Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов

Денсаулық - зор байлық

Мақсаты: Балаларды өтілген тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау. Балаларға денсаулық туралы қосымша мағлұмат беру. Балалардың тілдік қорын дамыту. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Жұптасып жұмыс жасауға үйрету. Адамның дене мүшелері туралы білімдерін, салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Балалардың денсаулығын қорғау.

Әдіс тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ- жауап, жұмбақ, мақал мәтел, дид. ойын түрлері.

Көрнекі құралдары: Слайд, ойынға қажетті құралдар, жемістер.

Дәйексөз:«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»

Жүру барысы:

Шаттық шеңбері:Балалар алақанымызда ашайық

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық

Мейірімділік шоғын салайық,

Жиналған жылы шуақты қонақтарға шашайық.

Ал, кәнекейбәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Тәрбиеші: Білесіңдер ме балалар сендер бүгін амандасу арқылы бір- біріңе аман, саулық тіледіңдер. «Амансың ба?», «Сау бол!», Сәлеметсің бе? Деген сөздер бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір бірімізге денсаулық тілейміз.

- Дені сау адам адам қандай адам? Денің сау болып өсу үшін не істеу керек?

Балалардың жауабы:Денсаулығымыз мықты болу үшін тазалықты сақтау керек. Дені сау адам еш жері ауырмайтын адам. Оның көзі жақсы көреді, құлағы анық естиді, тамақты жақсы ішеді көңілі көтеріңкі болады, жақсы ұйықтайды.

Тәрбиеші: Мен сіздерге бір кішкене құпияны айтайын. Біздің денсаулығымызды күнмен теңеуге болады. Күн сәулелері дәруменге бай, ондай сәулелелер сендердің ағзаларыңда да бар. Бүгін біз күн сәулесімен берілген тапсырмаларды орындап, денсаулық туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз.

Балаларды түрлі жалауша қою арқылы топқа бөлу. Балалар қалаған түстеріне сай топқа бөлінеді.

Бірінші топ:«Денсаулық» (Жасыл)_

Екінші топ: «Сымбат тобы »(Қызыл)

Үшінші топ:«Шымырлар»(Сары)

Тәрбиеші: Күн сәулесінің бірінші сәулесінде не жасырынған екен қане көрейік.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Барлық топ мүшелеріне беріледі.

Жұмбақ: Дүниеде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онсыз тіршілік жоқ. Ол не?

Көзге көрінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

Бұл – ауа.

Тәрбиеші:

- Балалар ауасыз біз өмір сүре аламызба?

- Ауа қандай?

- Ауа таза болу үшін біз не істеуіміз керек?

(Балалардың жауабы.)

Ауа тыныс алу үшін қажет. Бізді қоршап тұрған ауа.
Адамдар тамақ ішпей бірнеше апта, ал су ішпей бірнеше күн шыдай алады.Ал ауасыз тек бірнеше минут қана өмір сүреді. Қане балалар бір уақыт мұрындарыңды қысып, аузымызды жауып,дем алмаңдар қанша уақыт шыдаймыз қане көрейік.

Яғни ауа жетпегенде қандай күйде болдыңдар?

Міне күннің бірінші сәулесінің тапсырмасын таптық.

Екінші күн сәлесі бойынша тапсырма.

I топ «Денсаулық»тобына Дид. ойын «Пайдалы зиянды тағамдар»

II топ.«Сымбат» тобына Дид. ойын «Сезім мүшелерін ата»

Қане тағы бір денсаулықтың сәулесін ашып көрейік.

III топ. «Шымырлар»» тобына»Дид. ойын: «Адам бейнесін құрастыр»

Мақсаты: Адам дене мүшелері туралы білімдерін бекіту, салыстыра білуге үйрету.

Топтармен жұмыс.

I топ «Денсаулық»тобымен.Дид. ойын. «Пайдалы пайдасыз тағамдар» Балалар алдарына берілген суреттерден пайдалы тағамдарды қоршап сызады.

Біздің деніміз сау болып өсу үшін дұрыс тамақтана білу керек.

- Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Дұрыс тамақтану деген уақытымен тамақ ішу. Ет, балық, ұн ,сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс жидектерді жуып жеген жөн. Су денсаулыққа пайдалы. Суды ішеміз, сумен жуынамыз.

- Адам ағзасына қандай пайдалы сусындар бар?

-Адам ағзасына пайдалы сусын шырындар. Мысалы апельсин шырыны денсаулыққа пайдалы. Анар шырыны қан толтырады.

-Дұрыс тамақтанбау дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Дұрыс тамақтанбаған адам тез шаршайды, көп ауырғыш болып келеді.

Төрт топқа бірдей сұрақ:

- Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар :

- Тамақтанбас бұрын алдымен беті қолыңды сабындап жуу.

- Жеміс жидектерді пайдаланбас бұрын мұқият жеу керек.

- Тамақты асықпай, әбден шайнап жеу керек.

- Тамақтан соң ауыз қуысын шаю керек.

Барлық топ мүшелеріне тапсырма.

Тәрбиеші:Егер біз дұрыс тамақтансақ деніміз сау болады және мықты болып өсеміз. Қандай адамдарды мықты адамдар деп атаймыз?

Балалар: күші көп адамдарды айтамыз.

Тәрбиеші: Ал сендердің күштерің қай жерде орналасқан?

Балалар: Бұлшық етімізде.

-Денеміз сымбатты, күшіміз көп болып өсу үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Спортпен шұғылдану керек. Таңертең ертемен таңғы жаттығу жасау керек.

Тәрбиеші: Балабақшада мықты болып өсу үшін қандай оқу іс әрекеттері өтеді?

Балалар: Деншынықтыру сабағы өтеді. Ұйқыдын тұрғанда шынықтыру жаттығуларын орныдаймыз.

Сергіту сәті:

III топ «Сымбат» тобымен жұмыс.Сезім мүшелері деген не? Оларға нелер жатады?

Балалар: Сезім мүшелеріне: көз, құлақ, мұрын, тері, тіл жатады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Дид.ойын: «Сезім үшелерін ата?»

Мақсаты: Сезім мүшелерін туралы білімдерін бекіту. Олардың бір біріне айырмашылығын айта білу.

Көз – айналадағы қоршаған әлемді көру үшін берілген сезім мүшесі. Берілген сурет арқылы әңгімелейді.

Көзің екі жанарың,

Көз көреді, барлайды.

Оны кірпік, қабағың

Шаң мен желден қорғайды.

Мұрын–тыныс алу, иіс сезу мүшесі. Мұрынды үшкір заттармен шұқуға болмайды.

Суреттегі заттардың қайсысын иісі арқылы анықтауға болады?

(Суретпен жұмыс)

Құлақ- дыбыстарды естіп, миға жетізіп тұратын сезім мүшесі. Құлақты үнемі тазалап, жуып жүру керек. Жуған кезде ішіне су кетіп қалмау керек.

Суреттегі заттардың қайсысын құлақ арқылы анықтауға болады?

(Суретпен жұмыс

Тіл – біздің сақшымыз және дәм сездіргішіміз. Бұзылған, мерзімі өткен тағамдарды байқамай аузымызға салсақ, тіліміз оның дәмін бірден сезіп, ойланбастан түкіріп тастаймыз.

- «Ас адамның арқауы»,-

Деген сөз бар ежелден.

Бойға сіңіп тарқауы

Үшін керек ереже.

Таңданғандай киімді

Тамақтанғын тиімді.

Аса суық, ыстық та

Болмасын ас абайла.

Суреттегі заттардың қайсысын тіл арқылы анықтауға болады?

(Суретпен жұмыс)

Тілді қорғау ережелері: Пышақты және үшкір заттарды, шыны ыдыстарды тіліңмен жалама. Қолыңды азыңа салма. Тырнағыңды кемірме.

Тері- дене қорғаушысы. Адамның барлық дене мүшесін тері жауып тұр. Ол денені күйіктен, соққыдан, үсіктен әр түрлі жарақаттан сақтайды.

-Тері арқылы нені сезуге болады?

- Тері арқылы заттың қатты, жұмсақ,ыстық, суық,және пішінін анықтауға болады.

(Суретпен жұмыс)

Суреттегі заттардың қайсысын тері арқылы анықтауға болады?

III топ «Шымырлар» тобы: Дид. ойын: «Адам денелерін және ішкі ағзаларды орналастыр»

Мақсаты: Адам дене мүшелері туралы білімдерін бекіту, салыстыра білу,адамның ішкі ағзаларын атап, дұрыс орналастыра білу.

Денсаулық туралы мақал- мәтелдер.

1. Ас – адамның арқауы.

2. Тазалық -саулық кепілі.

3. Денсаулық -зор байлық.

Тәрбиеші: «Денсаулық» деген не осы?

1.Денсаулықты сақтауға,

Денсаулықты жақтауға

Гигиена -тән таза, Назерке

Гигиен -сау ағза.

2. Ауру тістер жүрекке,

Асқазан, бауыр, бүйрекке

Тигізеді залалын.

Ішсеңде жалғыз шай Жангелді

Тамқтан соң ауыз шай

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді.

3. Аяқ қол болмай кір,

Тырнағыңды алып жүр. Дәулет

Түрлі аурулар туады,

Микробтардан зиянды.

4. Дос бол сабын, сумен сен,

Жиі қолды жуғын сен:

Таңертеңде кешке де

Жуын күндіз түсте де

Жуын тамақ алдында Айым

Жуғын тамақ соңында,

Жуғын ұйықтар кезінде,

Жуғын тұрған мезгілде

5. Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз,

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз, Ерасыл

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз

Бәрі бірге: «Денсаулық» деген, міне, осы.

Тест сұрақтары:

1.Деніміз сау болып өсу үшін ең алдымен не керек?

2.Тазалық заттарын ата.

3.Адамда неше бүйрек бар?

4.Жалқаудың досы.

5.Ауырмау үшін не істеу керек?

6.Ол судан қорқады, одан кір қорқады.

7.Адамның ішкі ағзаларын ата?

8.Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

9. Сезім мүшелерін ата.

Тәрбиеші: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»,- демекші дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер!Сондықтан болашақта сендерден дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ, болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіне қатысып ат салысқандарың үшін сендерге көп рахмет.Тек биік шыңдардан білімдеріңді көрсете біліңдер. Мен сендерге тасбелгі сыйлаймын.

Екі жұлдыз – бір тілек.

Тәрбиеші: Балалар бәріңізде бір бір үйдің жұлдыздарысыңдыр. Сендерді ата аналарың жұлдызға теңейді. Ендеше «Екі жұлдыз бір тілек» ойыны арқылы бір бірімізге гүл шоғын беріп үш тілде тілек айтайық. Үш тіл дегеніміз. Болашақта сендер мектепке барғанда қазақ тілі мен қоса орыс және ағылшын тілін жетік меңгерулерің керек. Қане балабақшадан үйренген білімдерің бойынша үш тілде бір - бірімізге тілек айтайықшы.

(Балалар гүл шоқтарымен бір- біріне тілектерін білдіреді.)

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Астана қаласы

№72 мектеп-лицейдің

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабден Гүлбану Сабденқызы

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық (сайыс сабағы)

Сабақтың мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру;

Міндеттері:

Ø«Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғыну;

ØОқушы өз бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру;

ØДенсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білу;

Көрнекілігі: слайд, бейнематериал, ақпараттық коммуникациялық технология;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті. Ал балалар көңілімізді көтеріп, ойымызды жинақтап қалдық. Енді бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен тығыз байланыс жасау үшін жаңа топ құрамыз. Ол үшін менің алдымда жатқан парақшаларды алып топтасыңыздар. Парақшада топтың аты яғни «Денсаулық» және «Салауат» аттарына қарай топтасып отырасыздар. Топқа бөліндік, енді көшбасшыларыңызды өздеріңіз сайлаңыздар! Әр топқа көшбасшы сайланады. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпекші. Сергіп алдық, топтастық, енді сабағымызды бастайық. Мен бүгінгі сабағымызды сіздерге сұрақ қоюдан бастайын.

Мұғалім:

- Миллион доллар ақшасы бар, бірақ сырқат. Ол адам бақытты ма?

Оқушылар:

- Жоқ, себебі денсаулығы жоқ

Мұғалім:

- Сонда дүниедегі ең басты байлық не?

Оқушылар:

- Әрине денсаулық

Онда бәріміз белсенді тақтаға қарайық.

Слайд «Денсаулық зор байлық» (сайыс сабақ)

Яғни, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық зор байлық»

Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса орны толмас, қиындықпен келетін асыл қазына.

Сабағымыз сайыс сабағы болғандықтан бес тапсырмадан тұрады.

ØТоптың ұраны, эмблемасын таныстыру.

ØКестемен жұмыс

ØМақал – мәтел айтысы

ØТоп жетекшілерінің сайысы

ØГазет шығару

І тапсырма.

Топтың ұраны, эмблемасын таныстыру.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны:
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны:
«Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

ІІ тапсырма.

Белсенді тақтадан шыққан кестемен жұмыс

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІІ тапсырма.

Әр топқа денсаулыққа байланысты мақал - мәтел сайысы. Егер топ тоқтамай, кідірмей 10 мақал-мәтел айтса, санына қарай ұпай жинайды,

ІҮ тапсырма.

Көшбасшылар сайысы.

Көшбасшыға денсаулыққа байланысты сұрақтар қоямын. Жауап берген сұрақтарына 1 ұпай беріледі.

Көшбасшыларға сұрақтар:

І топ «Денсаулық» тобы үшін

1.Ол тісіміздің тазалығы мен саулығын сақтайды.
2.Көзімізді ашытсада жуынғанда керекті зат.
3.Гигиенаны сақтау үшін не керек?
4. ... қара,шашыңды тара.
5.Салауатты өмір несі?
6.Тәні саудың несі сау?
7.Денсаулық зор ... .

8. Оны күткен адамдар,Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,Байлық осы деседі.
9. Асқар тауда қалың орман,
Кейде оны шөптей орам.

ІІ топ «Салауат» тобы үшін

1) Адамның басты байлығы не?
2) Дені сау адамның көңілі қандай болады?
3) Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?
4) Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?
5) Сау денеде салауатты не болады?
6) Асқар тауда қалың орман,
Кейде оны шөптей орам.
7) Жаны саудың несі сау

8. Жанды мотор сынбайды,күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,Дәрігерлер тыңдайды.
9. Он жағымда бес сарбаз,сол жағымда бес сарбаз.

Ү тапсырма.

Газет шығару.

Белсенді тақтадан бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар бейнематериалдан алған әсерлерін тиянақтап, плакат бетіне сурет жүзінде түсіріп, газет шығарулары керек. (салынған суретті қорғайды)

Сонымен бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе:

Қазақстанның әр жас жеткіншектерінің дені сау, көңілі шат болсын дей отырып, бір-бірімізге тілек айтайық. Бірінші менің сендерге тілейтінім «дендерің сау бослын!» Әр оқушы тілекті жалғастырып, тілектерін айтып ортаға шығады.

Ән «Достық»

Меруерт ән айтады.

Спорттың түрлеріне қатысатын оқушылар киініп келеді. Музыка ойнап тұрады. Оқушылар өз өнерін қысқаша көрсетеді.

Мұғалім:Байлық - байлық емес, денсаулық-байлық!

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денін сауда!

Денсаулық терең бақыт деген сөзді ғұлама даналарымыз құр айтпаған. Сондықтан да деніміз сау болсын дей отырып, сабағымызды аяқтаймыз!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ