Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Ұстаз қауымын  ұлықтап жүрейік!

    Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды. Сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр. Біздің Байқоңыр қаласындағы  мектептер бұрын Ресейге қарағандықтан зияткерлік бағдарламасына онша көңіл бөлмеген. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға қызығушылық танытып отырған ұстаздарымыздың саны күннен - күнге көбеюде. Коучинг сабақтары арқылы мұғалімдердің тәжірибе алмасулары жақсарды. Бұған дәлел, биология пәнінің І санатты мұғалімі, ІІ деңгей сертификатының иегері Сулейменова Зуара Байғарақызы  «Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану»   тақырыбында өткізілген  коучинг сабағы, қазіргі заман талабына сай мектептегі білім беру әдістеріндегі өзгерістері туралы ұстаздарға көптеген жұмыстар жүргізді. Мектептегі оқу үрдісіне инновациялық өзгерістер енгізу үшін ІІ деңгей бағдарламасының талаптарына сәйкес  мектептегі барлық әріптестер жүргізілген сауалнама бойынша коучинг тақырыптарына қатысуға ұсыныс алды. Осы ұсыныстар бойынша қойылған бұл коучингке негізі 22 мұғалім қатысты. Пікір айтулар арқылы тәжірибе алмасулар болды.  Мектепте коучингтер апта сайын өткізілді. Тізбектелген төрт сабақтан сабақтар өткізіп, соңғы сабағымды ашық сабақ  етіп өткіздім. Тәлімалушы ретінде қатысып жүріп, зерттеу сабақтарын беріп шықтым. Маған әрбір сабаққа зерттеу жүргізіп, оқушының өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі қатты ұнады.
Менің зерттеудегі тақырыбым: «Дамыған ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттердің құрылуы» .
    Менің іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбымды деңгейлік бағдарламасының жеті модулімен байланыстырып алдым. Дамыған ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттер-Қарахан мемлекеті, Найман, Керейіт, Жалайыр, Қыпшақ хандығындағы саяси құрылысы мен ерекшеліктеріне тоқталып, жан-жақты оқушыларға талқылатып, өз алдына ізденушілікке, дарындылыққа бейімдеп, қалыптастыра білдім.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым: «қазіргі жаңа технологиялық үрдістерге байланысты оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту, сабақта әр-түрлі тәсілдерді, ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге қызықтыру және ортада ынтымақтастық орнату».
Зерттеу жұмыстарымды жүргізуде мынадай негізгі 3 мақсатты басшылыққа алдым. Олар:
1.    Сабақтағы тәртіп ережелерін сақтау;
2.    Оқушыларды тарих пәніне қызықтыру, ынтасын арттыру, ойландыру,  ойларын ашық айту;
3.     Оқушылардың арасында ынтымақтастықты, ұйымшылдықты, ізденімпаздылықты орнату;
     Зерттеу жүргізу үшін сабақ беретін  7«Ә» сыныбын алдым. 7 «Ә» сыныбындағы дарынды және талантты оқушылардың терең түсінікті білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін ынтымақтастық орта құру керек болды. Бірінші сабақ беру барысында  дамыған ортағасырлардағы мемлекеттердің бірі – Қарахан   мемлекетімен жан-жақты  танысып, саяси   жағдайы, шаруашылығы мен мәдениетінің   маңызын  біледі. Интербелсенді тақтаның көмегімен түрлі  ой қозғау, домино  арқылы топтастыру, инсерт әдістерін қолдандым. Бұл әдістерді қолданбас бұрын, сыныпта тәртіп ережесі мен сабақты бағалау шартымен таныстырып шықтым. Сабақтың бір сарынды өткізбей, әр  түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріп отырдым. Мәселен, сабақ  кезінде таза ақ парақтарды тараттым. Оқушылар бір сұрақтан  жазып шығады да бір-біріне қарша лақтырып сұрақтарын береді.
Оны «Қарлы кесек» ойыны деп  атаймыз. Топтағы балалар сұрақтарды көріп  жауап береді. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап ретінде сұраймын.  «Ой қозғау» әдісі арқылы  топтағы оқушыларға тақтадан  Қарахан мемлекетінің мәдениетіне байланысты суреттер көрсетіледі. Тақтадағы  сөздер бойынша тақырыпты ашуға байланысты мәтінді бөліп бердім. Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырмалар беріп, оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысты. Дәптерлеріне маңызды сөздердің анықтамасын жазды. Инсерт ретінде түсінгендерін дәптерге түсіреді. Топтағы оқушылар ортақ пікірге келіп, оны плакатқа түсіріп, флипчарт жасайды. Инсерт әдісі бойынша жасаған флипчарттарын қорғайды.  Әр тапсырмаға тиесілі ұпайларын-жемістер арқылы беріп отырдым. Бағыт-бағдар беріліп, бақылап, тексердім.Тақтаға әр топтың жасаған флипчарттары ілініп, топ басшысы  әрбір сөзді өз тобына атап айтады. Орнында отырған топ мүшелері кезекпен анықтама жасайды. Осылайша барлық топтың жұмысы талқыланады. Барлық балалар мәтінмен толық танысады. Топ басшылары мұғалімнің берген жетондарына (жемістеріне) байланысты  ұпайларын бағалау парағына түсіреді. Топтағы  оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қоямын. Отырған оқушылар жауап берді. Жаңа сабақты қорытындылау кезінде «Менен сұрақ, Сізден жауап» ойыны  ойналды. Осы жұмыстарға сүйеніп оқудағы басты проблемаларды анықтадым.
1.    Сабаққа ынтасы жоғары болып отырған оқушыларға кедергі келтіретін оқушылардың  болуын аңғардым.
2.    Кейбір оқушылардың сабақты оқуға қызығушылығының жоқтығын байқадым.
«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі бойынша үй жұмысын қорытындылап, өткен  тақырыптарға  пысықтау жасадым. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім: СТО стратегиялары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, топ ережесін жасау, инсерт,сергіту сәті, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс жасадым. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін, түрлі-түсті парақтарға  А,Б,В әріптерін жазып, тарату арқылы топқа бөлдім. Дегенмен сабақта оқушыны ынталандыру үшін топ басшыларына  жаңа тақырып бойынша  мәтінмен жұмыс беру керектігін түсіндірдім. Содан соң, постерде негізгі мәселенің сипатын тірек – сызба арқылы ашу тапсырылды. Тірек-сызбаны С деңгейлі оқушы көрсетіп, берілген мәтіні бойынша айтып берді. «Бастаушыны тап!» ойынында В деңгейлі оқушыға ұсындым. Бұл ойын топ оқушыларын ынтымақтастыққа, сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай түсіне,  білуіне көмектесті. Постер  қорғау барысында топтар бір - біріне сұрақ қойып, жауап берді. «Тез ойла!» әдісі арқылы материалды қорытындыладым. Онда оқушылар бүгінгі ізденген сабақтан алған білімдерін, түсінгенін байқатты. Сабақта өзара пікірі мен сөйлеу мәдениеті қалыптасып келе жатқанын білдім. Міне, сол себепті де оқушыларды мына жаңа тәсілдермен өткізілген сабақтарда өздерін қалай ұстайтынын білдім.Барлық жағдайларда оқушылар бірін-бірі бағалап, табыс крийтерилері арқылы кері байланыс жасап, сабақтың қиындығы мен ұнағандығын, ұсынысын қалдырды. Сабақта пайдаланған негізгі ресурстарыма: интербелсенді тақта, кішкене доп, А2 плакаттар, маркерлер, жетондар, стикерлер, бағалау парақтары, гүлдер, жемістер, түрлі – түсті парақтар, суреттер және оқулықты пайдаланып отырдым.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Үшінші сабағым «Жетісудағы Қарақытайлар».Негізгі мақсатым – Жетісудағы Қарақытайлардың келуін, қоғамдық  құрылысын, саяси жағдайын, әлеуметтік барысын түсіну. Оқушыларға  Жетісудағы Қарақытайлардың келуін, қоғамдық   құрылысын, саяси жағдайын, әлеуметтік барысын  сипаттап, топта  жұмыс жасап,өзара қарым-қатынас құзіреті дамиды, бірлесе отырып оқу арқылы жаңа  білім меңгерілді. Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін, тарихшылардың  еңбектерін  парақтарға құрастыру  арқылы топқа бөлдім.. Сынаққа алынған А, В оқушылар жақсы жұмыстар жасады. Тапсырманы дәптерлеріне тірек-сызба түрінде түсіріп, белгіленген уақытта жазып шықты. Ал, С деңгейіндегі оқушылар бастапқы кезде бұрынғы әдеттеріне басып, сыныптастарына кедергі жасап, тәртіп бұза бастады. Бірақ жеке жұмыс берген соң мен жандарына барып тапсырманы орындауларын талап еттім. Үшінші шешуші сабағымды ашық сабақ ретінде өткіздім. Онда оқу  ісінің меңгерушілері мен көптеген пән мұғалімдері қатысты. Сабақтың  тақырыбы: «Қыпшық хандығы». Сабақтың  мақсаты: «Қыпшақ хандығының этникалық құрамы, қоғамдық  құрылысы мен саяси   жағдайы  және шаруашылығымен танысу. «Ой қозғау» әдісі арқылы тақтадан  (бейне жазба) видео көріп, ортағасырлардағы тайпалық кезеңдерді жан-жақты әңгімелеп берді.Қыпшақтардың орналасқан жерлерін сызба кесте арқылы толтыру,суреттер көрсетілді. Оқушыларды сергіту сәті - «Капитан ойыны» болды. Осы сергіту сәтін пайдалана отырып, оқушыларды  3 топқа бөлдім. Топқа тапсырмалар берілді. Оқулықтағы мәтінмен танысып, дәптерлеріне маңызды сөздерді сұрақ - жауап етіп  жазды. Тақтаға әр топтың жасаған флипчарттары ілінді. Тақтаға ілінген флипчарттарындағы сұрақтарына  бірге жауап берді.Тақтадағы оқушы әрбір сұрақты өз тобына атап айтты. Орнында отырған топ мүшелері кезекпен жауап берді. Осылайша барлық топтың жұмысы талқыланды. Барлық балалар мәтінмен толық танысып шықты. Оқушылардың жаңа сабақты түсінгендерін біліп, сабақты қорытындылау үшін деңгейлік тапсырмалар бердім. Деңгейлік тапсырманы бұрын мынау «5»-ке оқитын балаға, ал мынау «4»-тің баласына, енді бірін «3»-тің баласына беремін деп дайындайтынмын. Ал, енді жаңа тәсілмен оларды 5,4,3- тің тапсырмасы деп бөліп жармай, бір параққа үш деңгейдің де тапсырмасын жаздым. Бірінші жұмыста бес тест сұрақтары, екінші тапсырмада тарихи диктант, үшінші тапсырма сөзжұмбақ шешу болды. Осы сабақтағы үлгерім сапа көрсеткішін айтсам, сабаққа қатысқан 16 оқушының бесеуі 5-ке, сегізі 4-ке, қалған үшеуі 3-ке бағаланды.
    Зерттеуге алған тақырыбым бойынша  өткізілген сабақтарымда  бағдарламадағы  жеті  модульдің элементтерін кірістіруге тырыстым. Сабақтың өтілу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша сабақтарымда топтастыруды,жеке жұмысты, сергіту сәттерін, «аялдама», «жарнамалау» ойындары, кері байланыстар, сындарлы оқыту, бағалау парағын беру арқылы қалыптастырушы бағалау және жиынтық баға  деген сияқты әдіс – тәсілдерді пайдаландым.
           Өз іс-тәжірибедегі зерттеу жұмысымды қорытындылай келе,зерттеуге алған тақырыбымның, сол тақырыпқа орай қойған мақсатымның орындалуына  үнемі өзім басты тұлға болып көшбасшылық еттім десем болады. Бұл бағдарламамен өткізілген сабақтар «дәстүрлі» сабақтарға қарағанда өте тиімді және нәтижелі. Бірақ мұғалімнің ізденімпаздығын, тыңбай жұмыс жүргізуін талап етеді екен.
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға терең де тиянақты білім беру өз міндеті мен парызы. Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды зерттеу, қолдану, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар еңбегін тарату, жас мамандарға көмек көрсетудің барлығы мұғалімнің кәсіби мүмкіндігін дамыту болып табылады. Бір – бірімізбен шеберлігімізді арттырып, қоғамда өз деңгейімен шәкірттерге білім дәнін сепсек – ол біз үшін үлкен мәртебе.    Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы мұғалімді жеке тұлға ретінде тәрбиелесек, оның кәсіптік мәдениеті қоғам талабына сай боларлықтай дәрежеге жетеді деп ойлаймын. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін. Сөзімді дана ұлы Абайдың «Өзгеріс керегіне сену керек, қиынды тек жігермен жеңу керек!» деген киелі сөзімен аяқтағым келіп отыр. Ұстаз әрқашан ұлы тұлға. Оның шығармашылығына, ізденімпаздылығына қолдау көрсетіп, ұстаз қауымын әрқашан ұлықтап жүрейік.

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ