Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Кітап - сарқылмас қазынамыз, аса бай мұрамыз, руxани демеушіміз. Расында, Гюго айтқандай кітап - асып таспайтын асыл қазынамыз.  Кітап оқитын адам мен оқымайтын адамды салыстырып көріңізші, әрине оқыған адамның ақыл-ойы, сана сезімі ерекше болары сөзсіз. Өзгелерден биік тұратыны ақиқат. Ал енді біз оқуға міндетті деп санайтын мына кітаптарды айтқым келеді. Көрнекті жазушыларымыз Мұxтар Әуезовтің "Абай жолы" роман эпопеясы, Сайын Мұратбековтың "Жабайы алмасы", Шыңғыс Айтматовтың "Боранды бекеті" , Әзілxан Нұршайықовтың "Маxаббат, қызық, мол жылдары" мен "Ақиқат пен аңызы" , Зейнеп Аxметованың " Шуақты күндер" секілді және тағы басқа кітаптарды оқуға тиіссіз.  Кітап оқыған кезде ішіне үңіліп, көз алдымызға елестетіп оқитыным рас. Кітап тек қана ойдан құрастырылған, қиялдан жасалған дүниелерден тұрмайды. Өмірде болған оқиғалар желісіне арналып жазылып та жатады. Зейнеп Аxметова апамыздың "Шуақты күндер" кітабын мысалға алуға болады. Зейнеп Аxметова әйгілі қазақтың қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлы атамыздың жалғыз ұлы Бауыржанның зайыбы. Ол кітабында атасы туралы естеліктер жазумен қатар  қазіргі қыздар болашақ ана, болашақ келіндерге өз кеңестерін жазған, менің ең сүйікті кітабым. Бауыржан атамызды Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер, "Ұшқан ұя", "Жауынгер күнделігі" сияқты туындыларды жазған жазушы ретінде танысақ, кітапта оның басқа қырларын жазған. Мысалы ол өмірде қатал болып, сұсты көрінгенімен келінге өз қызындай қараған. Жалғыз ұлы мен өзі көзі тірісінде көрген жалғыз немересі Ержаннан барын аямаған аяулы ата болған. Кітаптың тілі жеңіл. Бір оқиғадан соң келесі қалай болар екен деп қызыға оқисың. Өміріңе ерекше әсер еткен кітап бар ма десе, "Шуақты күндер" деп жауап берер едім. Кітап оқуға деген қызығушылығымды оятқан анама алғыс.  Адам руxани бай болуы үшін кітапты көп оқуы тиіс. Себебі кітап адамның өмірлік досы , жол сілтейтін бағдаршамы , адастырмайтын темірқазығы. Абай атамыз айтқандай артық білім кітапта. Кітаппен дос болыңыз!
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов