Сабақтың тақырыбы: Сұйықтардағы электр тогы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтарда электр тогының өтуі, заряд тасымалдаушы бөлшектер, электролит ерітіндісі, электролиз заңы және электролиздің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, білімге қызығушылыққа, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғым беру мен қалыптастыру
Сабақтың түрі: фронтальді, жекелей және топтық.
Пән аралық байланыс:
Химия- электролиттік дисоцация; электролиз; химиялық эквивалент;
электролиттер; мольдік масса;
Математика- математикалық түрлендірулер мен есептеулер;
Информатика- компьютермен жұмыс;
Орыс тілі- аударма жұмысы;
Өндірістік сабақ- электр тогы, кедергі; тоқ жұмысы;
Сабақтың керекті құрал-жабдықтары:
Оқу көрнекілік құралдар: Электролизді көрсетуге арналған құрал-жабдықтар;
эпиграф; электронды плакаттар; электронды оқулық; электронды тест;
сөзжұмбақ, карточкалар, М.Фарадей және Б.С.Якоби портреттері.
Техникалық құрал-жабдық: компьютер;интерактивті тақта;
Әдебиеттер:
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев «Физика» 10 сынып оқулығы;
Алматы «Мектеп» 2006ж.
2. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»
Сабақтың барысы:
Эпиграф:
«Химия физиканың оң қолы болса, ал математика оның көзі ».
М.В.Ломоносов.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен, эпиграфпен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
( Оқушылардың бір бөлігі тест тапсырмасын орындайды, ал қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді, сөзжұмбақ шешіледі. Тапсырма кезекпен ауысып орындалады.)
А) Фронталь сұрақтар қою. В) Компьютердегі тест тапсырмасы.
1. Электр тоғы деген не?
2. Жартылай өткізгіштер деп нені айтады?
3. Жартылай өткізгіштерге мысал келтір.
4. Жартылай өткізгіштерде заряд тасымалдаушы бөлшектер нелер?
5. Кемтік деген не?
6. Ж.Ө. өткізгіштігін қалай арттыруға болады?
7. Донарлық қоспа деген не?
8. Донарлық қоспа қосу арқылы қандай типті ж.ө. алынады?
9. n-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
10. Акцепторлық қоспа деген не?
11. Акцепторлық қоспа арқылы қандай типті ж.ө. алынады?
12. р-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
13. Қандай ж. ө. құралдарды білесіңдер?
14. Ж.Ө. диод не үшін қолданылады?
15. Транзистор қандай қызмет атқарады?
( сұрақтар қысқартылып алынды)