Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: 1.Қосындыны санға бөлу, көбейту, үш таңбалы сандарды салыстыру көбейтудің қасиеттерін тиімді пайдалану тақырыптарында білімді тиянақта
2.Оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік өасиеттерін дамыту
3.Оқушыларды ұқыптылыққа , шапшаңдыққа,пәнге қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, «Алтын сақа» ойыны.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, машықтық жұмыс
Көрнекілігі: асықтар, қима қағаздар
Сабақтың барысы: . І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Сабақ «алтын сақа» ойыны бойынша жүргізіледі
Ойын ережесімен таныстыру.
Бірінші жол белгісі «Табалдырықтан » өту үшін; а)топ басшысын таңдауға жалпы сұрақ қойылады.
Сұрақтар:
1.Көбейту амалдарының қасиеттерін ата
2.Текшенің неше қыры бар ?
3.Текшенің көлемін табу үшін неше өлшем пайдаланамыз ?
ә) Оқулық жұмысы бойынша біздің шығар табалдырығымыз.
1- тапсырма. (Егер есепті қай топ тез орындаса алған екі топтан қоржынына асық алып салынады)
а) әрқайсысында -14 оқушы Шешуі; 14* 10 = 140 140 ; 7 = 20
10 топ – 7 қатар Жауабы: әр қатарға 20 оқушы отырған.
Әр қатар - ?
Ә) «Қызыл телпек » - 24 Шешуі: (24+ 18) : 7 = 6
«Маймақ аю » - 18 Жауабы: әр балаға 6 кәмпиттен тиді.
Берілді – 7
Әр бала - ?
Екінші жол белесі «Әудемжер».
Топ басшылары келіп күймелеріне түстес конверттерін алады.Мұнда 2- тапсырманың берілгені жазылған. (Бірінші орындағанға қосымша үш асық ,екіншіге екі асық , үшіншіге бір асық салынады).
(80+16) : 8= (900+12) : 3 = (600+60+8) : 2 =
(70+14) :7 = (800+28) :4 = (900+60+9) : 3 =
(60+12) : 6 = (600+30) : 6 = (800+40+8) :4 =
«Қозыкөш» белесі 3- тапсырма
Ұқсастығы Айырмашылығы