Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы:  Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: 6 саны

Мақсаты: Балаларды 6 санымен және цифрымен таныстыру. Тура және кері санай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын

Қажетті көрнекі құралдар: 6 саны, 6 санына байланысты суреттер

Қос тілділік компонент: алты- шесть, сан- цифр

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Жылулық шеңбері

Алты қанат ақ Орда

Әнсіз, күйсіз болар ма?!

Айттырмайды дауыңды

Алты ауызы ауылдың

Тебеді ел кеткенше

Алтыбақан, әткешек

Алты шекті гитара

Қала алмайды бейтарап

Алты аяқты қоңыздар

Ұшып жүрген қобыздар

Жұмбақ жасыру

Бестен кейін келеді

Тапқыр оны біледі

Бұл қай сан?

«Қонақтар келді» дидактикалық ойыны

-Майра түскі асқа келетін қонақтарды күтеді. Ол сұйық асқа тәрелке, қасықтар дайындады.

-Тәрелке мен қасықтардың саны бірдей ме?Оны қалай білуге болады? Суретке қарап , әрбір тәрелкеге бір қасықтан қойыңдар. Майра қателескен жоқ па? Дәлелдеңдер. Майра неше қонақты күтеді?

Тура және кері санау

1 2 3 4 5 6

6 5 4 3 2 1

Өлең жолдарын шеңберге тұрып айтады

6 саны

Майра қонақтарға 6 қасық, 6 тәрелке дайындады. Майра 6 қонақ күтті

1- ден 6-ға дейін тура және кері санайды

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Логикалық есептер

1.Жемсауытта 5 торғай жем жеп отыр,оған тағы 1 торғай келіп қосылды. Барлығы неше торғай болды?

2.Көлде 8 аққу жүзіп жүр,оның 2 көлден ұшып кетті. Көлде неше аққу қалды?

Сандық қатар

1- ден 10-ға дейінгі сандар арасынан 6 санын тауып қорша

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Алты саны ұлықпа

Ұқсас өзі құлыпқа

-Мына құлыптардың саны нешеу?

-Оларды қай кілт ашады?

Сергіту сәті

1,2,3- қарлығаш боп ұш

5,6,7- қарлығаш боп қалқы

7,8,9,10-өз орнына қон

6 торғай болды

6 аққу қалды

6 санын тауып қоршайды

6

Әр құлыптың кілтін табады

Сергіту сәтін орындайды

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Тапсырмалар

«Көршісін тап»

1...3...5..7...9....

..2...4...6..8...10

Дидактикалық ойын: «Санын анықта»

Әр көкөніс пен жемісті,жидекті есептеп санын айтады

Есепте:

 5+1=6      4+2=6         3+3=6

Бояу: Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата

6 санын бастырып жазу,штрихтау

Оқуіс-әрекетін қорытындылау

Сандардың көршісін табады

Санын анықтайды

Есепті орындайды

6 санын жазып үйренеді

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 6-ға дейін тура және кері санауды біледі .

Қандай түсініктерді меңгерді: 6 саны жұп сан екенін, көршілес сандарды тауып жазуды,есепті ойлап шығара білуді меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындап, өз беттерімен 6 санын жазып үйренулері.

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ