Жетимекова Анаргуль
Жексенбекқызы
«№25ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
ШҚО Семей қаласы
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырыбы:Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр
оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын
дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ата-ана,
Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, қызыл,көк үй макеттері, кеме макеті,
шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд
Музыка «Кең
жайлау» ойнап тұрады.Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Алихан:Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы Аяжан: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Айдос: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап
жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр,
түс алға!
Сахна ашылады:Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна
бұрышында сиқыршы қыз ертегі
кейіпкерлерімен билеп жүреді.
«Танец волшебниц»
Сиқыршы қызАялаИ:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз
жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін
менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не
көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)
Сиқыршы Аяла И: Ой, мен қайда келіп қалдым?
(Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!
СиқыршыАяла И:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі
қайда келіп тұрмын?
Мұғалім:Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде
тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «а» сынып
оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!
СиқыршыАяла И: Рахмет,маған да сізге көмектесіп
тұруға бола ма?
Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра
тұрыңдар.
Әуез:
Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата –аналар бүгінгі 1 «а»сынып оқушыларының:Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Диас Ә: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Қымбат: .Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Алина:Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре
алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Кең жайлау музыка әуеніменХан мен оның қызы келеді: Алихан
Уа, халайық осында 1 «а» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп
естіп едім сол распа? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп.
Егер қызыма осы 1 «а» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.
Бақытжан: Йа, атай сіз
шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің
кешімізге, төрлетіңіз.Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!
Бәрі бірге орындайтын ән:
Мектебім
Нұрали: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!
Дина: Бармысыздар, инемен құдық
қазғандар!
Даулет: Әліппеге рахмет деп шырқайық!
Айзере: Ал, қанеки енді тойды
бастайық
Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені
әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал
қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де
келген сияқты.
Алина: Достар! Осы мен әліппемен
қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
ДиасА: Ой! Не болды! Неге олай
дейсің?
Диас Ә: Ал мен жылағым кеп
тұр.
Нұрай: О, несі, неге жылағың кеп
тұр?
Динара: Мен Диастың неге жылағысы
кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.
Аяла Т: Дауласпайық, балалар! Мен
сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы
Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?
Бәрі: Дұрыс айтасыз.
Маржан:Әліппеге рахмет айтсақ та
қимай тұрмыз.
Мұғалім: Балалар Әліппені ортаға
шақырайық.
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе(Музыка ырғағымен ортаға
Әліппе келеді)
ӘліппеМади: Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен –Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.
Аяла Т: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына
қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?
ӘліппеМади: Ал ендеше мұғалім,
осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.
Исаева А: Жарайды, Әліппе. Балалар
бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Исаева Аяла: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Сиқыршы қызАрайлым: Ерте, ерте
ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк,
біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар
тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл
үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер
үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді
араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға
куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда
болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Диас Авд В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар.
Маржан
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Диас Ә
Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау.
Қымбат
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй
Мади
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
Динара
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Нұрсләм
Ж дегенің- жөргегің
Туған-өскен жерлерің.
Айзере
З әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.