Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ауылым
         Менің туып өскен жерім - Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев елді мекені, Ғ.Мұратбаев ауылы.
Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу, өте көркем. Менің айтқым келгені Мақтарал ауданының, оның ішіндегі өзім туып өскен жерім бұрынғы аты «30-жылдық» қазір Ғ.Мұратбаев ауылы. Біздің ауылға ешқандай ауыл тең келмейтінін айтқым келеді. Менің ауылым жетістігін айтып тауыса алмаймын. Спорт, өнер, білім жағынан керемет жетістіктерге жеткен ауылым. Әсіресе соңғы істеліп келе жатқан үлкен ісшараларды ерекше айьтқым келеді. Заманауи талапқа сай салынып жатқан керемет мектеп ғимараттары, балабақша, кереметтей ауруханлардың барлығы осы Ғ.Мұратбаев ауылынан кездестірсе болады. Және өзім осы енді ғана салынып біткен «№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқарамын. Мектептегі қызметім жайлы келесі шығармада жазып өтермін, қазірге ауылым жайлы әнгіме етемін. Сонымен Мақатарал ауданы өзі айтып тұрғандай «Ақ алтынның» отаны десем қателеспеймін. Біз мақта шарушылығы арқасында бүкіл Қазақстанға ғана емес, бүкіл елге танымал болдық дегім келеді. Біздің шаруа қожалығымыздағы мақтаныш тек мақтамен тоқтап қалар емес, бұл жерде ең кереметтей қауын – қарбыз, жүгері, қияр және тағы басқа дәнді дақылдар егуменде танымал ауыл. Ауылымыздың бірлігі жарасқан, тату-тәтті тұратын ауылмыз. Неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Осы ауылымызда бізге танымал біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Осы туып өскен өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын. Менің туған ауылымдай кең  даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.  Өз туып өскен ауылын  сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті деп білемін. Сондықтан мен бірінші шығармамды өз туып өскен жеріме арнадым.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық, ал туып өскен жеріміз, туып өскен ауылымыз қайда жүрсекте естен шығармауымыз керек. Мен ауылым туарлы төрт қатар өлең жолдарымен аяқтағым кеп тұр.
                       
       Ауылыма арнау
О, менің ауылым, ауылым,.
Жаман десе біреу соның жауымын.
Сүйемін барлық қауымын
Менің сүйікті ауылым!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов