Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от jaki в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Пәннің аты

Математика

20.10.2016ж

Сабақтың атауы

3 санын қосу және азайту

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: 1. 3 санын қосу, азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту.
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап есептеуге үйрету
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, 3-ке қосу, азайту кестесі,
үлестірме қағаздар, математикалық жұмбақ,

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз

Топқа бөліну.   4- топқа бөлінеміз.

1-топ    3саны

2-топ    4саны

3-топ    5саны

4-топ    7саны

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

4-топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту

Математикалық жұмбақ

10 түйе,5 жылқы

5 сиыр, 20 лақ

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң, бол күлкі (45)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Үй тапсырмасы

№5   57 бет

90 мин=1 сағ 30 мин

100мин=1 сағ 40 мин

1 тәул.1 сағ=25 сағ

1 сағ 10мин=70 мин

1 сағ 20 мин=80 мин

1 сағ 9 мин=69 мин

«Кім жылдам» ойыны.

1.1сағатта неше минут бар? 60

2.1 жылда неше ай бар?12 ай

3.1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл

4.1 метрде неше дм бар? 10дм

5. 1 аптада неше тәулік бар? 7 тәулік

6 . 2сағ 10 минутта неше минут бар? 130 мин

7. 1 мүшел неше жыл? 12 жыл

8. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? См,дм,м, км

Үй тапсырмасын  тексеру

Мағынаны тану

 Санды жұмбақ жасыру.

Қайратта бар бір жапырақ,
Жанатта бар бір жапырақ,
Санатта бар бір жапырақ,
Қоссақ барлық жапырақтарды
Нешеу болды шешуі?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Олай болса бүгін біз 3 санын қосу және азаайтумен танысамыз. Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, 3 санын қосу және азайту кестесін меңгеріп, екі амалмен шығарылатын есептер жайлы  білімімізді кеңейтеміз.

8 -ге 3-ті қоспас бұрын  8-ге қандай санды қосқанда 10 болады?

Ендеше сегізге 2-ті қосамыз, сонда тағы шаршы қалады? Бірінші жолда он шаршы. Бұл ондықты білдіреді. Ал екінші жолақшада бір шаршы, бұл бірлікті білдіреді.

Сонда 8 бен 3 қосындысы неше тең?

Ал 11-ден 3–ті қалай азайтуға болады?
11 қандайда бір санды  азайтқанда 10 шығады?
Ендеше 11-ден 1-ді азайтсақ, сонда тағы неше шаршы қалады? Енді қалған 2 шаршымызды азайтамыз. Сонда 11 мен 3 айырмасы нешега тең?

слайд арқылы түсіндіру)
а) 8+3=11 ------- 11-3=8
(8+2)+1=11 ----- (11-1)- 2=9
 

№ 2.  Тура теңдік құр. Қосу кестесінен пайдаланған теңдікті жаз. Дәптермен жұмыс

Оқушыларға орындату:
б) ) 9+3=12 ------- 12-3=9
(9+1)+2=12 ------- (12-2)- 1=9

Тақтамен жұмыс

11-3=8
3+8=11
11-8=3
8+3=11

1,2-топқа тапсырма

Балалар не белгілі, не белгісіз? Соны табайық.
1) Т. дейін-20кг
Т. кейін-15кг
Жұмсалды-5 кг
Қалды -?
Ш:(20+15)- 5=30
Ж: 30кг картоп қалды.
 

3,4-топқа тапсырма
Б. еді-11кг
Жұмсалды-2кг
Салды-3кг
Болды -?
Ш:(11-2)+3=12кг
Ж: 12кг ұн болды.
Әр топ өз топтарын қорғайды.

Әр топқа тапсырма  .Тақтаға орындайды

 Математикалық диктант:
9мен 1 сандарының қосындысына 2-ді қосу;(12)
12 мен 2сандарының айырмасынан 1-ді азайт; (9)

8 бен 2 сандарының қосындысына 1-ді қосу;(11)
11 мен 1сандарының айырмасынан 2-ні азайт(8)

Сергіту сәті

Музыкалық әуенмен «Көңілді күн»

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Топтық тапсырма

1-топ: 3 санына байланысты 

2-топ: 4санына байланысты

3-топ: 5санына байланысты:

 4-топ:7санына байланысты

6-тапсырма Өз бетімен жұмыс

Шығармашылық тапсырма:

 2,3,5 сандарын пайдаланып мәні 4 ке тең өрнектер жазу
(5+2)-3=4

(5-3)+2=4

5-(3-2)=4

Ойын «Қоянға көмектесейік»

- Бүгінгі біздің сабағымыз қандай санмен байланысты болды?
- 3саны туралы не білдің?

Үйге тапсырма

№7   59-бет

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Кері байланыс

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

ответил от jaki

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов