«Шебер қолдар» үйірмесі
Үйірменің проблемалық тақырыбы:
«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы арқылы, оқушылардың шығарма-шылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді, мәдени-мұраларымызды, сәндік-қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулу, көркем сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау және жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.
Үйірменің мақсаты:
1.Оқушыларды өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандан-дырып, оның шығу тарихын,қалай пайда болғанын түсініп ғана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік-қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.
2.Үйірме жұмыстарының үстімен, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, оқушылардың бейнелі ойлай білу, өз ойларын өнер туындысына айналдыра білу, шығармашылық, жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту.
3.Баланың бойындағы қабілет пен дарынды зерттеу және дамыту арқылы, тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелей отырып бастаған ісін аяқтап шығуға дағдыландыру.
4.Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, күнде-лікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта бұйымдарды жасау әдістерін меңгерту.
Үйірменің міндеті:
1.Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, өндіру материалдарын үнемді пайдала-на білуге, еңбек мәдениеті мен еңбекті қорғаудың бастапқы элементтерін мең-гертуге бағыттау.
2.Баланың бейнелі ойлау, өз ойындағыны нобай, сурет, сұлба, сызбалар мен жазықтыққа шығара білу қабілеттерін қалыптастыру.
3.Бұйым жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы оқушылардың шеберлігін арттыру.
4.Қалдық материалдардан көркем бұйымдар, макеттер жасау арқылы оларға екінші өмір сыйлауға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар халық қолөнерін игеру арқылы халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, өз қолдарымен жасаған көркем сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен макеттерін мектепшілік және қалалық көрмелерге шығарады.