Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Шашыратқы өсімдігінің биологиялық маңызы және түрлері

Шашыратқы күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі.

Тамырында белоктық заттар, алколоидтар полисахарид, инулин, гликозид интибин, сахароза, пентозандар, в тобының витаминдері, пектин, шайырлар болады. Құрамындағы пайдалы заттарына байланысты көршілес мемлекеттерге де, соның ішінде Қазақстанға да таралған [6].

Шашыратқыны сирек өсетін өсімдік деп айтуға болмайды, себебі ол жер талғамай, тіпті батпақты, саз, құрғақ, жазық жер болсын өсе береді. Ол дән арқылы көбейеді.

Өсімдік туралы ғылыми атаулар грек философы Теофраст пен Диоаскаридтің еңбегінде айтылады және бұл өсімдікті Kichore мен kichorion («Kio» - жүру және «chorion» - өңделмеген жер, орын) деп атады. Немісше атауы wegewarte - «жол күзетшісі», «жол желкен» - деген мағына береді. Бұл өсімдіктің егістік жиегінде, жол жиегінде өсетінін көрсетеді [7]. Шашыратқы және т.б. гүлді, шөптесін өсімдіктер - өзіне тән тәтті және дәмді қасиеттері бар моносахаридтер, соның ішінде фруктоза көмірсуының қайнар көзі болып табылады. Биіктігі 20-150 см тамыры жуан, тік өсетін сабағының сыртын сиректеу түк басқан. Сабақ түбіндегі топталып өсетін жапырақтарының сопақша, шеттері ойық, сабақ бойындағы жапырақтары отырмалы, жіңішке жиектері бүтін болады. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан өседі. Гүл шоғыры – себет. Күлтесі көгілдір, көк, ақшыл түсті, алдымен бірігіп бес тісті қуыс гүл құрайды да, гүлдеген кезде ұзынынан жарылып тілше гүлдерге айналады. Шашыратқы маусым – қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі қазанға дейін жетіледі. Таңертең күн астында көгілдір себеттері толық ашылып, кешке қарай жоғалып кетеді. Ал бұлтты күндері мүлдем ашылмайды.

Егудің ең жақсы кезеңі – мамырдың ортасынан соңына дейін. Ерте егілген жағдайда өсімдіктің тамыры кейін қолдануға жарамай қалады. Ал кеш егілген кезде тамыры кішірек болады.

Шашыратқы тасты немесе өте тығыз топырақтан басқа кез – келген топырақта өсе алады. Әсіресе тыңайтқышты топырақтарда, соның ішінде калийлі топырақта жақсы өседі.

Өсімдікті жинауға жақсы кезең – қазанның соңы мен қарашаның ортасына дейін.

Суық түссе уайымдаудың қажеті жоқ, тамырына зиян тимейді. Себебі шашыратқының тамыры суыққа да төзімді. Нағыз тамырлары 3-8 см дейін болады. Шашыратқы тұқымы арқылы көбейеді

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов