Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Еуразияда орналасқан. Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстанда көп  ұлт тату өмір сүреді. Қазақстанда 14 (он төрт) облысы бар. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыйланды.    Қазақстанның рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңбаның шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырақ бар.1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.  Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. 2016 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл болады. Бұл үлкен мереке. Қазақстанның табиғатты өте әдемі. Биік таулар, жазық дала, ормандар, бидай өрістері,  бұның барлығы- Қазақстан.
Менің Отаным тек қазақстандықтар үшін ғана таныс ел емес. Қазақстанымды бар әлем таниды. Елбасымыз әлемге Қазақстанды қөрсетті. Отаным халықаралық, дүниежүзілік деңгейде іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп жатыр. Тәуелсіз 25 жыл бойы жеткен еліміздің жетістіктерін мақтана айтамын. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниежүзіне атақты дана саясатшы, өйткені ол елдерді бір –бірімен татуластырушы дипломат деп ойлаймын. Біздің ел осындай Елбасының саясатын қолдайды. Тәуелсіз жылдардың тағы бір маңызды жетістігі – Астана қаласы. Астанаға барғанда мен ерекше толғанып, жүрегім қатты соғып кетеді, өйткені осы қаланың әсемдігіне көзім тоймайды. Астанамыз тек сұлу емес, ол экономика, мәдениет, ғылым орталығына айналды. Астанама осы өлең жолдарын арнаймын:
Айналайын, жас қала,
Сүйем сені, Астана!
Сұлусың, сен, дана,
Астанам, сен, тамаша!  
 Мен Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласында тудым. Булаев - өте әдемі қала. Ауданым қазақ еліне танымал ақын Мағжан Жұмабаевтің туған жері. Мағжан атамыз өз өлеңдерінде  туған жеріміздің ормандар мен жазық даласын жақсы суреттеген. Булаев қаласы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша нан көзі. Осында Солтүстік Қазақстан элеваторы орналасқан. Мен Астана, Қарағанды қалаларында қыдырдым. Шет елге де саяхатқа бардым. Араб әмірліктеріне отбасымызбен саяхатқа бардық, Таиланд елін де  көрдім. Басқа елдер әдемі, өзінше сұлу, бірақ мен үшін Булаев қаласы бәрінен де ыстық және қымбат, себебі ол-менің туған жерім!
Қазақстанның тәуелсіздігі менің еліме бейбіт өмір, қазақстандықтардың татулығы мен ұлттардың достастығын нығайтты. Мен өз елімді мақтан тұтамын! Өз еліме жарқын болашақ тілеймін!
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Менің Отаным- Қазақстан
Менің атым-Нұрбол. Мен Қазақстанда туып- өскенмін. Қазақстан-менің елім.Таулар мен жазықтар, өзендер мен көлдер, ұшы-қиыры жоқ дала мен құмды шөлдер- осы бәрі біздің Қазақстан. Біздің табиғатымызда Қызыл кітапқа енгізілген сирек өсетін өсімдіктер мен жануарлар. Қазақстанда бұл қор түрлеріннен таскөмір, мұнай, табиғи газ, таралған. Қазақстан минералды қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда, шын мәнінде, Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мысалы: алтын, көмір, мұнай, темір және тағы басқа.
Әр адамда өз фамилия, аты, әкесінің аты бар.
Ал,елімнің фамилия мен аты не?
Елтаңба, ту, әнұран. Ту көгілдір түсі бейбітшілік білдіреді. Алтын күн сәулесімен – тыныш пен байлық. Дала құсы –дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Қазақстан туралы көп айтқым келеді.
Ы.Алтынсаринның сөзі: «Біз барлық парызы - отанына пайдасына күшті үлес қосуға. Адам сыйлық, бір талант, ақыл-ой бар болса, ол, әрине, отанына даңқы оларды пайдалануға болады. Мен сізге Болашаққа ұмтылған, тәуелсіз, қазіргі заманғы Қазақстанды, жақсы көремін.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Менің Отаным – Қазақстан!
    Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан елі байтақ, кең өлке. Қазақстан елі өзінің байлықтарымен, қалаларымен, көрікті жерлерімен де бай.
    Қазақстан мемлекеті  Тәуелсіз ел екендігін атап айтуға болады. Тәуелсіздік алу үшін қазақ жастары жастайынан қыршын кетті. Басымызды иіліп, алғыс айтамыз.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан күні Тәуелсіздігін алды . Бүкіл Қазақстандықтар Тәуелсіздікке 25 жылдық мерей тойын атап өтті. Көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
     Қазақстан Мемлекетінің өзіндік рәміздері де бар. Ту, Елтаңба, Әнұран. Мемлекетімізді басқарып отырған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан  атамыз Қазақстан Мемлекеті зайырлы, егеменді ел болу үшін үлкен еңбек етті. 1990 жылдары елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Қазақстан елінің Тәуелсіз Мемлекет боларын сенген еді. Сол сенім аяққа нық басып, Қазақстан елін көркейтуге үлкен үлесін қосты. Өйткені, өз халқы үшін барын жасауға бел буған адамдардың бірі.
1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата-Заңымыз қабылданды.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Астана қаласында әдемі бәйтерек бар. Бұл бәйтерек  Астана қаласының символы болып табылады.  Біздің ұлттық валютамыз – теңге.
Қазақстан Мемлекетінің ұлттық тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі біздің ана тіліміз.. «Өзге тілді бәрің біл,өз тіліңді құрметте» деген айтып кеткендей, ана тіліміз қазақ тілі ұмытпай, қастерлеу керек. Өз тілін ұмытқан адам мәңгүртке айналады деп саналған.
Біздің  Отанымыз Қазақстан Мемлекетіннің  байлықтары өте көп. Қазақстан елі халқымен, көрікті жерлерімен, табиғатымен, әсем қалаларымен бай. Әр қалаларда өзінің байлықтары бар. Мысалы, Қызылорда қаласында мақта, күріш өсіріледі. Қарағанды қаласында  көмір, мұнай өндіріледі. Көкшетау қаласы әсем табиғатымен, Астана қаласы әдемі ғимараттарымен бай.
      Қазақстан елінде 150-ден астам ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүреді. Қазақ, орыс, өзбек, түрік, украин, қырғыз тағы басқа  ұлт өкілдері Қазақстан мемлекетінде тұрып жатыр. Қазақстан халқы қонақжайлығын өте жоғары деп те айтуға болады. Шетелден келген қонақтарды жақсылап қарсы алады.
    Қазақстан Мемлекетінің шекаралас елдермен де  жақсы қарым-қатынаста. Мысалға айтып кетсек, Ресей Мемлекеті, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері.
Әр адамзат баласы «Отан» деген киелі сөзде терең мағына бар екендігін білу керек. Біздің Отанымыз – Қазақстан Мемлекеті екендігін мақтана аламыз. Қазақстан елі дамыған 30 елдің қатарына кіру әбден лайық деп ойлаймын. Қазақстан елі – Мәңгілік ел! Сол Мәңгілік ел болып қалуын жас ұрпақтың қолында. Елбасымыз жастарға сенеді. Сол сенімді ақтау біздің еншімізде.
«Алға Қазақстан!» атты ұранмен Қазақстан Мемлекетін ары қарай асқақтата берейік!
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді.
ответил от игорь

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы