Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сынып: ___                                            ___ сабақ                                                              Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

Сабақтың мақсаты:                                        

1) Білімділік: оқушыларға қысым деп нені айтатынын, оның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін түсіндіру.

2) Дамытушылығы: оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын көтеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа, ұлттық ғылыми жетістіктерге деген құрметке, адамгершілік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.

3)Тәрбиелік: жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу, мамандаққа баулу. Патриоттық сезімін ашу, іздемпаздыққа бағыттау, жасанды спутниктердің маңыздылығын және олардың құрылысымен түсіндіру. Этнопедагогикалық  тәрбие беру. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау.

Көрнекілік құралдар: слайд, карточка.

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушылардың  құрал-жабдықтарын алғызу.

ә) Көңілдерін сабаққа аудару.

б) Оқушыларды психологиялық дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

1. Масса дегеніміз не? (Масса – денелердің инерттілігінің өлшемі.)

2. Заттың тығыздығы дегеніміз не? (Заттың тығыздығы – сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалвқ шама.)

3. Күш деген не? (Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.)

III. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік.

1.Қысым деп нені айтады? (Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.)

2.Қысымды қалай анықтайды? ( )

3.Қысымның бірліктері. ( )

ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады. Дәлірек айтсақ: қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

   немесе   ,

   немесе  

 .

Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен-бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік.

Қатты денені құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасады және олардың қандай да бір нүктенің төңірегінде тербеліп қана қозғалады, әрі молекулалардың осы нүктеден алыс ұзап кете алмайды.

Сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан-жаққа бірдей таратады.  

V. Жаңа сабақты бекіту.

1.Қысым деп нені айтады?

2.Қысымды қалай анықтайды?

3.Қысымның бірліктері.

VI. Оқушыларды  бағалау.

VII. Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру. Үйге: §33, 34. 15-жаттығу.

15-жаттығу.

1. 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.

Берілгені:             Шешуі:

2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңдар.

Берілгені:             Шешуі:

3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

Берілгені:             Шешуі:

                                       

 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:   ___________   А. Думбергенова

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов