Іс – тәжірібеде әр түрлі варианттар түзілуі мүмкін, мысалы:
- бірнеше екіншілік орауыштар бір мезгілде қолданылады (капсулаланған дәріні картон пачкаларға (пеналдарға) орамдайды );
- кейбір жағдайда транспортты орауыш болмауы мүмкін, тасымалдануы екіншілік орауышта өтеді.
Көп жағдайда осы орауыштардың жіктелуі ДДҚ өндірісінде кең қолданылады.
Орамдау процессінде көмекші орауыш құралдар қолданылуы мүмкін, яғни орауыштардың кейбір элементтері. Орауыш элемент ретінде негізгі тарамен (орауышпен) комплекс түрде немесе орауышсыз ораманың функциясын атқаратын әр түрлі бөлшектер (детальдар) юолуы мүмкін, мысалы, ампулаларды ашатын кескіштер, пипеткалар, дозалайтын мензуркалар, тамызғыш – қондырғылар, инструкциялар және т.б.
Тара және орауышқа қойылатын талаптар.
Халық шаруашылығының әр саласында өнімдегі орауыштарда шығарады.Орауыштардың бәріне жалпы келесі талаптар қойылады:
1. Химиялық индифферентілігі – біріншілік орауыштың материалы өнімнің физико – химиялық, фармакологиялық және т.б. қасиеттерін өзгертпеуі қажет;
2. Биологиялық индифферентілігі (физиологиялық) – тұтынушаға кері әсер көрсетпеуі керек;
3. Орауыштар берікі, сонымен бірге қолайлы ашуын қамтамасыз етуі үшін сынғыштылығын сақтауы керек;
4. Температураның өзгеруіне тұрақты болуы;
5. Жоғары ылғалдылыққа немесе жоғары құрғақтылыққа тұрақты болуы;
6. Өнімнің формасын бір қалыпта сақтау қабілеті болуы қажет;
7. Жалпы салмағы минимальды болуы керек;
8. Бөлшектеу мен орамдау процессін максимальды механизациялау жіне автоматизациялау мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі керек;
9. сыртқы безендіруі әдеми болу қажет;
10. Жұмыстың жоғары өнімділігін және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз ету қажет, және басқа талаптар.
ДДҚ – дың тара мен орауыштарға қойылатын талаптар.
(ТМД) елдерге дәрілер және МҚБ – дің өндірісі СССР МФ талаптарына сай өткізіледі. МФ – да препараттар қолдануға рұқсат етілген туралы мәліметтері, олардың сапасын бақылау әдістері, орауыштарына, сақталуына, қолданылуына қойылатын талаптары берілген. МҚБ – дар мен санитарлық мақсаттармен қолданылатын бұйымдарға (СҚБ) нормативті – техникалық құжат (НТҚ) ретінде – ТУ және МРТУ, ОСТ, т.б. қолданылады.
ДДТ юөлшектеп орамдау, тұтынушыға қолайлы дайын түрде жеткізу мақсаты ДДҚ (өндірісінде) шығаруды медициналық және фармацевттік өнеркәсіптің жеке сала ретінде бөлінуіне сабап болды. Себептері (ДДҚ өндірісінде келесі жағдайларды ескере ету қажет):
1. Орамдалынатын дәрілердің, жартылай өнімдердің әр түрлі физико – химиялық қасиеттерін (мысалы, ұшқыштығын, бояғыштығын, иіс шығаруын, өтрке қауіпсіздігін, жеңіл тотығуын және т.б.);
2. Организмге әсер етуін (улы, күшті әсер ететін, құрамында есірткі заттардың болуы, т.б.);
3. Тазалығына қойылатын талаптарды (кейбір жағдайда стерильділік талабы);
4. Дәл дозалануын, әсіресе балалар және гериатриялық практикада қолданылатын, немесе құрамында күшті әсер ететін, улы заттары бар дәрілік түрлердің;
5. Және басқада спецификалық талаптарды.
Осыған қарағанда ДДҚ өндірісінде препаратпен тікелей қатынасатын біріншілік орауышты дұрыс таңдау ең маңызды жағдай болады. Біріншілік орауыш, біріншіден, ішіндегі дәрілік түрдің тұрақтылығын, және ұзақ сақталуын, екіншіден, дәріні қолдану қолайлығын (ыңғайлығын) және т.б. қамтамасыз етуі керек.
Сонда орауыштарға қойылатын жалпы талаптарымен бірге ДДҚ – дар және МҚБ (СҚБ) – дардың біріншілік орауыштарға келесі стандартты талаптарды қойылады:
газ және бу өткізбеушілігі;
жарық өткізбеушілігі;
микроорганизмдерді өткізбеушілігі (микробтарға барьерлік тұрақтылығы);
дозалау және қолдану ыңғайлығы;
сақтау мерзімінің ұзақтылығы және т.б.
Сонымен, біріншілік орауыштың түрін (конструкциясын) және материалын таңдау келесіге байланысты:
дәрілік препараттың физико – химиялық және технологиялық қасиеттеріне;
тұтынушыны максимальды қанағаттандыру талаптарына (ол талаптар әрі қарай айтылады);
өндірістің пайдасын көздеу (қол жеткілігі, арзандылығы, яғни рентабельділігі).
ДДҚ – дардың орауыштарына келесі ерекше талаптар қойылады:
1. Дәрілік улануын, әсіресе балалар арасында, болдырмау. Осы талап келесі жолдармен орындалады:
а) құрамында улы немесе күшті әсер ететін заттары бар дәрінің орауышына жиіркенішті түс беру. Қәзіргі кезде кездегі көп дәрінің хош иісі, жақсы дәмі, әдемі сыртқы түрі балалар арасында, әсіресе 2 – 3 жастағы балалардың улану себебі болады, осыны дәрілерді шығарғанда ескеру қажет;
б) балаларға қиын ашылатын орауыштар, бекіткіштер (затворы), тығындарды зерттеп шығару. Осы талап көп елдерде заңдатылған.
в) дәрінің дозасын асып кетпеуіп болдырмайттын, әсіресе сұйық ДТ және аэрозольдерге арналған арнайы дозалайтын қондырғыларды зерттепшығару (әр түрлі сұзындырмаларды шығару);