Лекция жоспары:
Сұйық және қою дәрілердің жіктелу мен сипаттамасы.
Тамшымен дозалау. Тамшылатып дозалайтын қондырғылар.
Көлемдік дозалау.
Сұйық және қою дәрілерді бөлшектеу мен орамдауға арналған машиналар мен автоматтар.
Сұйық және қою дәрілердің жалпы сипаттамасы.
Сұйық және қою дәрілік түрлер қазіргі дәрілердің ассортиментінде 60% - аса шығарылады, себебі олар бір қатар ерекшеліктерге ие:
Дайындау қарапайымдылығы;
Бөлшектеу мен көлеммен өлшеп алу қарапайымдылығы;
Дозалау варианттарыныңкөптігі (осы артықшылық балалар медициналық іс – тәжірибесінде кеңінен қолданылады);
Биологиялық тиімділігінің жоғарылығы және терапевтік әсерінің тез басталуы;
Қолдану қарапайымдылығы және т.б.
Сұйық және қою дәрілік түрлер – бұл бос дисперсті жүйелер, яғни сұйық дисперсиондық ортада дәрілік зат біркелкі таралған. Сұйық және қою дәрілік түрлер дәріханада және өндірістік жағдайларда дайындалады. Олардың бөлшектеп – орамдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың келесі жүктеулерін білу қажет:
Дисперсиондық ортасының табиғатына байланысты: спиртті, сулы, майлы және т.б., себебі ол ерітіндінің тұтқырлығына әсер етеді;
Медициналық қолданылуына байланысты:
Ішке қолданылатын (АШТ – сы арқылы);
Сыртқа (энтеральды) қолданылатын (теріге шырышты қабаттарға ерітінділер, шаймалар, клизма, мұрынға, көзге арналған тамшы ретінде және т.б.);
Парентеральды немесе организмге теріні зақымдау арқылы енгізілетін (инъекциялар мен инфузиялар).
Соңғы дәрілік түрлердің жіктелуі дәрінің технологиясына, дайындау жағдайларына, орауыш материалдың және орауыш түрін (конструкциясын) таңдауына әсер етеді.
Мысалы, көзге арналған тамшыларды асептикалық жағдайда дайындалады, ал орауышты жасау үшін бір жағынан термиялық немесе химиялық стерелизацияға төзімді, екінші жағынан мөлдір, механикалық қоспалары болмауын тексеруге мүмкіндік беретін материалды таңдау керек. Орауыштың түрі бірінші ашуын тексеруге, дәрінің стерильдігін, герметикалық жабылуын, сонымен бірге, қолданған кезде қалған дәрінің тазалығы мен стерильдігін қамтамасыз ету керек.
Тұрақтылық талабы сулы сұйық және қою дәрілерге химиялық төзімді (сілтіленбейтін) шыныдан тара жасау арқылы атқарылады. Сонда шынының ХТ – 1, ОС – 1, НС – 1,НС – 2, НС – 2А, маркалар қолданылады.
Механикалық қоспаларының жоқтығын қалыңдығы әртүрлі мөлдір шыны қолдану арқылы тексеруге болады.
Сұйық және қою дәрілік түрлерді ішке және сыртқа қолданғанда көлем мен тамшы түрде өлшеуге болады.
Тамшымен дозалау.
Егер дозаның мөлшері 1мл жоғары емес болса, оны тамшымен өлшеу қажет. Осы әдісте көзге арналған ерітінділердің, күшті әсер ететін жүрек препараттарының, балаларға арналған, мұрынға және құлаққа енгізетін тамшыларының дәл дозалануы ең маңызды болады.
Дағдыдағыдай, препараттың 1мл – де тамшылардың саны және 1 тамшының салмағы қатаң түрде регламенттеледі. Мысалы, АҚШ (США) фармакопея бойынша 1 тамшының салмағы 43 – 45 мг, ал СССР МФ ХІ (т.2, 134 б.) жиі қолданылатын кейбір сұйық дәрілік препараттарының 1мл – дегі тамшыларының саны мен 1 тамшының салмақтар кесте түрінде берілген. Осы көрсеткіштер қолдану арқылы анықталған. МФ СССР ХІ судың бір тамшысының салмағы 50мг, 1 мл суда 20 тамшы бар.
Дағдыдағыдай, тамшы түрде қолданылатын дәрілер арнайы тамшымен дағдылауға арналған құралдармен – тамызғыштармен қамтамасыз етеді.
Тамызғыштардың жұмысына келесі әсер етеді:
а) гидростатикалық қысымның айырмашылығын жасау;
б) тамшы түзілу жылдамдығына сұйықтықтың тұтқырлығының әсер етуін ескерту;
в) тамызғыш тесіктің диаметрмен сұйықтықтың тамшылату жылдамдығын байланысын ескерту;
А) Сұйықтың құтыдан ағып шығу тек қана оның орнына ауа кірген кезде болуы мүмкін, яғни көлемде құтыға ауа кірсе, сондай көлемде сұйықтық ағып шығатыны белгілі. Сол себептен, тамызғыштарда минимум 2 тесік болуы керек: 1 – ші тесіктен сұйықтық ағады, 2 – ші тесік бойынша ауа флакон ішіне кедергі, сұйықтың орнын алу үшін. Сонда тамызғыштың қалыпты жұмыс істеу үшін екі тесіктердің арасындағы керекті гидростатикалық қысым айырмашылығы түзілу талабы сақталу қажет.
Осы айырмашылық (∆р) сұйықтықтың тығыздығы мен тесіктердің әр түрлі биікте орналасуымен байланысты келесі формула бойынша:
р2 – р1=∆p=h•ρ (м•кг/м3)
Дегенмен, гидростатикалық қысымның айырмашылығым сұйықтықтың флаконнан ағып шығуын қамтамасыз етеді.
Б) Ауаның құты ішіне өтуіне сұйықтықтың тұтқырлығын кедергі жасайды. Бірақ ол тамшылар түзілу жылдамдыққа ғана әсер етеді (керісінше), себебі сұйықтың тұтқырлығы не құрылым жоғары болса, сол құрылым ауа бояу құтыға кіреді.
Ескерту керек: сұйықтықтың беттік керілуі тек қана тамшының көлеміне әсер етеді.
В) Егер ауа өтетін канал тесігінің диаметрі кішкентай болса, капиллярлық қысым түзілуі мүмкін, олда ауаның құты ішіне өтуіне кедергі жасайды. Сол себептен ауалық каналдың диаметрі [D] жеткілікті болу қажет, ал оның түбінде диаметрі тар [d] тесік жасайды. Бұл жағдай капиллярлық қысымның әсерін төмендетеді.
Тамшылату жылдамдығы ең оптимальды болу үшін, 1 секундта 2 тамшы түзілу керек. Егер жылдамдығы жоғары болса, тұтынушы тамшыларды есептеп үлгере алмайды.
Сонымен, сұйық ДТ тамшылату жылдамдығына екі тесіктің диаметрі және олардың арасындағы гидростатикалық қысым айырмашылығы әсер етеді.
Тамшылату әдісте препараттың дәл дозалау тек тамшылардың санымен байланысты емес, сонымен қатар олардың үлкендігі әсер етеді.
Тамшының үлкендігіне (көлемі):
Тамшылату ауданы;
Сұйықтықтың беттік керілуі әсер етеді;
Іс – тәжірибеде тамшылату ауданның максималды диаметрі – 7мм аспауы керек, ал сұйықтықтың ағып шығу тесігінің диаметрі – 0,4 – 0,8мм аспауы керек. Сол себептен тамшылар бір қалыпта түзілуі үшін, барлық орауыштардағы тамызғыштардың тесіктерінің дәлдігі жоғары дәрежеде жасалу керек (ауытқуы 0,04% аспауы керек).