Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
әліппемен қоштасу сценарий

әліппемен қоштасу сценарийі тегін
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Астана қаласы

Ж. Жабаеватындағы №4 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Баян Рахметуллина Кажыбаева

Тақырыбы: Әліппемен аштық білім есігін!

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау; «Ана тілі» оқулығымен таныстыра отырып, тілін құрметтеуге тәрбиелеу; Оқушылардың өнерлерін тамашалау; Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

І бөлім

Мұғалім:

Құрметті қонақтар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғаш мектеп табалдырығын аттап келген бүлдіршіндеріміз, мінекей бүгін тағы да бір асудан аттап отыр. Алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштаспақшы. Бұл оқулық әрқайсымыздың алғаш қолға ұстап, сауатымызды ашқан ұлы оқулық.

Сенің нұрын сөнбесін,

Ашық аспан, жарық күн!

Келешегі сөйлесін ,

Қазақ деген халықтың!

Бүгінгі күні«Әліппе» оқулығымен қимай-қимай қоштасқалы отырған, жүректері дүрсілдеп, күлімдеп тұрған 1 «Б» сынып оқушыларына қошеметпен ортаға шақырайық!

1 жүргізуші: Інкәр

Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!
2-жүргізуші: Мейіржан
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
1-жүргізуші: Іңкәр

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

2-жүргізуші: Мейіржан

Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңбасы,әнұраны
Қазақ елі егеменді,сан жұрты бар дей келе,бүгінгі:

Әліппемен аштық білім есігін,

Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!

Аружан

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.

Саят
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Назар

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға

Тоғжан

Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!

1-жүргізуші: Іңкәр

Шұқшитқан кеп әуелі
Сені әрбір әріпке
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?
Хормен:Ол сүйікті-Әліппе!

Ол сүйікті-Әліппе!

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Ортаға әліппе шығады.

Әліппе: Аружан

Армысыңдар, балғындар!

Армысыздар ата- ана!

Бар білімнің бастауы

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!

2-жүргізуші: Мейіржан

Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1-жүргізуші:Іңкәр

Олай болса «Әліппеге мың алғыс» бөліміне сөз кезегін берейік:

Амина

Әліппе менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілтті алып мен.

Амалия

Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Айдос

Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.

Анарқұл Аяжан

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Рахманберді Аяжан

Әріптерді ежелеп
Оқудан біз бастадық,
Тауысқанда оны біз
Ежелеуді тастадық.

Мұғалім:Бүгінгі Әліппені аяқтап, жас ұрпақтың санасына білім сәулесінің шапағын ұялатқан күні ұстаз ретінде шәкірттерімнің балаң арман, сәби қиялдарына құлақ қойғанмын. Ендеше , бала жүрегінің балауса арманын естіп көрейікші.(Әр оқушының арман – тілегін тыңдау)
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім! Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті,қадамдарың құтты болсын!

1-жүргізуші: Іңкәр

Шашу, шашу, шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.

(Осы жерде шашу шашылады)

2-жүргізуші: Мейіржан
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Келген қонақтарға сөз кезегін беру.

1-жүргізуші: Іңкәр

Осымен «Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көрісікенше күн нұрлы болсын!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жетимекова Анаргуль Жексенбекқызы

«№25ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО Семей қаласы

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы:Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, қызыл,көк үй макеттері, кеме макеті, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Музыка «Кең жайлау» ойнап тұрады.Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.

Алихан:Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы Аяжан: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Айдос: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Сахна ашылады:Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.

«Танец волшебниц»

Сиқыршы қызАялаИ:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы Аяла И: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!

СиқыршыАяла И:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?

Мұғалім:Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «а» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

СиқыршыАяла И: Рахмет,маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

Әуез: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата –аналар бүгінгі 1 «а»сынып оқушыларының:Қош бол, менің қасиетті Әліппем! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Диас Ә: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

Қымбат: .Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Алина:Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Кең жайлау музыка әуеніменХан мен оның қызы келеді: Алихан

Уа, халайық осында 1 «а» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол распа? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 «а» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.

Бақытжан: Йа, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Бәрі бірге орындайтын ән: Мектебім

Нұрали: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!
Дина: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!
Даулет: Әліппеге рахмет деп шырқайық!
Айзере: Ал, қанеки енді тойды бастайық
Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.
Алина: Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
ДиасА: Ой! Не болды! Неге олай дейсің?
Диас Ә: Ал мен жылағым кеп тұр.
Нұрай: О, несі, неге жылағың кеп тұр?
Динара: Мен Диастың неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.
Аяла Т: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?
Бәрі: Дұрыс айтасыз.
Маржан:Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.
Мұғалім: Балалар Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді)



ӘліппеМади: Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен –Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.

Аяла Т: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?


ӘліппеМади: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.
Исаева А: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия

Исаева Аяла: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Сиқыршы қызАрайлым: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Диас Авд В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар.
Маржан
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Диас Ә
Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау.
Қымбат
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй
Мади
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
Динара
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Нұрсләм
Ж дегенің- жөргегің
Туған-өскен жерлерің.
Айзере
З әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бақытжан
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Дина
Ы дегенің-ырысың
Орман-тоғай өзенің.
Айзере
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз елің.
Еркежан
О дегенің- отбасы
Отан деген ұғым бар.
Әлихан
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау.
Нұрали
К дегенің- күй дарын
Домбыраның дастаны.
Аяла Т
Х дегенің-сәлем хат
Қуанышың қаншама
Айша Т
Я деген-Яссы
Қала болған бұрындар.
Әуез
А деген ол ана ғой,
Ана деген дана ғой
Дәулет
Ө әрпімен өрістер
Өмір атты дүниең
Нұрай
Ш дегенің –шапағат
Тие берсін баршаға.
Алина
Р дегенің- рақым
Мейірің мен пейілің.
Арайлым
С әрпі сұлулықтың сымбаты
Сыпайылық сан- алуан сын тақты
Айдос
І-ні көріп кітаптан
Шырағданға ұқсатам
Маржан
Ал мында у тұр ғой,
Өзі айнымаған циркуль ғой
Динара
Әжем ойған оюды
Әкем қойды көрмеге
Еркежан
Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды
Аяжан
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойы тойлансын!
Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!

Ән «Әліппе»

Бақытжан; Балалар кім есікті қағып тұр.

Ана тілі Нұрали:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам,

Ана-тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Мұғалім:Ал, енді балалар біз осы 4ай бойы не үйренгенімізді мына тапсырмалар арқылы көрсетейік.Тақтадағы сиқырлы сандардың арасында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жазылған. Дұрыс жауап берсеңдер, құпия суретті сөз ашылады.

1. Біздің елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Президент күні қай күн?
(1 желтоқсан)
3. Біз қандай мемлекетпіз?
(Тәуелсіз, егеменді)
4. Еліміз қалай аталады?
(Қазақстан)
5. Ел ордамыз қалай аталады?
(Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
(Ту, елтаңба, әнұран)
7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды?
(1 қыркүйек)
8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың?
(Әліппе)

Слайдпен жұмыс
Мұғалім: Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар.

Теңізшілер биі

Хан: Мына балалар білімді екенменің қызым осы мектепте білім алар

Ханшайым: Йа, әке шынында да білімді балалар екен осы сыныпта қаламын. Олармен дос болуға қарсы емеспін.

Оқушылар ханшайымды өзіміздің сыныбымызда қалдырамызба?

Айша: Йа, әрине қалдырамыз. Бірақ біздің сыныпқа өтпестен бұрын бізге бір өнерін көрсетсін.

ЖарайдыАяжан: сендерге бір ән орындап берейін Ертегілер

Маржан:
Қыркүйекке келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.
Аяла Т
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
«Шәкіртім» деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

Әліппе: Ендеше барлығымыз мұғалімімізге арнап би билеп берейік

Видеоролик 1а

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Бағанадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың досы кім?
-Балаңыз қандай?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

Ата-аналарға қойылатын сұрақтар
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
Қуыршақ биі

Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға мектеп директорын Жанар Манатқызын шақырамыз.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында балаларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар!

Қазақстан әні
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ