Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.

Бірінші санатты тәрбиеші Избасарова Райхан Мангыбаевна

Мария Монтессори педагогикасы және оның бала дамуындағы маңызы

Мария Монтессори жүйесінің мақсаты:

Баланың психологиялық дамуна мүмкіндік жасау.

Барлық сыртқы сезімді дамыту.

Жоғары интелектуалды көңіл күйді,сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелеу.

Тілді дамыту және сөздік қорларын молайту.

Дағдыларды дамыту,жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру,өз өзіне қызмет көрсетуді дамыту.

Мария Монтессори италияндық ең алғашқы әйел дәрігер,педагог философ болған.Ол медициналық университетті бітірісімен,бала дәрігерінің ассистенті болып жүріп,мүмкіндігі шектеулі балаларды емдейді.Балалармен жақын араласып,олардың әрі қарай жеткілікті түрде дамуы үшін арнайы орта керектігін түсінді.Клиникада мұндай мүмкіндіктің жоғын ескеріп,1899 жылы Римде балалар үйін ашады.Білімге мұқтаж 50 бала қабылдап,өз әдісін енгізді.Көп ұзамай комиссия балалардың білім деңгейіне бақылау жүргізгенде осы әдістің жақсы жетістікке жеткізгенін мәлімдеді.1 жыл өткен соң Мария Монтессори өз мектебін ашып,әр елден әдісті оқып үйренуге педагогтарды дайындады.Сол кезден бастап барлық елде Мария Монтессори мектептерімен балабақшалары ашыла бастады. БаБМария Монтессори-атақты италияндық педагог-гуманист 1871-1952, ол өмірінің соңына дейін баланы тәрбиелеу жолында түрлі әдістер таба білді. Дәрігер Марияның айтуы бойынша, баланың даму жолы оның ішкі сезімдерін қалыптастырудан басталадыдеген. Баланың моторика және сенсорикасын дамыту арқылы жазу,оқу және санау жүйесін үйрету басты екенін анықтады. Монтессори материалы баланың жеке дара қасиеттерін таныта білуге талпындырады. Дамыту материалдарын қолдану арқылы баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді.Мария баланың жандүниесіндегі өзгеше күш бар екенін сене отырып, оның өзіндік тұлғалық қасиеттерін дамыта алады. Педагог мұнда баланың жеке дара танымдық қасиеттерін көре отырып,қандайда бір шара қолдануға тырысты.Дидактикалық материал баланың моторикасы мен сенсорикасын дамыту үшін пайдаланады.Монтиссори материалы арқылы бала тәбиғатты түсінеді және оның ішінен өз орнын алуға тырысады.

Монтессори материалы бес жолмен іске асады;

1.Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар

2.Сезім мүшесін дамытатын материалдар

3.Математикалық материалдар

4.Сөздік қорын дамыту материалдар

5.Космос орталығы

Монтессори әдісінің қағидалары:

1.Бала өз әрекетін өзі дамытады

2.Айналамен қоршаған ортаны бала өзі меңгереді

3. Баланың білімі өзінің биологиялық дамуымен жеке дара ісімен іске асады.

Монтессори мектебінің ерекшелігі:

1.Бала өз әрекетіне баға береді

2.Өзінің қатесінөзітүзеугебағыттанады

3.Бала өзі не істеу керек екенін, кіммен ойнау керек екенін және қанша уақыт ойнау керек екенін өзі таңдап алады.

4.Балалар бір-біріне көмектесіп үйренеді

5.Бұл орта балаларды тәртіпке шақырады

6.Жеке дара жұмыскезіндежәнеоларғакөмеккереккездетәрбиешілер

бағытбереді.

7.Ата-аналармен тәрбиешілердіңарасындатығызқарым-қатынас

туындайды.

Өз бетіммен жұмыс жасауға қолдау көрсет

1870-1952 жылдар аралығында кішкентай балаларды тәрбиелеп оқытуға байланысты, ерекше әсерлі жүйені жер шарына кеңінен әйгілі еткен М. Монтессори,оның педагогикасының феномені: даму жолындағы адамға түсетін кез-келген авторитарлық қысымды жоюға тырысу және де бала табиғатына шексіз сенім арту. Монтессори өзінің әдістемесін қалыпты табиғи жағдайда баланы бақылай отырып құрды.

Монтессори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі дағдыларды бойларына сіңіреді:

-Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті.

-Шыдамдылық,шығармашылық.

-Өз бетінше шешім қабылдап оған жауапкершілікпен қарау.

-Талапкерлік.

-Қоршаған ортаны сыйлау.

Сонымен қатар:

Өзінің таным белсенділігін дамыту

Табиғи қабілеттерін дамыту,көркедік ойлау

Өзіне деген оң көзқарасын, сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттыру

Әлеуметтік белсенділігінің артуы

Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты, тұлға қасиеттері

қалыптасады.

М.Монтесоридің педагогикалық жүйесінің қағидалары.

Антропологиялық қағидасы.

Монтесоридің педагогикасы «баладан» басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогиклық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір –қасиетіне деген көзғарас бала кезінен маңызды болып келеді. «Тәрбие» үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі – баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау.

Бала дамуы еркіндігінің қағидасы.

Тәрбие құрылымы өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үдерісінде “еркіндік жағдайларын” жасауды түсінді. Дәл осыған байланысты жұмыс түрі мен құралдарды өз еркімен таңдау Монтессори – топтардағы оқу үдерісін ұйымдастыруды дәстүрлі сынып –сабақ жүйесі мен кәдімгі балабақшалардағы топтық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін өткізу жүйесінен ерекшелендіреді.

Назарды шоғырландыру қағидасы.

Монтессори назарды шоғырландырудың жоғары деңгейі ақыл –ойдың басшылығымен қолдардың белсенділігін турады деген тұжырымға келді. Балалық “эксперименттеу”өз еркімен алынған затқа белсенді зерттеушілікпен қараудың салдары болып табылады, бұл өз кезегінде баланың назарын, ойлау қабілетін белсенділендіреді.

Арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы.

Қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріліді. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйренушіні жан – жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей-тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады.

Осыған байланысты "Дайындалған орта" мен Монтессордің дидактикалық материалы, әрбір баланың (ерекше және қайталанбас!) одан әрі дамуы үшін жасанды нәрсе емес, оңтайлы ортаны қалыптастырады.

Қорытынды

Баланың қаблетін бағындырып және арнайы шығармашылық әрекет түрлеріне нәтижелі қатысуы тәртібінің мінез-құлық еркіндігін, логикалық ойлауын, зейіні мен алдына қойған мақсатқа жету күш-жігерін яғни өзін-өзі бақылауын,шығармашылық қиялдауын,көркемдік ойлау қабілетін қалыптастырып дамытады.

Ұсынған материалдарының мазмұнын игеру баланың жан-жақты қабілеттерін: рефлексия, коммуникативтік, өзін-өзі бағалауын дамытуға, мәселелерді және тұлға аралық жағдайларды шешуге мүмкіндік береді және балалар ұжымында сыртқы дүние мен өзара қарым-қатнас орнатуға ықпалын тигізеді.

Бұл барлық қасиеттер және оны меңгеру бала үшін даму деңгейінің негізгісі болып табылады, оның мектепке дейінгі психологиялық жетілуінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді, яғни баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов