Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Шашыратқы өсімдігіне жалпы сипаттама

спросил от Surak_zhauap в категории Тесты ЕНТ, КТА, ВОУД Ответы на тесты ЕНТ

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміc-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім[1].

Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы, айыр, алоэ, бәрпі, дәрмене, долана, лапыз, жуа, итмұрын, рауғаш, сүйелшөп, шәңкіш, қасқыржидек, қарғакөз, шәйшөп, шықшөп, т.б. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады [2].

Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығын айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған [3].

Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Бируни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдары қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.

Әр облыстың, аймақтың, халықтары дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.

Соңғы жылдарда дәрілік өсімдіктермен емдеуге-фитотерапияға көп назар аударылып жатыр. Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданып жүрген дәрілік өсімдіктердің біразы белгілі болған.

Әлі толық зерттелмеген және халық медицинасында танымал болып келетін дәрілік өсімдіктер қатарына күрделі гүлділер тұқымдасының бір өкілі шашыратқы жатады. Ол негізінен жергілікті флорада жер талғамай, кез – келген жерлерде өсе беретін арамшөп ретінде кеңінен таралған. Шашыратқының барлық мүшесі дерлік тұнып тұрған дәрілік шикізат

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы