Біздің ұғымда табиғат ана, жер ана деген ұғымдар бар. Табиғатты анаға теңегеннің өзінен ежелден табиғатқа, жерге, Отанға деген маxаббат пен жауапкершілікті байқауға болады. Жаратушының берген сыйын ластауға, бүлдіруге қақымыз жоқ. Себебі ол біздің анамыз.
Кең байтақ еліміздің табиғаты көркем ғой, шіркін. Басын мәңгілік қар басқан ақ басты Алатау оңтүстіктегі астанамызға сән беріп тұр. Ауасы таза, табиғаты тамаша жерлер өте көп. Ақын жазушылар да осындай әдеміліктен шабыт алып жазса керек. Жылдың төрт мезгіліне өлең арнаған Абай атамыз осының дәлелі емес пе?!
Табиғат тал бесігіміз. Оны ластауға біздің қақымыз жоқ. Табиғатты бүлдіру дегеніміз анамызға қастандық жасаумен тең. Табиғатты таза ұстау әрбір адамның өз қолында.