Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бірінші байлық - денсаулық,
екінші байлық - ақ жаулық,
үшінші байлық - он саулық
Қазақта айтылған әрбір сөздің, әрбір мақалдың мағынасы өте зор болып келеді. Байлықтың түрі көп, дегенмен ең бірінші  байлық ол денсаулық. Деніміз сау, жан-жағымыз аман болса одан асқан байлықтың керегі жоқ. Ақшаға бәрін сатып алуға болады, дегенмен денсаулықты сатып ала алмайсың. Денсаулық ешқандай ақшаға айырбастамайтын, байлықмен теңелмейтін әр адамға берілетін сыйлық деуге болады. Сондықтан суық күндері жылы киініп, тамақты уақытында ішіп, спортпен жиі айналысып салауатты өмір салтын ұстану керек.
Әрбір адам- қоғам мүшесі. Ал сол адамның дені сау болса қоғамның байлығы деген сөз. Дені сау адамның көңіл-күйі әрқашан да көтеріңкі болады, және еңбекке құлшына кіріседі. Құлшынып жасаған дүние әрқашан да жемісін береді. Сондықтан деніміз сау болуы үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті аямай жұмсау керек.  
Қазіргі таңда медицинада емі табылмай келе жатқан неше түрлі аурулар көбейіп жатыр. Оның ең басты себептерінің бірі - экология. Дәрігерлер таза ауа, табиғаты көркем жерлерде жылына екі рет демалып келген дұрыс деп есептейді. Жоғарыда айтып кеткендей неше түрлі аурулардан сақтану керек. Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол іздеу қажет. Қорыта айтқанда, денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Әр адам өз денсаулығына өзі көңіл бөліп, орынсыз ысырап етпеуі керек.сБіз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызға көңіл бөлейік.
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
5 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов