Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Бұл тәжірибеде алдын-ала 0,02 М KMnO4 ертіндісін даярлап алу керек. 3,3 г KMnO4 1 литрлік өлшеуіш колбаға өлшеп, 1000 мл өлшеуіш колбаға деңгейіне дейін дистилденген сумен келтіреді. Дайын ерітіндіні қайнатып, суытып, екі тәулікке қараңғы жерге қояды.

Индигосульфоқышқылының ерітіндісін даярлау. 1 г индигокарминді өлшеп алып, үстіне 25 мл концентрлі күкірт қышқылын мұқият ерітіп, 1 литрлік өлшеуіш колбаға құйып деңгейіне дейін дистилденген сумен келтіреді.

3 г ұнтақталған шикізатты көлемі 100 мл конус тәрізді колбаға салып, 50 мл ыстық су құйып, су моншасында 2 сағат қыздырады. Сулы ерітіндіні сүзіп алып декантациялайды. Колбадағы шикізатқа тағы да 50 ыстық су құйып, жоғарыда аталғандай қайта экстракциялайды.

Біріккен көлемі 100 мл колбаға сүзіп, ерітіндінің көлемін тазаланған сумен деңгейіне дейін келтіреді.

Алынған 100 мл ерітіндіні көлемі 500 мл конус тәрізді колбаға құйып, 100 мл тазаланған суға 10 мл индигосульфоқышқылын құйып, үздіксіз араластыру арқылы 0,02 М калий перманганатымен алтын-сары түс пайда болғанға дейін титрлейді.

1мл 0,02 М калий перманганатының ерітіндісіне 0,004157 г гидролизденетін илегіш заттар, танинге 0,00582 г конденсирленген илегіш заттар сәйкес келеді. Параллель 10 мл индигосульфоқышқылын тазаланған суда титрлейді.

Таза құрғақ шикізатқа шақққандағы илегіш заттардың мөлшерін (Х) процент бойынша мына формуламен есептейді:

, (5)

мұндағы, -экстракты титрлеуге кеткен 0,02 М калий перманганаты ерітіндісінің көлемі, мл; - бақылау тәжірибесіне кеткен 0,02М калий перманганаты ерітіндісінің көлемі, мл; -титрлеуге алынған экстракттың көлемі, мл; -экстраттың көлемі, мл; өлшеуге алынған шикізаттың салмағы, г; -шикізатты анықтағандағы процентпен берілген массасының шығыны [56,58].


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов