Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Денсаулық-зор байлық»
Адам өмірге келген соң, салауатты өмір сүруді мақсат еткені дұрыс. Себебі адам және оның денсаулығы кез келген адамның өзі үшін де, қоғам үшін де құнды. Қай елге болмасын дені сау азамат қажет екендігі сөзсіз. Себебі елдің еркін болашағы, дамуы, алдынғы қатарлы елдің  қатарына енуі үшін ол елдің азаматтарының денсаулығы дұрыс болуы бірінші кезекті мәселе екені даусыз.Тәуелсіз  Қазақстанның  кез келген азаматты салауатты өмір салтымен өмір сүруге насихаттау әрқайсымыздың міндетіміз.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан.»
деп халқымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы әр адам өз орнын өмірден табу керектігін  жырларында  айтқан болатын. Адам өзінің орынын табу үшін әрине оның денсаулығы  мықты болуы керек. «Дені саудың- жаны сау» деген ұғым осының дәлелі. Егер денсаулық болмаса, сенің әрі қарай әрекеттенуің мүмкін емес. Ал денсаулықты күту - өз алдында бір әңгіме. Қазіргі жастарға қойылатын талаптардың бірі-зиянды әдеттерден аулақ болу. Қоғам адамды тәрбиелейтіні анық.
«Адамның  адамдығы  ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады»,-дейді өзінің бір сөзінде Абай атамыз. Яғни адамның  қалыптасуына ортаның тигізер пайдасы мен зияны бар. Сондықтан адамның салауатты өмірді таңдауына ықпал ету үшін бала күнінен спортқа жақын, мәдени іс-шаралармен уақытын тиімді өткізуді мақсат ететін адамдардың айналасында орта қалыптастыру тұрғысында ата-ана ойлануы керек деп түсінемін.Бүгінде зиянды әрекеттер, онын ішінде ішімдік өнімдерін қолдану, шылым шегу, наша қолдану сияқты әрекеттер арқылы жас буын өздерінің денсаулықтанына ғана зиян келтіріп отырған жоқ, айналасына да кесірін тигізіп отыр. Ештеңеге қауқары жок, денсаулығы мен ойлауы бұзылған адам қоғамға да пайда әкелмесі түсінікті. Сондықтан бала кезде баланың дұрыс тамақтануына, денсаулығына зиянын тигізетін әрекеттерден аулақ болуына ықпал етіп, насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізу басты назарда болу керек.
Бүгінде жан-жақты салауатты, көздері ашық деген жастарымыздың өз денсаулықтарына қажетсіз іс-әрекеттермен айналысуы қарын аштырады, әрине. Дегенмен ел ертеңіне үлес қосам деп салауатты өмірді ұстана отырып, ерекше жобалармен жұмыс жасайтын жастардың  барлығы қуантады.
Саламатты Қазақстанның салауатты ұрпағы көп болсын.
                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов