Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев жаңа білім беру жобаларының басты қозғаушысы бола отырып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлуде. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да мұғалімдердің алдында өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, ұйымдастыруға қабілетті жеке тұлғаға бағытталған жүйе құрудағы тарихи міндет тұр. Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі білім беру технологияларын жетік меңгеру.
Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адаммен бүкіл дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуге ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды рөл атқарады. Ақпараттық-коммуникативтік технология – білім беру саласында оқыту үрдісінің жұмыс жасау мүмкіндігін күшейтетін құрал. Олай болса:
- АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технология) дегеніміз не?
- АКТ-ның мүмкіндіктері қандай?
- Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға жауап берсем: ақпараттық – яғни, ақпарат-жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар деп локальдық, аймақтық бүкіл әлемдік желілірде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді, мультимедияны телекоммуникацияны, вертуальды, ақпараттар жиынтығын айтамыз. Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздар оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, тұлға дамыту қажет. Ақпараттық технологияны компьютерлік бағдарламалар және желілік қызмет деп екіге бөлуге болады. Әр бөліктің атқаратын қызметі де әр түрлі. Компьютерлік бағдарламаларға: электрондық оқулықтар, сөздіктер, мәтіндік-мультимедиялық редакторлар, компьютерлік тренажерлар мен құрылған тест бағдарламалары кіреді. Ал, желілік қызметтің өзі ақпараттық қызмет пен желілік байланыстан тұрады. Ақапарттық қызметке Web сайттар мен интернет ресурстары, желілік байланысқа онлайн-телеконференциялар, түрлі әлеуметтік желілер мен электрондық пошталар жатады.