Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

2.2 Топинамбур мен георгин өсімдіктерінің ылғалдылығы мен күлділігін анықтау

2.2.1 Ылғалдылығын анықтау

Шикізаттың ылғалдылығы деп – оны тұрақты массаға дейін кептіргенде оның гигроскопиялық ылғал мен ұшқыш заттардың есебінен жоғалтқан массасын айтады.

Өсімдіктекті шикізаттың ылғалдылығы оның қасиетін сипаттайтын сандық көрсеткіштердің бірі. Шикізаттың ылғалдылығы белгілі-бір мөлшерден аспау керек. Себебі, шамадан тыс ылғал оның қасиетін төмендетеді. Көпшілік өсімдік шикізатының құрамында ылғал 12-15%-тен аспау керек.

Өсімдік шикізатының ылғалдылығын анықтау әдістемесі: 3-5г (қателігі 0,1г-нан аспайтын) майдаланған шикізатты алдын-ала кептіріп, өлшенген бюкске салады. Бюксті шикізатымен қоса (ашық қақпағымен бірге) 100-1050С-қа дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа 2 сағатқа қояды. Шикізатты тұрақты массаға дейін кептіреді. Егер 2 сағат кептіріліп, 30 минут эксикаторда салқындатылғаннан кейінгі екі өлшемнің айырмашылығы 0,1г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі.

Шикізаттағы ылғалдың проценттік мөлшерін төмендегі формула бойынша есептейді.

(1)

Мұндағы, Х-ылғалдылық мөлшері, %;

m- шикізат салмағы, г;

m1-шикізаттың кептіргеннен кейінгі салмағы, г. [53].

2.2.2 Күлділігін анықтау

Өсімдіктектес шикізаттың күлділігі деп - оны жағып, тұрақты массаға дейін құрыштап қалған бейорганикалық заттардың қалдығын айтады.

Өсімдіктің күлі өсімдіктің өзінде болатын және оларды жинау, кептіру кезінде пайда болатын әр түрлі бейорганикалық заттардың қоспасынан тұрады.Өсімдік шикізатындағы күлдің мөлшері шикізаттың өзіне және оны жинау мен кептіруге байланысты.

Күлділікті анықтау кезінде жұмыстың нәтижесі күлдендіру процесінің ұзақтығы мен температуралық режимге тәуелді болатынын есте ұстау керек. Ең бірінші көңіл аударатын мәселе – бұл жағудың толықтығы.

Жоғары температурада жылдам жағу кезінде күлдің бір бөлігі балқып, сол балқыған бөліктер шикізаттың жанбаған бөлшектерінің сыртын жауып қалуы мүмкін. Соның салдарынан күлдендіру процесі толық жүрмейді. Анализдің нәтижесіне сондай-ақ, шикізатты жаққаннан кейінгі қалдықты құрыштау уақыты мен температура да әсер етеді. Температуралық режимнің бұзылуы салдарынан күлдің құрамы өзгеруі мүмкін.

Өсімдіктектес шикізатты толық күлдендіру үшін оны алдымен әлсіз оттың жалынында ұстау керек. Газдың бөлінуі тоқтағаннан кейін температураны аздап көтеруге болады. Содан соң тигельді көмірленген шикізатымен муфельді пешке ауыстырады.

Өсімдіктектес шикізаттың күлділігі жалпы және 10% НСІ-да ерімейтін болып бөлінеді. НСІ-да ерімейтін күл дегеніміз – жалпы күлді НСІ мен өңдегеннен кейінгі қалған қалдық. Ол негізінен кейбір обьектілердің негізгі құрам бөліктері болып табылатын, ал кейде шикізаттың құм, топырақ және тастармен ластану салдарынан пайда болатын силикаттардан тұрады. Сол себепті, тұз қышқылында ерімейтін күлдің көп мөлшерде болуы өсімдіктекті шикізатта минералды қоспалардың көп екендігін көрсетеді.

1-3г (тек жалпы күлді анықтау кезінде) және 5г (жалпы және 10% НСІ-да ерімейтін күлді анықтау кезінде) майдаланған шикізатты алдын-ала тұрақты массаға дейін кептірілген фарфор тигельге салып, тигельдің жан-жағына тегістеп орналастырады. Тигельдегі шикізатты абайлап газды жанарғының әлсіз жалынында немесе электроплиткада жандырады.

Шикізат толық жанғаннан кейін қалдықты толық құрыштау үшін тигельді муфель пешке ауыстырады. Күлдендіруді 550-6500С температурада тұрақты массаға дейін жүргізеді. Күлдендіру аяқталғаннан кейін, аздап суыған, бірақ әлі де ыстық тигельді эксикаторға қойып салқындатады да, массасын өлшейді. Егер қатар екі өлшеудің айырмашылығы 0,0005г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі.

Егер салқындатқаннан кейінгі қалдықтың құрамында әлі де көмірдің бөліктері болса, онда оған бірнеше тамшы сутек пероксидін, концентрлі НNO3 немесе 10%-ті аммоний нитратын қосып, тартпа шкафтың астында су моншасында буландырады да, қайтадан қалдық біркелкі түске келгенше құрыштайды.

10% НСІ-да ерімейтін күлдің мөлшерін анықтау үшін жалпы күлі бар тигельге 10мл 10% НСІ құйып, тигельді сағат шынысымен жауып, қайнап тұрған су моншасында 10 минуттай қыздырады. Салқындаған соң ерітіндіні күлсіз сүзгі арқылы сүзіп, тигельді, сағат шынысын және сүзгіні (жуылған суға 2%-ті AgNO3тамызғанда тұнба түзілуі тоқтағанша) дистильденген сумен шаяды. Тигельді және сүзгіні тұрақты массаға дейін құрыштайды.

Абсолюттік құрғақ шикізаттағы жалпы күлдің мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.

(2)

Мұндағы, Х1 - жалпы күлдің мөлшері, %;

m1 –күлдің салмағы, г;

m2 –шикізаттың салмағы; г;

W - шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %.

Абсолюттік құрғақ шикізаттағы 10% НСІ-да ерімейтін күлдің проценттік мөлшерні есептеу формуласы:

(3)

Мұндағы, Х2 - 10% НСІ-да ерімейтін күлдің мөлшері, %;

m1 –күлдің салмағы, г;

m-сүзгі күлінің массасы (егер оның мөлшері 0,002г-нан көп болса);

m2- шикізаттың салмағы; г;

W – шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %.

Зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген [53,54].

2.3 Топинамбур мен георгин өсімдіктерініңэкcтрaктивтiлiгiн aнықтay

Өciмдiктeктec шикiзaттың экcтрaктивтiлiгi дeп – шaртты түрдe шикiзaттaн cәйкec eрiткiштeрмeн бөлiп aлынып, құрғaқ қaлдық түрiндe aнықтaлaтын oргaникaлық зaттaрдың жиынтығын aйтaды.

Өciмдiктeктi шикiзaттың экcтрaктивтiлiгi – oның қacиeтiн aнықтaйтын мaңызды caндық көрceткiш.

Бeрiлгeн шикiзaт үшiн экcтрaктивтi зaтты aнықтayдa қoлдaнылaтын eрiткiш НДТ-дa көрceтiлeдi. Көбiнece экcтрaгeнт рeтiндe cпирттi (40-70-90%-тi) нeмece cy қoлдaнылaды.

1г шикізат мaйдaлaнып, eлeктeн өткiзiлгeн шикiзaтты кoнycты кoлбaғa caлып, 90% этил cпиртiнeн 30 мл құяды. Кoлбaны тығынмeн жayып (қaтeci 0,01 г-нaн acпaйтындaй eтiп), мaccacын өлшeйдi дe, 1 caғaтқa қoйып қoяды. Coдaн coң кoлбaны кeрi caлқындaтқышпeн жaлғaп, eкi caғaт әлciз қaйнaтып қыздырaды. Caлқындaғaннaн кeйiн кoлбaны iшiндeгiciмeн қaйтaдaн coл тығынмeн жayып, мaccacын өлшeйдi. Жoғaлғaн мaccaның oрнын cәйкec eрiткiшпeн тoлтырaды. Eрiтiндiнi әбдeн aрaлacтырaды дa, құрғaқ cүзгi қaғaзбeн cыйымдылығы 150-200 мл–тiк кoлбaғa cүзeдi. Aлдын-aлa кeптiрiлгeн диaмeтрi 7-9 cм бoлaтын фaрфoр тaбaқшaғa пипeткaмeн 25 мл фильтрaт құйып, cy мoншacындa тoлық кeпкeнгe дeйiн бyлaндырaды. Coдaн coң фaрфoр тocтaғaншaны қaлдығымeн 100-105 ºC тeмпeрaтyрaдa 3 caғaт бoйы (тұрaқты caлмaққa дeйiн) кeптiрiп, экcикaтoрдa caлқындaтaды дa, дeрey caлмaғын өлшeйдi.

Aбcoлюттiк құрғaқ шикiзaттaғы экcтрaктивтi зaттың прoцeнттiк мөлшeрiн eceптey фoрмyлacы:

(4)

Мұндaғы, x- экcтрaктивтi зaттың мөлшeрi, %;

М- фaрфoр тaбaқшaдaғы құрғaқ қaлдықтың мaccacы, г;

М1- шикiзaттың мaccacы, г;

W-шикiзaтты кeптiрy кeзiндe жoғaлтқaн мaccacы, %. [55]

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов