Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Күрделігүлділер тұқымдасының өкілдері топинамбур мен георгин өсімдіктеріне жалпы сипаттама

спросил от Surak_zhauap в категории Тесты ЕНТ, КТА, ВОУД Ответы на тесты ЕНТ

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Топинамбур( Helianthuse tuberosus ) - Солтүстік Америкада өсірілетін түбір тамырлы өсімдік. Топинамбурды әр жерде әр түрлі айтады. Францияда (Бразилялық үндіс тайпасының атымен-топинамбо) "топинамбур" деп, Англияда "артишок", Германияда "эрдафель" немесе "эрдбирис", Турцияда "эралмаса" (жер алмасы), Болгарияда "голие" деп атайды. Ресейге топинамбурдың қай уақытта келгені белгісіз. Берілген мәліметтерге сүйенсек топинамбур Ресейге ХVIII ғасырдың екінші жартысында әкелінген десе, Шварцтың еңбектерінде (1824 жылы) Топинамбур Ресейге ертерек келгенін көреміз. И.Г. Ритус топинамбур Ресейге 1774 жылдан белгілі бола бастағанын айтады. И.А.Стебут(1872жылы)өзінің дәрістерінде топинамбурға көбірек көңіл бөлген. Ол бұл өсімдіктің Прибалтикада, Белорусияда, Украинада, Ресейдің орталық және солтүстік губернияларында таралғанын , ірі қара малдарға ортасында Украинадан әкелгенін көрсетеді.

Қазақстанда топинамбурды Қытайдан әкелінген (Е.Б.Бейсенбиевтің деректері бойынша). Сондықтан қазақтар топинамбурды «қытай картошкасы» деп атаған [1,2,3].

Топинамбурдың ботаникалық сипаттамасына келер болсақ: топинамбур немесе жер алмұрты күрделігүлділер (composital) түрінде кіретін жемісті өсімдік және күнбағыс тұқымдасының бір түріне жатады (Helianthus тұқымына) Helianthus тұқымы ролиморфты және кең таралған. Бентам және Гукер кезінде осы тұқымдастың - 50 түрін жазса, Уотсон- 108 түрін, Коккерель - 180 түрін, ал Совет монографы Ф.А.Соцыперов- 264 түрін жазды. Ф.А.Соцыперов көп жылдар бойы Helianthus тұқымдасын және сол тұқыммен аралас түрлерді ұзақ жылдар бойы зерттеді.

Жазылғандардың көп түрлері шөптесін өсімдіктерге жатады.

Олардың ішінде 25 – түрі бір жылдық , 23- түрі жартылай бұталы, 5 түрі биіктіктері 5-7 метрге дейін жететін нағыз өсімдіктер 45-түрі жеміс тамырлы немесе сабақты жемісті, 5-түрінде жеміс түзіледі және Солтүстік Америка үндістерде ертеректен бастап тамақ ретінде қолданылды .Helianthuse тұқымдасының көптеген түрлерінің табиғи жағдайларда таралуы ашық жерлерде өсушілер болып табылады. Олар далалы жерлерде де, жартылай ашық ормандарда да,құмды жағалауларда да,кейбір батпақты жерлерде де өсе береді.

Топинамбур латынша атауы Helianthuse tuberosus L. Французша topinambour деген ұғымға сәйкес келеді[5].

Топинамбур икемге тез көнетін, тез жерсінетін жалпы айтқанда, жер талғамайтын өсімдік .Яғыни, жабайы күйден мәдени түрге тез ауыса алатын өсімдік.

Гибитусы бойынша топинамбур жоғарыда айтылып өткендей кәдімгі бәрімізге белгілі күнбағысты көрсетеді. Оның күнбағыстан ерекшелігі тамыр жемісінің қалыптасуында. Сонымен қатар, топинамбур көп бұтақталады және күнбағыстың жапырағына қарағанда кіші көлемді болғанымен,жапырағының саны жағынан асып түседі.

Жапырағы жұмыртқа пішіндес,жиегі ара түсті, жапырағының беткі бөлігі тікшелермен қапталған. Егер күнбағыстың бір өсімдігінде 20-30 жапырақтан болса, топинамбурдың бір өсімдігінде 300-400 ге дейін жапырақ болады. Ал кейбір жоғарғы сорттарында одан да көп болады.

Топинамбур гүлі сары түсті. Гүлшоғыры себет тәрізді. Себетінің диаметрі шамамен 1,5-2 см. Өсімдіктің өзінің сыртқы келбеті де, гүлінің жалпы көрінісі де күнбағысты еске түсіреді. Гүлінің көлемі күнбағыстан кішірек, тұқымы күнбағысқа ұқсас болып келеді.Тамыз айының ортасынан бастап, қыркүйек айының ортасына дейін гүлдейді. Табиғаттың климаттық ерекшеліктеріне байланысты оңтүстік аудандарда жақсы гүлдейді,солтүстік аймақтарда гүлдеуі қиын немесе мқлдем гүлдемеуі мүмкін[6].

Сабағы бір жылдық, жартылай бұталы, цилиндр тәрізді, өзінің толық дамуы 2-2,5 метрге дейін биіктейді, ал өте қолайлы жағдай туса 3,5-4 метр биікке дейін жетеді. Сабағының жоғары жағы тік, қатты ұзын түтікшелермен қапталған. Ал сабағының төменгі жағына қарай олар азаяды. Негізгі сабақта бірнеше сабақшалар болады, ол сортқа байланысты және климатқа байланысты көп немесе аз болады. Кейбір сорттарда жанама сабақтар антоциан бояуымен боялған.

Топинамбурдың кейбір сорттарының вегативті бөлігінің массасы күнбағысқа қарағанда едәуір жоғары. Жалпы өнімділігі мен өсімділігі жөнінен күнбағысқа қарағанда көп сабақты,әрі көп жапырақтылығымен ерекеленеді.

Топинамбурдың дұрыс өсіп-өнуіне және жақсы өнім беруіне топырақтың да тигізер әсері өте жоғары. Әсіресе, топырақтың ылғалдылық дәрежесі үлкен маңызға ие. [7,8]

Топинамбурды қолданылуына байланысты жинау мезгілінде әр түрлі болды . Топинамбурдың жер үсті бөлігін мал азықтық ретінде гүлдеу кезінде жинап алу қажет. Себебі мал азығының құрамындағы биологиялық белсенді заттар көп мөлшерде болады, осы кезде жиналған топинамбурдың жер үсті бөлігін жинап алуға болады. Топинамбурдың жер асты бөлігі қыс мезгілінде қардың астында жақсы сақталады, үсімейді; ал ерте көктемде құрамы жоғары өнім алу үшін егуге қолайлы болады.Топинамбурдың құрамында көп мөлшерде пектинді заттардың болуы, бұл өсімдіктің тек тамақ өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар сәулелі ауруларда, яғни ағзаға түскен қорғасын мен басқада ауыр металдарды залалсыздандыру мақсатында қолдануға болады[10].

Георгин (Dahlia еveline) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Латынша атауы Карл Линнейдің шәкірті, фин ботанигі Андреас Далдің құрметіне, ал орысша атауы Петербург ғалымы, этнограф әрі географ И. Георгидің құрметіне берілген. Бұл күрделігүлділер немесе астрагүлділер тұқымдасының өкілі георгиннің ашылу тарихының тамыры тереңде жатыр деп айтуға болады. Георгиннің тарихы да пион, ирис, хризантема сияқты ертеден бастау алғанмен, жас өсімдіктердің қатарына жатқызуға болады. Георгиннің бағбандарға танымалдылығы XVIII ғасырдың соңынан бастау алады. Ертеректе георгинді патша бақтарында өсірген, георгиннің құрметіне сәнді мерекелік кештерте де ұйымдастырылған. Біраз уақыт өткеннен кейін георгинді суық, жансыз, иіссіз деп жариялаған. Бірақ селекционерлердің көмегімен әр түрлі түрлері мен будандары пайда болғаннан кейін георгин де қайта әйгілі болды.

Аталған тұқымдастың көп жылдық шөптесін өсімдіктерінің бірі. Туысы түрлі мәліметтер бойынша 4тен 24-ке дейінгі түрлерді біріктіреді, олар Мексика, Гватемалла, Колумбияның таулы аймақтарында кең таралған. Жер үсті бөлігі жыл сайын қурап отырғанмен, сабағы түзу, бұтақталған тегіс немесе кедір-бұдырлы, іші қуыс болып келеді. Биіктігі 20-200 см аралығында, жапырақтары қанат тәрізді, сирек жағдайда тегіс, ұзындығы 10-40 см, жасыл немесе күлгін түсті, қарама-қарсы орналасқан, гүлшоғыры себет тәрізді, шеткі гүлдері тілше тәрізді ірі, түсі және пішіні әр түрлі, кейдет түтік тәрізді болып келеді [11,12,13].

Әдеби мәліметтер бойынша қазіргі уақытта биіктігі 35 см-ден 3 м дейінгі 15 мың сорты бар. Бұл сорттардың көпшілігі құрылысына, ұзындығына, гүлінің пішіндеріне, түрлеріне байланысты ажыратылатын 12 үлкен топқа біріктірілген [14,15].

Қазіргі уақытта георгиннің мәдени ботаникалық түрлерінің орнын будандасқан түрлері басқан [16].

Мысалы: мәдени георгин немесе өзгерген георгин. Халықаралық жіктемеге сәйкес үлпілдектігіне және формасына байланысты 15000 сорты бар, олардың өзі сорттық типтерге бөлінеді: 1-бірқатарлы, 2-анемон түрлі, 3-жаға тәрізді, 4-таушымылдық тәріздес, 5-түзу кактус тәріздес, 6-иілген күлтелі кактус тәріздес, 7-шар тәріздес, 8-пампонды, 9-сәндік, 10-нимфейтәрізді, 11-аралас, 12-жартылай кактус тәрізді [17,18].

Георгиннің көптеген түрлерінің иісі болмайды, бірақ иісі жағымды, хош иісті ботаникалық түрлері де бар. Көбінесе мәдени түрде өсірілетін болғандықтан, дәрілік өсімдіктердің қатарынан орын алған емес.

Георгин негізінен топырақ талғамай өсе береді, бірақ, ең тиімдісі қарашірігі мол, бақшалық топырақ, рН 6,5-6,7. Бірақ құмды топырақта да жақсы өсе береді. Георгинді өсіру үшін алдымен топырақты күзде және көтемде қопсытады [19-21].
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы