Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
рефлексияны қолдану жолдыр туралы айтып бере аласыздар ма?
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
САБАҚТАРДА РЕФЛЕКСИЯНЫ ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ
        Қазіргі күні әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Осы орайда еліміздің оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру-жалпы білім беретін орта дәрежелі оқу жүйесімен тығыз байланысты алға қойып отырған зор міндеттердің бірі.  Соған орай, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұны жаңғырып, жаңаша көзқарас пайда болуда. Бұл өзгеріс қазір білім беру жүйесінде жаңа инновациялық үдерістердің қарқынды жүруінен көрініп отыр. Белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін білім беруші мұғалімнен де, білім алушы оқушыдан да ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.  Өзін -өзі дамытумен қатар өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды.  "Рефлексия- адамның  өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы".     Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзыреттілігінің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Педагогика саласында рефлексия- өзіндік талдау  және оның нәтижесі. Рефлексия тек оқушының ғана емес сонымен қатар мұғалімнің де өз бетімен білімін толықтыруын, өзін-өзі дамытуын қамтиды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әртүрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соңында асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы шарт. Біз сабақтың әр кезеңінде рефлексияны келесідей қолдандық: 1. эмоционалдық көңіл-күй рефлексиясы, демек адамның көңіл-күйі немесе топ арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін керек. 2. әрекеттік рефлексия,бұл жерде үй тапсырмасын сұрауда өте тиімді болды. Оқушы өз бетімен сараптап, іс әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жою арқылы шығармашылық іс-әрекетке, ізденімпаздық жұмыстарды  жасай білуге үйренді. 3. оқу мағынасының рефлексиясы, оқу кезінде өз іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, оқу компоненттерін еске түсіріп, санадан өткізуі. Әрине, рефлексия түрлері көп, бірақ солардың ішінде негізгі екі түрін бөліп алатын болсақ олар: ойын және тренинг әдістері.
    Рефлексия сабақтың негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Себебі оқушының рефлексия жасауға дағдыландыру - мұғалімнің басты міндеті. Сондай мақсаттардың бірімен біздің мектепте де 7 модуль идеясын енгізу мақсатында әртүрлі коучинг сессиялар мен  ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілуде. Әрбір іс-шара соңында рефлексия жүргізілді, себебі келесі жолы нені жақсартуым керек?, неге мән беруім керек?, нені жақсартуым керек?- деген сияқты келесі іс-шара міндеттерін айқындауға зор ықпалын тидіріп отырды. Әр бір ашық сабақ соңынан не сәтті шықты, не сәтсіз шықты, тапсырмалар мен таңдап алынған әдістер ұтымды болды ма?, әлде уақыт тиімділігі төмен болды ма? деген сұрақтарға жауап бере отырып келесі сабақтарымыз жоспарланды.  Рефлексия түрлерін атап өтетін болсақ:  "себет" ол сабақ бойында ұнаған, өзіне жаңалық ретінде енгізгенін қоржынына салса білемін, керек емес.. дегенін себетке салады, "даналық ағашы" түсінбеген сұрақтарын іледі, келесі сабағында соған жауап береді, "эссе" тақырып бойынша өз түсініктері мен ойларын жазады, "шығу парағы" не білдім?, менде қандай сұрақтар бар?,пікірім қандай?, "екі жұлдыз, бір тілек", "сендвич", "ет тартқыш" т.б.  Оқушы дайын біліммен  жүрмей, өзіннің өмірлік тәжірибесіне  сүйену арқылы оқу-танымдық қызмет үдерісінде танымдық "жаңалық" ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау  негізінде  әртүрлі өнімдер  жасау арқылы алады. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы  қалыптасады. Атап айта кететін болсақ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.К.Калиахметова  әр сабағында "Даналық ағашы", "Эссе", "Пікірлердің жібі" т.б рефлексия түрлерін қолданады. Мысалы: Б. Майлинның "Түйебай" тақырыбында өткізілген ашық сабағында "Даналық ағашы" рефлекциясын пайдаланды.  Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ойларымен бөлісіп, өздеріне Түйебайдың ұтқырлы, ұтымды жауабы ұнағанын, сол тұстарын өздеріне белгілеп жазып алғандарын айтып жатты. Тақырыпты тәуелсіз меңгеріп, алған білімін  пайдалы болатындай ойлануларына мүмкіндік туады. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Жаңа формация адамы зерттеуші, шығармашыл, сыни ойлай алатын, рефлексияға қабілетті маман болуы шарт.
    Рефлексия бірнеше әдіспен жүргізіледі, соның бірі жазбаша күнделік. "Мен не білдім, мен не істедім", "маған ұнады, ұнаған жоқ", "жеңіл болды себебі бұған дейін білетінмін" тірек сөздерін пайдаланып Гульжан Бауржанқызы мектебіміздің 8- сынып оқушыларымен  информатика пәнінен жазбаша күнделік жүргізеді.  Күнделікті пайдаланудағы мақсаты: сабақтың қалай өткендігі туралы ойлануға мүмкіндік береді, оқу үдерісін өз бетінше реттеуге көмектеседі. Және  күнделік бойынша оқушылардың сабақ бойындағы тақырыпты қаншалықты меңгергендегі туралы диагностика жасай аламын. Демек аптасына бір рет болса да оқушыны күнделік толтыруға шақырсам ол оны оқу үдерісі туралы, ойлау үдерісі туралы  ойлануға көмектеседі. Әрине сәтсіз шығып жатқан рефлексиялар болады келесі жолғы сабаққа бұл түрткі "келесі сабаққа мен мына рефлексияны көрсем..." деген ой салады.
    Рефлексия  адамның әлеуметтік әрекеттесу жағдайында шешімді қабылаудағы талдау жүргізу және әрекеттін даму механизімі болып саналатын болса, онда адамның өмірге екі жақты көзқарасы қалыптасады. Біріншісі-жеке затқа жалпы өмірге емес көзқарас. Екіншісі-үдерістен тыс ой шығаруы. Рефлексияны аяқтап жазамыз, одан кейін әріптестерімізбен немесе оқушылармен бөліскен кезде ол іске асады. Сонымен қатар іс-шарамызға қатысты бірнеше сұрақтар мен ойларды айқындаймыз. Рефлексивті оқушы ол белсенді болады, олар сұрақ қойып дәлеледерді зерттейді. Олар келешекте ашық болады.
    Жоғарыда айтылғандардың барлығынан мынандай қорытынды шығаруға болады егер жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді  пайдалансақ білімнің сапалы болатындығы және әр сабағымызда рефлексияны тиімді және ұтымды пайдалансақ қызығушылығы мол, шығармашыл, ізденімпаз, белсенді оқушы тәрбиелейтініміз сөзсіз.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы