалық фабрикаларда жағар майларды МТО, ОС, ОС – 1 шыны маркаларынан көлемі әр түрлі ауызы кең құтыларға бөлшектеп орамдайды. Оларды жабу үшін винт оймасы бар белгілі диаметрінде плассмасты қақпақтар және созып кигізілетін полимерлі қақпақтар шығарылады. Оймасы бар қақпақтардың ішіне қосымша салғыштар салынады тегіс картон екі жағы целлофанмен ламинирленген дискілер. Ал созып кигізілетін полимерлі қақпақтар бірден тығыздайтын элементімен жасалынады. Бірақ соңғы кезде шыны орауыштардың бір қатар кемшіліктеріне байланысты. Оларды бірте – бірте алюминий және полимерлі тубаларға көп өндірісте алмастырып жатыр.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Жағар майларды бөлшектеу мен орамдауға қолданылатын машиналар және автоматтар.
Жағар майлардың (емдік жағар май + пасталар+косметикалық кремдер) өндірістік жағдайда тубалар мен шыны флакондарға (құтыларға)  бөлшектеуі шнекті және поршеньді дозалайтын машиналар көмегімен жүргізіледі.
1.    Шнекті өздігінен дозалайтын машина жағар  маймн толтырылған бактан (1), мундштуктың ішіне (4) кран (3)  арқылы жағар майды жибірітін шнектен (2) тұрады. Уақыттың белгілі арасында кран жабылады, сол кезде мундштуктағы жағар май құтыға немесе тубаға итеріп шығарылады. 1 орауышқа салынатын жағар майдың мөлшері кранның ашылу мен жабылу уақытына қарай реттелінеді. Бөлшектелген жағар майдың орташа салмағына жіберілетін ауытқуы ±10%.
2.    Поршень (плунжер) – типті дозалауыш машиналардың сипаттамасй №4 лекцияда берілген. Сұйық ДТ дозалағанда олардың құрылысында клапандар қолданылады, ал жағар майлар, линименттер үшін клапан орынына 3 жолы бар кран қолданылады. Кранның 180 0 айналуы поршень жылжуымен қатаң түрде синхронды болуы қажет. Тиеуші бактың сыртында «бу көйлегі» болуы қажет.
3.    Тубаларды толтыру үшін «YWKA» (ФРГ) фирмасының туба толтырғыш автомат қолданылады. Осы машина автоматты түрде келесі операцияларды орындайды:
А) бушондармен (қақпақтармен) жабылған тубаларды ұшын төмен қаратып автоматтың иілген лотокқа қолмен салу. Бушонның ішіндегі тубаның ұшы дәнекерленген түрде болады (көп жағдайда). Лотоктан тиеуші қондырғының көмегімен тубаларды бушондарымен төмен қаратып горизонталды роторлы тарелканың ұяшықтарына кіргізіледі. Тарелкада 12 ұяшық бар, ол сағат стрелкасы сияқты айналып тұрады.
Б) толтыру процесстің алдында тубаның ішіндегі ауаны толық шығару үшін жағар майды жіберетін сопло кіргізіледі. Сонда ауадағы оттегімен дәрінің тотығуын болдырмау үшін тубаны жағар маймен толтыру ауасыз және ауа көпіршіктерсіз жүргізіледі.
В) туба толған соң цилиндр корпусының жоғарғы ұшын фальц жасауға келетін ұзындыққа қысады. Сол кезде тубада қалған ауа  толық шығады, ал тубаның түбі бір рет бүктелінеді. Содан соң түбін тағыда 2 немесе 4 рет бүктеп фальц жасайды. Фальцты бекіту үшін оның сыртына қысып серия № - рін түсіреді.
Г) толтырылған жабық тубалар осы машинадан шығып келесі картон пачкаларға  (пеналдарға) тубаны орамдайтын автоматқа барады.
Осы автоматтардың өнімділігі тубаның көлеміне және орамдайтын (бөлшектейтін) массаның сапасына (паста, гель, эмульсия және т.б.) қарай 1 минутта 80 – 100 тубалар болуы мүмкін.
Тубаның бетінде (сыртында) келесі мәліметтер болуы керек: жағар майдың атауы (орысша, қазақша, латынша), құрамы, массасы нетто (г), серияның № (фальцтын үстінде), жарамдылық мерзімі, дәрінің концентрациясы немесе белсенділігі. Осы мәліметтер картон пачканың (пеналдың) сыртында болуы керек, сонымен бірге қалған мәліметтер. Тубаларға 5, 10, 25, сирек 50 г жағар май салуға болады олардың көлеміне байланысты.
Содан соң жағар майы бар тубаларды инструкция қағазымен және көмекші орауыш құралдармен (дозалайтын бушон – қондырғылармен, жағар майды ысқылап жағуға арналған аппликаторлармен, шыны шпательдермен және т.б.) картон пачкаларға (пеналдарға) орамдайды. Шыны тараға бөлшектелген жағар майларды картон  пачкаларға орамдайды. Косметикалық  кремдер, гельдер, пасталардыңда бөлшектеу мен орамдау операциялар осылай өтеді.

Суппозиторийлердің орамдалуы.
Суппозиторийлар – бұл әр түрлі конфигурациясы бар (пессории, овули, глобули, палочки, торпеды) дозаланған ДТ. Олар бөлме температурада – қатты, дене температурада балқып сұйық масса түзетін, дененің табиғи және  патологиялық қуыстарына енгізуге арналған ДТ. Сол себеппен суппозиторийлардың сақтаған кезде және организмге енгізген кезде қуыстарды қоршайтын шымыр бұлшық еттердің қарсылығын жеңу үшін олардың бастапқы формасы бір қалыпта болу керек.
Сондықтан суппозиторийлардың орауыштарына басқа талаптармен бірге формасын бір қалыпта ұстау талабы қойылады.
Өндірістік жағдайда балқытылған суппозиторлық массаны құю әдіспен суппозиторияларды дайындайды. Бұл кең қолданылатын әдіс. Кейбір суппозиторияларды (көпіршік түзетін балқыған кезде) түйіршіктелген суппозиторлық массадан престеу арқылы дайындайды.
Негізінде, суппозиторияларды дайын түрде өнеркәсіпті жағдайларда екі жолымен алуға болады:
1.    Суппозиторияларды алдын ала арнайы формаларда құю немесе престеу әдістермен қалыптау, содан соң келесі автоматта орамдау.
2.    Бір автоматта бір мезетте суппозиторияларды құю әдіспен қалыптау және орамдау.
               І-ші жолмен қалыпталған суппозиториялар бракераждан өтеді. Содан соң олардың сапасын бағалайды және кептіреді. Кепкен өнімді ені 50-55 мм терможабысатын целлоффан лентасына (маркасы ПЦ-2) орамдау үшін жартылай автоматқа (ФРГ-фирмасының) жібереді. Оның жұмыс істеу принципі келесіде. Суппозиторияларды (1) қабылдағыштан қолмен айналып тұрған дискінің (2) ұяшықтарына салады. Диск айналған кезде суппозиторийларды горизонтальды орналасқан итергішпен (3) ұяшықтардан (екі целлофан лентаның арасында түзілген) кіргізетін тесікке (4) итереді. Целлофан ленталар екі бағыттауышпен (5 және 6) жылжып кіргізетін тесікті екі жағынан қоршайды. Суппозиторий сол кезде орамдағанда домалап кетпеу үшін арнайы ұстатқышқа (7) барады. Ұстатқыш суппозиторийді қабылдаған кезде пресстеуіш штамптар (8) целлофан ленталарды екі жағынан қысып суппозиторийді олардың ішінде орамдайды. Осы орауыш контурлы ұяшықсыз орауыш ретінде болады. Содан соң суппозиториялары бар лента шапқышқа (9) барады, сол кезде лентаға әр бөлігінде суппозиторийлардың 5 данасы бар кесінділерге (отрезки) бөлінетін белгі түсіріледі. Ары қарай лента кескіш қондырғыға барып түсірілген белгілер бойынша кесінділерге кесіледі. Суппозиториялардың 5 данасы бар осы кесінділер конвейер арқылы картон пачкаларға инструкция қағазымен бірге орамдалу үшін келесі автоматқа барады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ІІ – ші жолмен дайындағанда суппозиторийлардың құю әдіспен қалыптауы орамдаумен бірге жүреді, себебі қалыптар ретінде бірден контурлы ұяшықты орауыш қолданылады. Оы жұмыстарды «Servac-200S» фирма «Hoflliger und Hart» (ФРГ)  шығаратын комплектілі автоматты линияда жүргізіледі. Оның жұмыс істеу принципі келесіде:
І – ші позиция: 2 рулоннан алюминий немесе жұмсартылған ПВХ – фольганың вертикалды тұратын ленталарды тартады;
ІІ – ші позиция: алюминий фольгаға кесілген тесіктерді түсіреді (ПВХ – фольга оны талап етпейді, себебі өзі созылмалы);
ІІІ – ші позиция: ленталардың екеуіндеде суппозиторийлерге сай келетін ыдыс сияқты ұяшықтардың жартысын (половинки) қалыптайды: алюминий фольгада чеканка әдіспен, ПВХ – фольгада – термоқалыптау әдіспен;
IV – V позицияларда: екі лента бірігіп, жоғары температурада бір – біріне жабысып суппозиторлы масса құюға арналған комплектті форма (ұяшық) түзеді. Әр ұяшықтың үстінгі жағы толтырғыш тесік ретінде ашық қалады.
VІ – VІІ позицияларда: толтырғыш ине көмегімен ашық тесік арқылы қалыпқа (ұяшыққа) суппозитрлы масса дозаланған түрде құйылады, яғни вольгадан (немесе ПВХ – пленкадан) жасалынған ұяшықтар бір мезетте құю қалып және орауыш болады. Тиеуші бакта 30 л – дей суппозиторлы масса болу мүмкін. Осы бак «бу көйлегімен» және араластырғышпен қамтамасыз етеді. Массаны дозалауы дәл істейтін насос көмегімен орындалады.
VІІІ позияция: орауыш (ұяшықтың үсті) штамповка және термобалқыту арқылы герметикалық жабылады.
ІХ позиция: орауыштың өз бетінше ашылуын болдырмау үшін қосымша көлденең (поперечные) кедір – бұдырлаулар салқын өрнек салу арқылы қосымша бекітіледі. Суық өрнек салумен (тиснения) орауышқа серия номерін (№), сақтау мерзімін және т.б. жазуларды түсіреді.
Х – ХІ позициялар: лентадан суппозиторлардың белгілі саны бойынша (5, 6, 10 дана) кесінділерді кесіп алады.
ХІІ позиция: кесінділер салқындататын столға барып ары қарай конвейер арқылы картон пачкаларға инструкция қағазымен орамдалу үшін келесі автоматқа барады.
    Қолданылатын алюминий фольганың (қалындығы 40 мкм) сырты оңай жазу түсіру үшін ПП – пленкамен (127,5 мкм), ал ішкі беті термобалқыту арқылы бір біріне жабыстыру үшін ПЭ ж.қ. қапталынады.
    «Servac – 200 S» автоматтың  өнімділігі 200 – 250 супп/мин.
     Престеу әдіспен дайындалған суппозиторилерді таблеткалар сияқты контурлы ұяшықты орауыштарға орамдайды. Орауыш ПВХ – пленкадан  «Hassia» және басқа машиналарда жасалынады ИҚ – сәулелерімен қыздыру және вакууммен сору арқылы.
   
Пластырлер. Тері желімдері (клейлер).
    Дене температурады жұмсайтын, теріге жабысқақ қасиеті бар сыртқа қолданылатын ДТ – ді пластырлер деп атайды.   
    Пластырлерді орамдау.
Пластырлі масса ені 150х5 см шифон лентаға жағылатыны белгілі. Массаны 6 – 7 рет лентаға жағып болған соң, оны жақсылап кептіреді, содан соң ұзындығы 150х5 см картон түтіктерге тарқататын машина көмегімен 5, 2, 1 м – ден рулондарға қайта орайды. Осы рулондарды содан соң келесі өлшемдері бар катушкаларға кеседі:
1 см * 1 м;        2 см* 1 м;        3 см* 1 м;        4 см* 5 м;
1 см * 2 м;        2 см* 2 м;        3 см* 5 м;        5 см* 5 м;
1 см * 5 м;        2 см* 5 м;        3 см* 5 м;        6 см* 5 м.

Катушкаларды балауыздалған қағазға орамдап 1 катушкадан картон пачкаларға немесе полиэтилен пакеттерге, немесе пластмассты қораптарға салады.
Лейкопластарь, тек қана катушка түрде емес, және өлшемдері 4х10 см және 6х10 см штапель матаның тіліктеріне жағылған, қорғайтын целлофан пленкамен жабылған түрде шығарылады. Оларды 1 данадан ламинирленген қағаз пакеттерге терможабыстыру арқылы орамдайды. Осындай түрде лейкопластырлер кең қолданылады.
Лейкопластыр тіліктін ортасында дәрілік заттары бар дәке лентасы жабыстырылған ДТ – бактериоцидтік деп аталынады. Оның орамдалуы ұқсас болады, олар 10х4 см – ден 500х6 см – ге дейінгі өлшемдерде шығарылады..
Бұрыш пластырі 12х18, 10х18 см және 8х18 см өлшемдерде 4 – бұрышты тілік түрде шығарылады. Шпатель матаға жағылған бұрыш пластырдің рулонын арнайы машинада тарқатады. Сол кезде оның бетіне целлофан лента жабыстырып, 4 – бұрысшты тіліктерге кеседі. Оларды қағаз пакеттерге (контурлы ұяшықсыз орауыштарға).
Тері желімдері (клей) (БФ – 6, Новиков сұйықтығы және т.б.) флакондарға құйылып, ПЭ тығындауыш құралдармен және бұрап жабылатын қақпақтармен орамдалады.
Қышаларды орамдау. Қағаз кескіш машинада қыша масса жағылған және кепкен қағаз лентаны 4 – бұрышты тіліктерге бөледі. Бракераждан өтіп олар орамдайтын автоматқа барады. Осы автомат тіліктерді 10 данадан жинап целлофан немесе парафинделген қағаздан жасалынған пакеттерге орамдайды. Әр 10 – шы қышаның сыртқы бетінде қолдану туралы мәліметтер беріледі. Содан соң пакеттерді 600 данадан пачкаларға жинап тасымалдау үшін картон коробкаларға немесе қағаз қаптарға салады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы