ІІ.«Білу» – өтілген материалды есте сақтау және қайта жаңғырту. Оқушы қолданылған терминдерді, нақты фактілерді, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.
«Идеал тапсырма» әдісі арқылы «Азот және оның оксидтері. Аммиак» тақырыбы қорытындыланады.
Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды.
1)Азотты кім, қашан ашты?Қандай мағына береді?
2)Азоттың табиғатта кездесуі.Ауа құрамындағы азоттың мөлшері?
3)Азоттың периодтық жүйедегі орны?
4)Азоттың физикалық қасиетін сипаттаңдар.
5)Азот (ІІ) оксиді атмосферада қалай түзіледі?Реакция теңдеуін жаз.
6) Азот оксидтерінің формулалары жазылған.
1)NO; 2) N2O; 3) N2O3; 4) NO2; 5) N2O.
Барлық оксидтерді атап, азоттың тотығу дәрежелерін табыңдар
7)Берілген қосылыстағы азоттың массалық үлесін есепте.Си(NО3)2
8)Азот қандай заттармен әрекеттеседі?
9) Аммиактың физикалық қасиеті қандай?
10)Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады?
11)Азот молекуласында неше байланыс бар?Қай типіне жатады?
12)Аммоний тұздарын қалай алуға болады?
13).Азоттың ауамен, көмірқышқыл газымен салыстырмалы тығыздығы қандай?
14) 24 г азоттың (қ.ж.) көлемі қандай?
15)Химиялық реакцияны молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық түрінде жазыңыз.
a) NH4Cl+AgNO3 →
Оқушылар тақырып бойынша сұраққа жауап беріп,тапсыр-маларды орындайды.
ІІІ.«Түсіну»
(жаңа тақырып)
Түсіну- материалды бір айтылу формасынан басқасына түрлендіру, оқушының материалды түсінуі. Оқушы осыдан шығатын салдарды болжап, суреттеуі.
«Айналмалы бекет» әдісі
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.Түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек.
Жұмыс алгоритмі
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады.
Жаңа оқу материалымен жұмыс.
Тақырыбы: «Азот қышқылы және оның тұздары»
Топтық жұмыс:Постер қорғау.
Оқушылар постер қорғағаннан кейін тақырып туралы қосымша мәліметтер беріледі.
v Теориялық материал
Азот қышқылы-бір негізді тұрақсыз,күшті тотықтырғыш қышқыл,азоттың тотығу дәрежесі +5
Физикалық қасиеттері
Азот қышқылы-түссіз,өткір иісті сұйықтық.
Ауада түтінденеді,суда жақсы ериді. Тығыздығы – 1,52 г/ мл. -420С-та кристалға айналады. 860С-та қайнайды. Өте ылғал тартқыш. Ауада «түтіндейді», себебі буы ауадағы ылғалмен әрекеттеседі де, ұсақ тамшылар түзіледі. Концентрациялы азот қышқылы көбінесе сары түсті болады. Себебі азот қышқылы жартылай ыдырағанда азот (ІҮ) оксиді түзіледі. Оның түсі қоңыр..
Алынуы
Зертханада: 2NaNO3+H2SO4конц→Na2SO4+2HNO3
Өнеркәсіпте:N2+3Н2→2NН3↑
2NO+O2→2NO2↑
4NO2+2H2O+O2→4HNO3
Химиялық қасиеттері
Азот қышқылы-күшті қышқыл,күшті тотықтырғыш.Ол алтын мен платинадан басқа металдармен әрекеттеседі
а)металл оксидтерімен:2HNO3+MgO→Mg(NO3)2+H2O
б)негіздермен: 2HNO3+Mg(OН)2→Mg(NO3)2+ 2H2O
в)әлсіз қышқыл тұздарымен: 2HNO3 +Na2CO3→2NaNO3+CO2↑+H2O
4HNO3конц + Cu→Cu(NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O
8HNO3сұйық. + 3Cu→3Cu(NO3)2 + 2NO↑ + 3H2O
-Азот және тұз қышқылдарының HNO3: НСІ =1:3 болса «патша сұйықтығы» деп аталады,себебі онда металдардың патшасы –алтын ериді.
Қоданылуы:бояулар,дәрілер,қопарылғыш заттар,тыңайтқыштар өндірісінде қолданылады.
Азот қышқылының тұздары-нитраттар.
Нитраттар-қатты,кристалды,суда жақсы еритін заттар.Қыздырғанда ыдырайды:
2KNO3→2KNO2+O2↑ (Mg-ге дейін)
2Zn(NO3)2→2ZnO+4NO2↑+O2↑ (Mg→ Cu дейін)
2AgNO3→2Ag+2NO2↑+O2↑ (Сu-тан кейін)
Азот қышқылының тұздары тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Бейнефильм: «Азоттың табиғаттағы айналымы» көрсетіледі.
Жаңа тақырып бойынша білетін барлық мәлімет-
терді жазады.
Топта мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.
Оқығанын пайымдай
ды.
Өз ұстанымын құрады,мәтінді түсінеді.
V.Қолдану- ережелерді,
әдістерді,заңдарды,қағидаларды,теорияны қолдану.
Виртуалды зертхана арқылы химиялық тәжірибелер көрсетіледі.
№2 көрсетілім
«Нитраттардың ыдырауы».Оқушылар көрсетілім аяқталған соң реакция теңдеуін жазады.
Оқушылар тапсырманы өз бетімен
орындайды
Талдау –азот қосылыстарының химия-
қасиеттері туралы білімдерін пайдаланып, реакция теңдеулерін жазады
Тапсырма
№1
Өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
N2→NO→NO2→HNO3→Zn(NO3)2
Оқушылар тапсырманы тақтаға
орындайды
Жинақтау -тұтастыққа қол жеткізу үшін оқушының жаңаша элементтерді қиыстырып,
құра білуі
Оқулықпен жұмыс:
А–нұсқа
№1
Сұйық НNO3мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі:ZnО,СО2, Аg ,NаОН ,Nа2СО3
А нұсқа : №2 №3
«Т е л е г р а м м а»
Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.
Химиялық диктант.
1.Азот қышқылының формуласы ____________
2.Күн сәулесі әсерінен ыдырайтын болғандықтан ___________ құтыда сақтайды.
3.Азот қышқылы__________тотықтырғыш қышқыл.
4.Азот қышқылы асыл металдар_______ және_________ әрекеттеспейді.
5.Металдармен әрекеттескенде_________ бөлінбейді.
6. «Патша арағы» 1 көлем ______,3 көлем _____қышқылынан тұрады.
7. Азот қышқылының тұздары _____________ деп аталады.
8.Калий,натрий, кальций, аммоний нитраттары__________
деп аталады.
Тақтаға орындалады
Жеке жұмыс
Білімді бағалау.
тақырып бойынша шағын зерттеу жүргізе біледі.
«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы
Мақсаты: топтың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын күшейту, ашықтық атмосферасын қалыптастыру.Топ мүшелері дөңгеленіп отырады: әрбіреуінде қағаз бен қарындаш дайын болуы тиіс.
Тақырыпқа қатысты үшсөйлем жазу ұсынылады. Бұл үш сөйлемнің екеуі шындық, біреуі жалғанболуы тиіс. Барлық қатысушылар өз сөйлемдерін оқиды, қалғандары айтылғандардың шындық, не жалған екенін түсінуге тырысады. Барлық пікірлер негізделуі тиіс.
Оқушылар өтілген материалдар бойынша үш сұрақ құрасты
рып тапсырма
ға жауап береді
VІ. Үй тапсырмасын беру
§19.Мәтінмен жұмыс, қосымша материалдар жинау.
В нұсқа №1-4
Үй тапсыр
масын орындау
VIІ. Бағалау
Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады.
VIIІ. Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін жазу үшінстикерлер тарату
«Табыс сатысы»әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Оқушылар стикерді баспалдақ тұсына апарып жапсырады