Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
денсаулық туралы шығарма керек
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Денсаулық кепілі

Бірінші байлық- денсаулық. Бұл сөздің түбінде өте терең мағыналы ой жатыр десем қателеспегенім. Біз мектеп табалдырығын аттағаннан бері осы сөзді жиі естіп келеміз. Сондықтан, «Денсаулық  туралы мақал айта қойшы», - дегеңде: « Бірінші байлық- денсаулық»,- дейміз. Яғни бұл сөз миымызда жатталып, ойымыздан кетпестей болып тұрып қалған.

Сонымен қоса, біз көбінесе « Салауатты өмір салтын ұстаңдар»,- деген сөзді көп естиміз. Оны мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, егде жастағы кісілер жиі айтады. Осыдан адамдардың ойында « Салауатты өмір салты дегеніміз не?»- деген сұрақ туады. Оған спортпен айналысу ғана жатады деп көп адам ойлайды. Осы ойдағы сұрақты қоюға батылдары жетпейді. Білмесе де білем, білсе де білем. Түсінбегенін сұрауға жатырқайды. Бұл сөздің мағынасын тек қана 50 % адам ғана түсінуі мүмкін. Ал қалған  50 %-ы түсінбесе де түсіндім дей салады. Шынына келсек, міне, осыдан үлкен қате кетіп жатады. Салауатты өмір салтына тек қана спорт жатпайды.  Сонымен қоса қалыпты уақытта ұйқыға жату, бір сәт болса да таза ауада серуендеу, төрт қабырғаға қамалып отырмай, қозғалыс жасау, таңғы жаттығу және қалыпты кестені ұстану кіреді. Бұл -кішігірім бөлігі ғана.  Қазіргі кезде қарт кісілердің: « Жасыңа жетпей қозғала алмайды, жасыңа жетпей шаршап қала береді екен»,- дегенді жиі айтатын болып жүргеңдерін байқадым. Бұған не себеп? Мен бір мысал келтірейін. Біздің мектепте математика пәнінен жасы 75- тен асқан Ғұбайдуллина Дариға  апай береді. Ол кісі мектепке жаяу келеді, жаяу қайтып кетеді. Уақытылы дәрігердің қабылдауында болады. Апай өте жеңіл қозғалады. Апайдың айтуы бойынша, ол жас кезінде спортпен, гимнастикамен және бимен айналысқан екен. Үздік бишілердің бірі болыпты. Жас кезінде өте көп қазғалыста болған екен. Қазіргі кезде де таңғы жаттығуларды жасайды. Әлі де еш қиындықсыз жүреді, тұрады, отырады. Керек болса шпагатқа да отырамын деп қалжыңдап қояды. Ал қазіргі жастар қандай? Он бес минут жерді жергенде- ақ: « Шаршадым, шөлдедім,»- деп шығады. Бос уақыттарында компьютерге, ұялы телефонға отырып алып, таңнан кешке дейін ғаламтор қосылған қораптың гипнозында отырған секілді болып көрінеді. Қазіргі заман- технология заманы дегеннің өзіңде-ақ, бір сәт болса да тұрып ата-аналарына көмектесіп немесе бой жазып келу деген жоқ қой. Ол тұрып кетсе, ана компьютерді біреу алып кететін сияқты оған. Енді  жастар түні бойы компьютерде отырып, содан  ұйқылары қанбай, сабақ үстінде көз іліп кетуді шығарды. Ал, « Спортпен қашан айналысасың?»- десең, «Ертең, ертең»,- деп қала береді. Ертең, ертең деп жүріп кеш болып жүрмесін.

         Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: « Қазақстанға дені сау ұрпақ керек»,- деп жастарға жар салуда. Бұл -барлығымыз бірден спортпен айналысу керек деген сөз емес. Кішкене болса да жаттығу қимылдарын жасап, таза ауада серуендеп, салауатты өмір салтын ұстану. Бұрынғы тепсе темір үзетін жігіттеріміз келмеске кеткендей ме, қалай? Сонда да деніміз сау болып, он екі мүшеміз аман болсын дегім келеді. Мықты денсаулық- мықты елдің кепілі.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Бар байлығым- денімнің саулығы»
           Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
           Денсаулық – адамзат  үшін баға жетпес байлықтың бірі. Деніңнің  жақсы, мықты болуына  еш нәрсеңді, уақытыңды, күшіңді, еңбегіңді аямауға тиіссің.
Адам баласы өз денсаулығына  көп көңіл бөлетін болса,  оның мықты болуына, еш ауыруға тап болмауына көзіміз жетеді.   Кейбір  кезде   біз денсаулығымызға жайбарақат  қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларымызға  жолатпау, әр адамның   өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын  сақтауымыз керек екнін біз анық білеміз. Салауатты өмір салтын  сақтау  спорт түрлерімен  шұғылдануға,  дұрыс тамақтануымызға,  зиянды әрекеттерден аулақ болып,  тазалыққа жақын болудың себебі болып саналады.  Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар  арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
           Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.  Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей-
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде.  "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет.  Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий)  деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып,  білгендерден сұрап отыруы қажет.  Қазақ халқы «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген елімізді дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсенді жүргізгеніміз абзал. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру-біздің міндетіміз. Мектебіміз жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтауына, денсаулықтарының зор болуына өз ықпалын тигізіп отыр. Денсаулық – адамның басты байлығы. Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл. Соған орай, Вальтер Шененберг айтқан бесінші кеңес: "Деннің саулығы - тек өзің ғана ала алатын асу".
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов