Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырыбы  82

       Мұхтар Әуезов өмірі, шығармашылық жолы.

Мақсаты

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың танымал жазушысы, қоғам қайраткері, біртуар тума талант иесінің өмірі, шығармашылық  жолына, тіліне, көркемдігіне баса назар аудару.

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Жазушының ойының тереңдігі, тіл көркемдігі, оқырманға, халқына қалдырған аманаты, болашақ  алдындағы парыз бен міндет туралы  біледі, түсінік танымдары қалыптасады.

Күтілетін нәтиже

Тақырып туралы  түсініп, мағынасын  ажыратып,  Мұхтардың өмірі мен шығармашылығын түсініп оқиды,  талдау жасай алады, көркемдік қасиетін тауып дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Кім алғыр, Галерея әдісі, Тест, Бес жолды өлең, Бес саусақ

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

    Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

     Барлық оқушыны ортаға шығарып қағаз суыртамын. Онда Жансүгіровтың «Күйші» поэмасынан үзінді келтірілген. Поэманың орналасу тәртібін сақтай отырып, сағат тіліне байланысты орналасады.

  .

Топқа бөлдіремін.

Қалай отыратындықтарын түсіндіремін.

Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Өлең жолдарын оқу арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Өлеңнің ретін сақтай отырып,  топ құрып орындарына отырады.

Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады.

ответил от Sania
0 голосов

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын  ояту

«Кім жылдам» 

Сұрақтар  әр  топқа  жеке-жеке қойылады.  

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

 Үй тасырмасын қайталауға сұрақтар беріледі, поэманың айтпақ ойын күйшінің көңіл күйіне қарай сұрақтар беріледі.

Мұғалім берген сұраққа мазмұнды жауап қайтару, диалог арқылы   қайталау сұрақтары мен тапсырмаларды  топ мүшелері өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді

Түсіну

«Кім  алғыр» әдісі

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен  тақырып пен жаңа сабақты байланыстыра отырып,  бірненше сұрақтар дайындау

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс, жаңа сабаққа қадам жасау.

Қолдану

 «Галерея әдісі» пайдаланамыз

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов  өмірі мен шығармашылығы, романдағы тарихи тұлғаларға талдау жасау. Мұхтардың мұражайына саяхат жасау.

Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында  галерея әдісі бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Топтарға бейнебаян көрсетіледі, мазмұны баяндалады.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту, мұражайдың тарихын меңгереді.

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, төрт топ бір бірін аралап шығады.

Сергіту сәті

Қажетіне қарай

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Дайын  жаттығулар жасайды.

Талдау

Топпен жұмыс  «Тест» тәсілі арқылы

Топтарға жаңа тақырып бойынша  өткен сабақты толық меңгерту мақсатында ашық, жабық, ия-жоқ, сәйкестендіру тест жұмыстары беріледі. Тест тапсырмалары жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін  тексеру және жұмыс істеу

Төрт топқа берілген тест тапсырмаларын уақытылы құрып, орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан оқушы ортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі  тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орындату

Жинақтау

Шығармашылық тапсырма

«Бес жолды өлең» әдісі

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады, эссе, өлең жазу.

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын  қағазға жазып, оқып береді.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау дискриптерін тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі

Оқушыларға А4 қағазына алақандарын салып, толтыруды ұсыну

Ұсынылған қағазды  толтыру тақтаға  жапсыру, дәлелдеу.

Үй тапсырмасы

Сөзмаржан , даналық ойлар.

М.Әуезов өмірі, шығармашылығына  талдау жасау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыстану.

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ