«Ұрпақты
Отансүйгіштікке тәрбиелеу-басты міндет»
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы аудандық
балалар саз
мектебінің
«Теория және
сольфеджио»
пәнінің мұғалімі Ихсанова
Гульфия Жоламановна
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық
сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз»
Н. Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта
ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды
тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын артып отыр. Туған халқымыздың өткен
тарихына көз жіберсек, ерекше ізгі қасиеттермен қатар Отансүйгіштіктің де
керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні
егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың
теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Отансүйгіштік сезімді, білім мен біліктілікті,
дағды мен шеберлікті, адамгершілік қадір-қасиеттерді қалыптастыру үлкен
қажеттілік.Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы
ұстаздан басталады.
Сондықтан ұстаздың алдында жас ұрпақты адал, шыншыл, сергек, өмірге
құштар, көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса алатын, өз Отанын
сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын, еркін ойлау қабілеті бар,
мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие, рухани жан дүниесі бай, жаны, ары таза
азамат тәрбиелеу міндеті тұр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында:
«Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік
талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасуымыз керек, » - делінген.
Биікке жетудің бірден-бір жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала
тәрбиесінде ескіден келе жатқан сара жолы бар.
Батырлықтың бастауын балалық шақтан бастап, өскенде Отанына қалтқысыз
қызмет ететін патриот болуға итермелеу керекпіз. Ел қорғаған, жер қорғаған
батырлардың іс-әрекектін үлгі тұтуымыз қажет.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпақ тәрбиесі. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт
болашағы. Ең қасиетті Отанымызды, елімізді, жерімізді, сеніп тапсыратын,
салт-дәстүріміз бен дінімізді, тілімізді келер ұрпаққа одан әрі жеткізеді деп
сенім артамыз, ата-бабаларымыздың күресімен жеткен ұлы істерді жалғастырса екен
дейміз. Халқымыз балаға жөргегінен бастап ер жеткенге дейін ұлттық ізгілікті,
имандылық пен мейірімділік сияқты рухани қасиеттерді жеткізіп отырған. Қай
заманда болса да әр халықтың ұрпағы үлгі тұтар ұлттық салт-дәстүрі, тәрбиесі
болуы керек.
Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан
– менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымындеген
қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей жағдай жасау мұғалімнің міндеті.
Патриотизм – бұл Отанын сүю, сол елдегі халықты сүю, соның дәстүрлерін,
сенімін құрметтеу. Бұл еліңнің мәдени құндылықтарын танып білуден басталады.
Нәресте кезіңнен бесік жырынан бастап, батырлар жырында тәрбиелену сол елдің
шаңында аунап, барлық құндылықтарын көзіңнің қарашығындай қорғау және келер
ұрпаққа сеніммен тапсыру. Ол туғаннан бастап туыстарға деген игілікті көңілдің
сүйіспеншілігі, сол елдің перзенті болғандықтан, сол елге деген қарызыңды
абыроймен іске асыру және келер өскелен ұрпақты өзіңнің ісіңнен өнеге алатындай
сүйсіндіре білу, сол елдің әр талына, құм-шөліне өзіңді және өзгені табындыра
білу!
Қазақ баласының ер жетіп, ес жиюына айтарлықтай әсер ететін төл
факторларымыз, батырлар жыры, «Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды!» «Ерлер
мінген арғымақ ше?» «Тығырыққа тірелгенде иесі, Астыңғы ерні жер тіреп, Үстіңгі
ерні көк тіреп, Тұлпарлары сөйлейтін!» деп келуші еді ғой эпоста. Қазіргі жас
Қара қыпшақ Қобыландыны, қара қасқа атты Қамбарды, атақты Алпамыс батырларды
біле ме? Жауынгерлік рухтағы, Отаншыл сезімге толы осы құндылықтарымыздан
ажырап бара жатқанымыз да арқамызды аяздай қариды. Тіпті, кешегі Ұлы Отан
Соғысының тірі куәгерлері –ақ сақалды аталарымыздың өнегелері мен
тәлім-тәрбиелері қандай еді?! Қазір олардың да қатары сиреп бара жатыр.
Соғыстың соңғы солдатына жас ұрпақтың құрметі қандай? Жоқ әлде компьютер заманы
ұлтымыздың талай ғасырлық маржандарын ұмыттырып жіберді ме? Отансүйгіштікке,
патриоттыққа тәрбиелеу үшін мектептегі
әртүрлі іс-шаралар, үйірмелер, сайыстардың алатын орны ерекше.