Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
шырайлы аты елімнің қасиетінде жерімнің туралы шығарма керек
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің
Есіңде ұста! Атам қазақтың сөз жасау жүйесінде барлық ру мен тайпалардың (ел-жұрттың), кез-келген ұғымдардың шыққан тегі сөздің түбірінде тұрады. Осы түбір арқылы барлық ұғымдардың тегін таба аласың. «Сөз түбірі жаңылыспайды».
Қажырбайұлы Мұхамбеткәрім
        Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу  қызық. Әсіресе өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, отаншыл  сезімді күшейтпек. Қазақстан  топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен халықтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында,  сезім сұлулығы  туралы ой түюге мүмкіндік береді.
      Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Бұл облыс Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстігінде орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің Ақмола, Костанай, Павлодар облыстарымен және Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарымен шектеседі. Біздің облыс 1936 жылы құрылған. Ол  кезде облыстың құрамына 26 аудан, 5 қала болған.
      Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар. Облыстың халқы 588910 адам, жер көлемі – 98 мың шаршы километр. Біздің облыстың табиғаты әсем, ормандар мен көлдерге бай. Біздің өлкені «аққайыңдар өлкесі» деп атайды.
Солтүстік Қазақстан облысы – атақты халық мақтанышы болған адамдардың туған жері. Көрнекті ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, ғарышкер Александр Викторенко осы өлкеде туған. Біздің өлке жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Мен өз жерімді мақтан етемін.  
 Жыл сайын шығармалар байқауларына қатысып, өзім тұратын ауылдың атауын, ауданымыздың атауларын зерттегенмін.  Осы шығармада Есіл өзені туралы білген мәліметтерді ортаға салмақпын.
       Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Кеңес дәуірінде «Есіл» атауы «Ешим» болып бұрмаланып келді. Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл бойында Астана,  Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан. Есіл өзені бас қаланы қақ бөліп ағып жатыр.
       Өзен атауы көне түркі тілінде «көк» деген мағынаға ие.       «Есіл» сөзі «ер, сөз, дерт» сөздерінің мағыналарын  күшейтуге қолданады.  Осыған байланысты «есіл дүние ысырап болды»,  «есіл ер-ай!»
«саған қор болған есіл ат»,  «тыңдамасқа айтқан есіл сөз» деп айтылады. Мағынасы «айхай, әттең, дариға, қайран, шіркін» сөздеріне жақын болғаны тегін емес. Ұлы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, РАН шығыстану Институтының қызметкері– Л.Тугушев «Ишим» сөзін түркі тілінен аударғанда, «атақты жағалалуларымен  өзен» дегенді айтады және осы нұсқаны жергілікті өлкетанушы ең дұрысы деп есептейді.
      Есіл өзенінің атауының шығу тарихына  көптеген жорамалар бар. Негізінде «Ишим» өзенінің атауын «ишэм» деген татар сөзімен байланыстырады. Ол «жүзу, есу» дегенді білдіреді. Башқұр тілінде де «иш» , «ишэм» деген сөздер бар. Олар «жолдас, дос» дегенді білдіреді. Орысша Есіл өзенінің атауы Ишим болып табылады. Осыған  орай бұл өзеннің атауы Ишим дегенге байланысты. Халықтың айтуы бойынша, бұл өзен өз атауын суға батып кеткен Татар ханының ұлы Кучума Ишимакудың атына қатысты.  
«Ишимак» сөзі татар тілінен аударғанда, «қиратушы» деген мағына береді.  Өзен  жағасында салынған шаруалардың үлкен-кішілі үйлері  қиратылып қалатын  делінеді.
   Есіл өзенінің атауының шағуына байланысты тағы бір мынадай аңыз бар. Онда екі егіз ұлы болған бір әйел туралы айтылады. Олар таулар арасында қорқынышты және қалың орманда кішкентай көл жағасында өмір сүрген.
Екі ұлы ержетіп,  өмірді көруге, өздеріне қалыңдық іздеуге жолға шығады. Ол екеуі бір-бірінен айырылмастан, көп жер жүріпті.
     Ағайындар әр түрлі болыпты. Біреуі өте мықты, әрқашан тек алды жүретін және ойланбастан өз күшіне және мықтылығына сенетін болыпты. Ал екіншісі сабырлы және әлсірек болатын. Біріншісі  бірден қылышына сүйенсе, екіншісі ойын жинап алатын. Екеуі жердің өзгергендігін, құстар ұшып келмегендігін, алдарынан жануар кездеспегенін байқап, не болғанын және соған орай халыққа көмектескілері келді. Әйтеуір, жердің басқа қиырына жетеді. Ол жақта таулар аспанмен ұштасып, жердің орталығына апаратын үңгір болады. Біркөзді шайтандар осы үңгірге өту жолын қорғайды екен, аңдардан ерте шығып, жердің  бүкіл аудандарына жайылады. Осы жерден бірнеше құстардың ойнағы ұшып шығып, бүкіл жерге тарайды екен. Бірақ жолды Джиль-бурган деген зұлым карликтің біркөзді құлдары жауып тастайды. Ол жел мен қардың, аяз бен жаңбырдың билеушісі болыпты.
    Бұл кәрі шалдың жас, әдемі қызға көзі түседі. Бірақ жас қыз оның үйінің иесі болудан бас тартады. Ол кәрі шалды мазақ етіп күледі, бүкіл ағайын-жұрт, бүкіл халық мазақ етіп күледі. Зұлым карлик ашуға булығып, бәрін жазаламақшы болады. Жануарлардың, құстардың жерге қайдан келетінін біліп алады да, өзінің біркөзді құлдарын сол жолға қойып, бүкіл жолды жауып тастайды. Алғашқы ағасы қорқынышты карликпен күреседі, екіншісі ойын жинақтап алмақшы болады. Ағасы біркөзділерді жеңіп, өзі де құрдымға
кетіп, өзенге айналып кетеді. Ал екіншісі қасіреттің кінәлісі карликті қуып жетіп, өлтіреді де, бүкіл жан-жануарларды, құстарды бостандыққа шығарады. Құстар жан-жаққа,  әр елге ұшып кетеді.
     Күллі халық мәз-мейрам болып, қуанып, ағайындарға алғыстарын білдіріп жатады, бірақ жігіт  қуанбайды. Ол қайтыс болған ағасының қайғысына қайғырады. Жалғыз болып ұзақ жүреді. Ішпей, жемей, ақырында күші бітеді, отырады да жылайды.  Көзден аққан жасы ағасының жаны жатқан өзенге бағытталып ағады. Жергілікті халық  жай, тыныш ағысына қарап, осы өзенді Ишим деп атапты.
    Сабит Мұқановтың «Есіл бойында »  әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі,шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,көңілді жадыратады.Ал Есіл өзені тасуға бейім екені әңгіме ішіндегі ән сөздерінде айтылған :
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауды жаңбырмен араласып,
Ауылымның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де біздің батыр.
   Атақты  Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге сындар айтқан  екен . Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті. Ал Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», - депті.
     Тіпті осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған, әділдігімен үш жүзге аты жайылған Жабайұлы Тоқсан би : «Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпағым еске алар» деп, ұрпақтарына өсиет қалдырған екен.
       Жер-су атаулары – халық қазынасы, өткен өмір  айнасы. Әсем табиғат аясында ағып жатқан Есіл өзенімді  жақсы көремін.
 «Сыр басым сыңғыр сыңғыр етеді,
Сулулар таққан сырғадай.
Төгілген суды тыным етеді,
Ұйқымды қайсып ұрламай ... » - деген Есіл ағымын жырлайтын ән сөздерімен шығарманы аяқтаймын.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ