Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Полиция қызметкері
Мен Қазақстан азаматымын, сондықтан өз елімнің өмірі маған өте жақын. Елім әлемдегі белгілі мемлекет. Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Біздің мемлекетте халықаралық ұйымдар өздерінің кездесу саммиттерін, конференцияларын өткізеді. Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тыныштығы басты екенін айтады, мемлекетте бейбітшілік болсын деп көп жұмыс жасайды. Ал халық тыныш болу үшін елде тәртіп болу керек, оны сақтау қажет. Қазақстанда тәртіпті, Ата Заңды сақтау орындау үшін полиция қызметкерлері қажырлы еңбек етеді. Полиция қызметкерлерін әрқашан олардың жоғары кәсіби шеберліктері, өз ісіне адалдығы, табандылығы мен қайсарлығы ерекшелеп тұрады. Олардың жұмыстары жеңіл емес, қиын да қауіпті және жауапты. Бүгін мыңдаған қызметкерлер өзінің жоғары кәсіби мамандығына және қызметтік борышына адал, қоғам тәртібін қорғап, азаматтарда заңдылық күшінің сенімін қалыптастырып, қызметін мінсіз атқарып жатыр. Біздің Булаево қаласында полиция қызметкерлері көп, солардың бірі - Аксанов Нұрсұлтан .
Нұрсұлтанмен  кездесіп әңгімелескенде оның мамандығы маңызды екені маған анық. Нұрсұлтан өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Өз отбасы болса да, ол кісі үшін қызметтік міндеттерін орындаудың маңызы зор. Бұл кісі сауатты, компьютерді өте жақсы біледі, өзі компьютердің күрделі сынықтарын жөндейді. Мені де компьютерді түсінуге үйретеді, екеуміз компьютерлік бағдарламаларды қарастырамыз. Нұрсұлтан нағыз полиция қызметкері, өйткені ол спортпен айналысады, салауатты өмір салтын ұстанады. Полицияда әйел адамдар да жұмыс істейді. Олар ер адамдармен бірге халықтың қауіпсіздігін сақтайды.
Менің ойымша, еліміз тыныш болады, өйткені Нұрсұлтан ағай сияқты полиция қызметкерлері еліміздің бейбіт өмір сүруіне көп еңбек етеді. Қазақстандық полициямызға мықты денсаулық, жоғары кәсіби шеберлік, халық сенімін ақтап, еңбекте толағай табыстар тілеймін. Әрқашанда полиция қызметкерлерінің атағы ерлік, абырой және батырлық нышаны ретінде қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылсын. Мен де болашақта полиция қызметкері болу үшін сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов