Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Зорлықсыз тәрбиелеу:

Жазалау қандай болуы мүмкін?

Баланы тәрбиелеуде жазалау қажет пе деген сұрақ төңірегіндегі пікірталас әлі күнге дейін жалғасып келеді. Көптеген педагогтар жазалауға барынша қарсылық көрсетуде. Олар отбасында, балабақшада, мектепте бала өмірін мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы балаларды мейірімділікпен ғана тәрбиелеу қажеттілігін атап өткен. Адамгершілік, жүректілік, сезімталдық, кішіпейілділік – жауыздыққа қарсы адамның кішкене кезінде мейірімділік, нағыз адамгершілік қарым-қатынас мектебінен өткенде игерілетін адамгершілік иммунитеті ретінде мазмұндалады.

Кейбір педагогтар егер кішкентай күнінен бастап баланы тәртіпке, талаптарды орындауға, оны шыдамдылықпен, ашуланбай істеуге үйретсе, жазалаусыз тәрбиелеуге болады деген пікірді білдіреді.

Дәстүрлі жазалау қабылданған нормаларға қарама-қайшылық танытатынтбаланың әрекеттерін, тәртіп нормаларын айыптауды білдіретін, балаға әсер етудің түрі ретінде қарастырылады.

«Баланы қамшымен емес,ұятпен жазала» деген мақалда білінеді.

Баланы жазалау-балаға өзінің әрекетін сезінуге, ұялу мен өкіну сезімін шақыруға көмектесу деген сөз. Жазалау әсерінен бала бойында бұдан әрі бекітілген ережелерге сәйкес қызмет етуге ұмтылыс пайда болуы керек.

Жазалау –ересек тарапынан болатын әрекет қана емес,жазаланатын баланың өзінде болып жатқан әрекеттің маңыздылығы.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, жазалау әрбір адамға белгілі ұят пен кемсітудің басқыншылықты , жағымсыз сезімі, одан тезірек құтылуға және осындайды басынан екінші рет кешірмеуге бала тырысады. Сондықтан, балаға өткен жазалары туралы есіне салу қажет емес.

Еге бала өз кінәсін сезінбесе, жақын адамдармен қарым-қатынасын белгілі бір себептермен бүлдірсе, жазалаудың өзі күш көрсетудің актісі ретінде қабылданады.

Тек қана өкініш, ренжу,жазалауды жасап отырған адамға кек сақтауды ғана көрсетеді.Демек жазалауды дұрыс пайдаланбау бұл әдістің педагогикалық мағынасының болмауына әкеліп соғады.

Әрекеттің себебі болған балалардың жас ерекшеліктерін естен шығармау керек.Бала өз әрекетімен өзін жазалайды.Сондықтан жазалау шараларынан гөрі, ересек адамдардан аялшылық пен басушылықты күтуге мұқтаж болады.

Мысалы портфелін жинап жатып, сүйікті кітабын жыртып алды. Егер бала әрбір жіберген қателігіне жазаны тосатын болса,онда қорқыныш қаупі өз әрекетін өздігінен құруға ұмтылысын жансыздандырады. Жазалаудан қорқатын болғандықтан, бала ересектерді алдап, қулыққа салынуы мүмкін.

Бірде-бір рет сарайдың, шарбақтың басына шықпай,т бала өсе ме? Жоқ, бұл мүмкін емес, әрине! Мұны түсінген ата-аналар баяғыда-ақ жақсы жол тапқан: егер балада сәнді киімі болса, ойынға да арналған киімі болу керек. Еркіндік әрекет пен әлемді танудың қуанышын танып білу үшін баланы көшеге жіберсе, оған сәйкес киім кигізеді. Ол қимыл-қозғалыстарын еркін жасау үшін ыңғайлы, тез жуылатын киімдер болады. Көшеден қайтып келген бойда көңілді және байсалды түрде баланы үйретеді: аяқ сүрту және киім-кешегін, аяқ киімін қалпына келтіру үрдісіне бой алдыртады. Бұл әдетке айнала бастайды, бірақ оны үнемі қолдап отыру керек, айқаймен емес, түсіністікпен және бірлесіп әрекет етумен.

Отбасылық тәрбие тәжірибесінде жазалауды дұрыс пайдаланбауды – ата-аналардың өздері шаршаған, ашуланған күйінде балаларын жиі жазалайтындығын көрсетеді. Бала мұндай жазалаудың әділетті болмайтындығын түсінеді, сондықтан олар ата-аналармен қарым-қатынаста жаңа қақтығысқа әкеліп соғады.

Болдырмау керек:

· еңбекпен жазалауды («сабақ оқымасаң – өз бөлмеңді жина»);

· қорқыныш тудыратын жазалау («қараңғы бөлмеде жалғыз отырасың») жазалауларды;

· дөрекі балағаттау, тіл тигізу, ренжітетін сөздер баланың психикасын жарақаттайды, оның еркін әлсіретеді, ересектерге мейірімсіз көзқарасын қалыптастырады.

Туу ретінің сипаттамасы

Жақсы ата-ана не істей алады

ТҰҢҒЫШ БАЛА

Қалған балалар үшін жауапкершілікте болады; үлкендермен жақсы тіл табысады. Көп нәрсеге қол жеткізеді. Оған өзінікі дұрыс дегенді сезіну қажет.

Қысым көрсетпеу; қалай болса да жеңіске жету ұмтылысын емес, қатысқаны үшін мадақтау. Қателіктерден үйрену дегенді түсіндіру. Өз қателіктерін қалай сыйластықпен қабылдау керек екендігін көрсету.

ЖАЛҒЫЗ БАЛА

Әдетте барлығының назарында болады, маңайында басқа бала жоқ болса, өзін ата-анасымен салыстырады; басқа балаларға қарағанда өзін сенімсіздеу ұстауы мүмкін.

Басқа балалармен байланысқа түсуіне мүмкіндік беру (бала бақша, достарының балалары, мектептегі жолдастары); қонаққа жиі бару; достардың ортасында қызықты кештерді өткізу;

Өте жауапкершіл; өз дегеніндей болмаса, бірлесіп істеуден жиі бас тартады.

Тәрбиелеуге басқа туыстарды шақыру, бала күтушінің көмегін пайдалану.

ЕКІНШІ БАЛА

Үнемі үлкен баланы қуып жетуге тырысады. Үлкенге қарсы тұрғысы келеді. Өз дегенін табу үшін дау шығарады.

Оның бірегейлігін мадақтағыз. Үлкен баламен салыстырмаңыз. Үлкен баламен қақтығыстарын өзі шешуіне жол беріңіз.

ОРТАҢҒЫ БАЛА

Өздерін тобырда сезінеді және орнын таба алмайды. Сезімтал, ашуланғыш немесе кекшіл болуы мүмкін. Жақсы «дипломат» пен делдал бола алады.

Уақытты соған ғана бөлу.

Оның пікірін сұрау.

Үй шаруасында міндеттемелер беру.

КІШІ БАЛАЛАР

Үнемі ата-аналарымен немесе үлкен балаларымен еркелетіп жіберілген. Оларды жиі қақтығыстардан қорғайды. Өздеріне жиі аяушылық танытады. Жиі өздігінен әрекет ете алмайды.

Өзіне деген сенімін ынталандыру.

Көшбасшы болуына мүмкіндік беру.

«Сәби» деп санамау.

Тәуелсіздікке үйрету.

Қақтығыстардан құтқармау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы