Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктеріне не жатады?
Тұйық электр тізбегі сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады. Сыртқы тізбек abcd , тұтынушылар немесе R кедергісі бар жүктеме д.а. әр түрлі аспаптар мен құрылғыларды қамтиды. Ішкі тізбек ad ток көзі болып табылады.
Бөліктердегі кернеу немесе кернеудің түсуі
Кернеу U әрпімен белгіленеді.
Тізбектің кез келген бөлігіндегі кернеу, сол бөліктің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
Тізбектің бөлігіндегі кернеу осы бөліктің ұштарындағы потенциалдар айырымы мен оған әрекет ететін электр қозғаушы күштің қосындысына тең:
U = ∆φ+ε
Тізбектің ток көзі жоқ бөлігінде ЭҚК болмайды (ε =0).
Тізбектің мұндай бөлігіндегі кернеу потенциалдар айырымына ғана тең болады:
U=∆φ=φ2 - φ1
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы U1 және U2 кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз
Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда R = R1 + R2 , яғни тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Өткізгіштерді параллель жалғау
U1 = U2 = U.
I = I1 + I2
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні R арқылы белгілей отырып, ,
формулаларын аламыз.
Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
Есеп шығарғанда қолданылатын формулалар
Сабақты бекіту. Есептер шығару
1.Егер конденсаторға заряд 4 нКл және сыйымдылығы 2000 пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады?
2. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?
3. Электр үтігінің кернеуі 220 В жүйеге қосылған. Егер үтіктің қыздырғыш элементінің кедергісі 48,4 Ом болса, ондағы ток күші неге тең болады?
4. Кедергілері 540, 270 және 135 Ом үш резистор параллель қосылған.Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар.
Қорытындылап кері байланыс жасау:
Бүгін мен не үйрендім ? Маған не ұнады /ұнамады/ ? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің?
Бағалау. №2 зертханалық жұмыс тақырыбы: “Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды зерттеу” Мақсаты: өлшеу арқылы тәжірибеде алынған нәтижелердің Ом заңынан туындайтын салдарлармен үйлесуін тексеру.
Үйге тапсырма §55-56, өткенді қайталау.