Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тақырыбы:  «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді».
     «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Ғасырлар бойы азаттық үшін аттан түспеген қазақ елінен небір көзсіз батырлар мен арыстардың шыққаны тарихтан белгілі. Тарихымызда өз дәуірінде ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батырлар аз болмағанын білеміз.Соның бірі Әлия. Әлия туралы көптеген шығармалар, ән, жырлар жазылды. Әлияның тұлғасы алыстаған сайын биіктей, айтқан сайын жаңарып, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала бермек.
    Сақ патшайымы Тұмар ханымның туған жерін қорғаудағы, сол замандағы ерлігі, батырлық үлгісі, бүгінгі қайта айтылып жатырған Әлияның ерлігі. Бүгінгі  19 жастағы ер азамат өз бойын шаққа алып жүрсе, осы жастағы Әлия зілдей мылтығын асынып, мұз жастанып, майдан даласына аттануы азаматтықтың өр тұлғасы емес пе. Содан болар Әлия туралы жырламаған, Әлия туралы жазбаған ақын жазушыларымыз аз емес еді. Әлияның ерлігі жүрегімізде мақтаныш болып қала береді. Мыңдаған қыздарымызға Әлия есімі қойылды.Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ деген сөз бар. Бар болғаны 19 жыл өмір сүрсе де, ерлік жасап,ұрпағына ерліктің өшпес ізін қалдырды. Өмірді сүйген, арманшыл еді. Адам батыр болып тумайды. Әлия туған топырақ киелі мекен. Бұл мекенде Абат -Байтақ мазары, Қобыланды батырдың мазары , осы маңайда Исатай мен Махамбеттің жорығы болған. Бұл батырлар мекені. Осы киелі Қобда жерінде Әлияның дүниеге келуі ерлік дәстүрдің сақталуы емес пе.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қобда ауданында сегіз адам Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Соның  ішінде Әлия апамыздың орны бір бөлек. Бүгінде Әлия Молдағұлова атымен аталатын көшелер, теплоход Мәскеуде, Санкт Петербургте, Ақтөбеде Әлия музейі, Қобдада мектеп бар. Бәкір Тәжібаев пен Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні ерліктің гимні десек артық айтқан болмаймыз. Болат Шамшиевтің екі сериялы (« Снайперы» ) «Мергендер» фильмі халық қадірлеп  қарайтын кино туынды. Әлия туралы деректер тек Жеңіс күні қарсаңында ғана айтылмай, жыл бойы айтылса артық емес. Себебі Әлия ерлігі келесі ұрпақтың мұрасы болып қала береді.
Әлия жүрегі.
Яков Хмелевский. Сөзін аударған Сағи Жиенбаев.
Тверьдің орманы жас, жері кәрі,
Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерде Әлияның қаны сіңген,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Шаттансаң, қыз тудым деп, қазақ шаттан,
Әлия Ұлы Отанға болған мақтан,
Казачиха маңында тұлғасы тұр,
Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!
 Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдірдіп қоңыраулы атын жеккен.
 Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ