Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды. Бала үшін әкенің алар орны ерекше. Әке деген үш әріптің өзі бойымызға жылулық ұялатады. Әкенің қайсарлығы, батылдығы бізге үлгі. Әрбір әке баласының тәртіпті, ақылды, жігерлі болғанын қалайды. Және соған балаларын баулиды. Сол әкенің артқан үміті мен сенімін ақтау үшін балалары талпынып, ұмтылуы тиіс. Дүниедегі барлық асылды жиып қойсақ та әкенің бір күлімдеген көзқарасына тең келмейтіні сөзсіз. Әке деген сөзді жылулық, маxаббат деген сөздермен қатар қоюға болады