Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
БАЛАНЫ ӨСІРУ, ТӘРБИЕЛЕУ ДӘСТҮРЛЕРІ

Ботбаева Жанат Бердыевна

ОҚО, Түркістан қаласы, «Тұран» колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика және психология пәнінің оқытушысы

Қазақ халқы ұрпағының жасын жүйелеп, соған сай балалардың атауын қалыптастырып келген халық. Сол сияқты бұл жүйеден бастау алған адамдардың да жасына қарай атаулар пайда болған. Жалпы адамның жасына қарай қазақи дәстүрлі атауларға келсек, ол төмендегідей. Ана құрсағындағы нәрестені «жылбысқа», уақытына жетпей туған баланы «шала», «шала бала», жылға дейінгі яғни бір жасқа дейінгіні «нәресте», бір жастан жетіге дейінгі «сәби», сегізден он екіге дейінгі «ойын баласы», он үштегі ұл баланы «отау иесі», он төрттен он беске дейінгі «сығыр», «ересек бала», «ересек қыздар» дейді. Баланың сәби кезіндегісін бір жастан екі жас аралығындағы ұл баланы «бөбек», қыз баланы «бөпе» десе, үшке дейінгі «бүлдіршіндер», үштен беске дейін «балдырған, балауса» дейді.

Қазақ халқының басты мақсаты ұрпақ өсіру, оны тәрбиелеу, адам ету болмақ. Әркім балалы болып, ата-бабадан келе жатқан мұраға қалған қара шаңырақтарды шайқалтпай, түтінді түзу ұшырып, ошақтың отын жалғай жағатын мұрагер ұрпақты «қазақ баласы» қалайды. Алайда, өмірде әркім ұрпақты бола бермейді. Қатал тағдырдың тәлкегімен кейбір жанұяларға тәңірі бала бермейді. Мұндай жағдайда қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт дәстүрі бойынша баласыз адамдар мойындарына «бұршақ салып» тәңірінен, Алласынан бала тілейтін ырым-жолын, дәстүр бар. Бала тілегенде ата-анасы, кейде ең жақын адамдары да қосыла мойындарына бұршақ салып, бала тілейтін ғұрып та баршылық. Алладан бала тілегенде ата-анасы, кейде ең жақын адамдары да қосыла мойындарына бұршақ салып, бала тілейтін ғұрыпта баршылық. Алладан бала тілегенде мойынға «көгеннің» бұршағын салады. Мұның да мәні болса керек. Себебі көгенге көбінде қозы, лақ сияқты төлдерді көгендейді. Әрбір төлге «бұршақтар» арналады. Бұған қарағанда «көгенге көгенделген көп төлдей» ұрпақ бер, «төлді көгендейтін, оның бұршағы», соданда «қасиетті бұршақтың киесімен ұрпақ тілейміз» деушілік сенім-нанымға сыйса керек.

Қазақ халқы ырымшыл халық. Ұрпағының аман-сау өсіп жетілуіне сай әр түрлі салт дәстүр, әдет-ғұрыптарға барады. Солардың кейбіреулеріне келсек, оларға: Етекке салу, тымаққа салу болмақ. Баланы туа сала етекке салып алудың көптеген мәні бар. Бастысы «туған бала тоқтамай» «шетінен берсе», онда амалы таусылған ата-ана, жамағайын, туысының әйеліне «осы жолы сен етегіңе салып алып асыра» деп келісетін ырым-ғұрып бар. Ол әйел нәрестені туа сала ешкімге көрсетпей, етегімен көлегейлей, туған сәби апыл-ғұпыл етегіне орап алады. Бұл пәле-қаладан, жын-шайтаннан сәбиді қорғап қалған болу ғұрпы, сенім нанымы болмақ. Сол сияқты «бала тоқтамаған» бақсылар: «бала туа бергенде жыным келіп, оны алып кетеді, мен жынмен алысып баламды сақтай алмай жынға алдырып алам, сол үшін, жындардан баланы сақтау үшін басқа бір әйелге бала туа сала етегіне салдырып, сол әйел үйіне бірнеше жасқа келгенге дейінгі бақтырамын» деп те айтқаны тарихта бар.

Қазақ салт- дәстүрінде бір қазақтың баласының туылғаны үлкен қуаныш, мерей болмақ. Баланың туылғаны тек сол үй, ата-анасы емес, ауыл-аймақтың қуанышы болады. Содан да бала алғаш туылған күні «шілдехана», «шілде күзет», белгіленіп өтеді.

Кей жерлерде босанған әйелдің «белі бекіген», «бойы бекіген», соң «шілдехана» дәстүрі бар. Алайда шілдехананың өзіндік тарихи ғұрпы бар. Бұл өте қөне дәстүрлердің бірі. Сенім-нанымға негізделген ғұрып. Шілдехананың негізгі мағынасы – жаңа туылған сәбиді, нәрестені әр-түрлі жын-шайтан, пәле-қала, пері-диюлардың тағы басқадай тылсым күш иелері, көзге көрінбейтін пәлелерден сақтау, күзету болмақ. Халық нанымында олар баладан алып кетеді, немесе ауыстырып алып кетеді мыс. Деген сенім –наным баршылық. Сондықтан ауыл адамдары ағайында баланы күзетседі. Пәле қала «Шам-шырақтан» қорқады деген сенім бойынша үйге шамшырақтар көптеп жағылады. Отпен де аластайтын салт бар. Қөне дәуірде нәрестені ұмай ана күзетеді деген сенім болған. Баланы болғаны жайлы ауыл адамдарына айтылады. Олар шілдеханаға жиналады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Қазақ халқының қадым заманнан бері қарай келе жатқан талай ырым жосындары бар. Солардың бірі көне түрі, ол жас баланың «ауызына түкірту» дәстүрі болмақ. Қазақ халқы келешек ұрпағының қамын жеп, баласының ата-бабадан келе жатқан шаңырағын шайқалтпай, түтінін түзу ұшырып, ұрпағының халық қамын жейтін «халқының қалаулысы», «елінің елеулісі», болуын қалайды. Сол үшін балаларына үлкендердің шарапат тілейді. Сондай ниетпен жас баласын ертіп, әдейі жосын жоралғысымен, елге әйгілі сұңғыла, шешен, би, төре, батыр, ақын, сал-сері, күйші, әнші, домбырашы, қобызшы, сыбызғышы «еңіреген ерлер» тағысын тағы елге беделді адамдарға барып: «Сізге тартқан адам болсын, аузына түкіріп беріңіз» деп қолқа салып, тілек білдіреді. Тілегі бойынша «әйгілі адам» бала аузына түкіреді. Кейбірі «сыпайы түкірген» болады. Сол сияқты ауыл қыдырғанда немесе қымыз ішкелі қыдырғанда ере келген балалардың ішіндегі әкесімен тамыр таныс немесе құрдас, сыйлас болса, ол баланы жақсы көріп: «Кәне, балаңды әкелші аузына түкіріп берейін, мендей болсын» деп баланың аузына түкіретін де жосын жайттар кездесіп жатады.

Бала тәрбиесі. Қазақ халқы балалар тәрбиесіне аса назар салып келген халық. Балаларды тәрбиелеу бар күш, ақыл ойын жұмсаған. «Баланы шешесінің құрсағында жатқанда тәрбиелей бастау крек» деген ұлағатты сөз бар. Бұдан кейін бесікте тәрбиелеп, бала бес жасқа келгеннен кейін-ақ тәрбиенің нағыз түрлерін үйретеді. Еңбек тәрбиесіне баса назар аударып, баланы «ашамайға мінгізіп» ат жалында өсуіне ықпал жасайды. Бұдан кейін аңшылық, құсшылыққа баулып ертіп жүріп «көзіне көрсетіп, қолына ұстатып» аңшылыққа тәрбиелейді. Сол сияқты өнерлі адамдарға ертіп барып ұсталық, ағаш өнері, шеберлікке тәрбиелеп баулиды. Баланың қай өнерге икемін көріп, оған қажетті құрал жабдықтарды тауып, істетіп береді. Күйші, домбырашы, қобызшы тағы басқадай «сазгерлік» аспаптарды ойнауға бейім болса, онда елге аты жайылған өнер адамдарынан үлгі алдырып, солардан үйретіп, шәкірттікке береді. Баланы «от басы, ошақ қасында» жан-жақты тәрбиелейді. Оған үй-іші адамдарымен қатар, туыс-туған, ағайын, сүйектес, руластар да мән беріп тәрбиесіп, көмек етеді. Себебі бала дұрыс тәрбие алмай «содыр, қарақшы, ұры-қара, бүлікшіл» сияқты тағы басқадай қылықты жаман адам болса, онда ол тек өзі ғана емес, әке-шеше, туыс-туған, ағайын, руластарының «атына кір келтіріп, намыстарын таптап», «етке дақ, сүйекке таңба түсіреді» деп көріледі. Сол үшін бала тәрбиесі көптің ісі болмақ. Содан да қазақта «Ұлға отыз ұйден, қызға қырық үйден тиым» деген. Ұл, қыздарды өздерінше тәрбиелейді. Ұлды әкесі, қызды шешесі тәрбиелейді. Сол үшін «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деседі, Әке-шеше тәрбиесін көрмеген ұл-қыздарды «көргенсіздер» деп халық сөгеді. Дұл сөзді естімесі үшін әркім тырмысады. Қазақ баланы ұлттық деңгейде тәрбиелейді. Нағыз қазақ ұрпағы болып болып тәрбиелеу, тәрбиелеу үшін үш үлкен көрсеткіш бар негіз бар. Оларға «тіл, дін, діл» жатпақ. Ұрпақ ұлттық тілін таза игеруі шарт, бұдан кейін ата-бабамыз мойын ұсынып қабылдаған Ислам дінін қастерлеп, діни қағидаларға адал болып, сол арқылы тәрбиелеу. Үшінші діл де ұлттық сана, салт-дәстүрмен тәрбиелену. Осы ошақтың тағанындай, ұлттық негіздің үшеуімен тәрбиеленген ұрпақ нағыз қазақ болмақ. Сол сияқты тәрбиелік мәні бар ұлттық ойындар рухында тәрбиелену де үлкен ұлағат. Тәрбиенің шыңы, ол баланы білімді, сауатты болдырып тәрбиелеу болмақ. Білімді бала қалған тәрбиелерге өзінен-өзі мойын ұсынбақ. Ол үшін халық даналығына, педагогикасына баланы бейімдеу абзал. Сол сияқты «ұлы әке, ұлы шеше» тәрбиесіне ең дұрыс, қазақи тәрбие болмақ. Сол үшін ұлы әке, ұлы шеше «мектебінен» баланы бір рет өткізіп алу ләзім болмақ. Сонда ғана Қазақ елінің нағыз қазақи мүшелері қалыптаспақ.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Арынбаев Х. Қазақ халқындағы отбасы мен неке. Алматы 1973.

2. Биқұмар К. Монғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері. Өлгей, 1995.

3. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдетғұрыптары. Алматы, «Ана тілі», 1994.

4. Наурыз: жаңғырған салт-дәртүрлер. (Құрастырған М.Қазбеков) Алматы, «Қазақстан», 1991.

5. Б. Кәмәлашұлы. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. Издательство Алматы Өнер баспасы 2005.

6. Қазақы тиымдар мен ырымдар (Құрастырушы А.Құралұлы). Алматы, «Өнер», 1998.

7. Мың бір мақал, жиырма үш жоқтау. (Жинастырылып түзеткендер Ахмет Б., Ахмет Б., Әлихан Б.) Алматы, «Қазақстан», 1993.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов