Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Отбасының тәрбие мен білім беру үрдісіне қатысуы

спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Отбасының тәрбие мен білім беру үрдісіне қатысуы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан қазақ қоғамының алдында тұрған сара жол-ұлт Көшбасшысы,Елбасы жүргізіліп келе жатқан сындарлы саясаттың бірі- жас ұрпаққа сапалы білім беруді жүзеге асыру.

Бүгінгі күні еліміздің ертеңі-жас ұрпақты өз халқының тарихын,тегін,салт-дәстүрін,тілін білетін адамзаттық мәдениетті түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу-жаңа заманның басты талабы екені мәлім.Бұл ретте оқу тәрбие үрдісін өрге бастыруға ұмтылып,шығармашылық ізденіспен еңбек ету-әрбір білім мекемелері мен ондағы ұстаздарға жүктелген үлкен міндет.Аталған парызды адалдықпен атқарып жүрген білім ордалары мен өз ісінің нағыз білгірлері аз емес.Еңбекшіқазақ ауданы,Көктөбе ауылында орналасқан мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Айгөлек» балабақшасы. Мұнда іскерліктің жарқын үлгісін танытып жүрген ұлағатты ұстаздар баршылық.

«Ұлт болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақтың білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі ұстаз қолында!»,- Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әрбір педагог шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана ұжымның ісі ілгері басады.Олай болса,балабақшамызда бүгінгі таңда 17 педагог қызмет атқаруда.Балабақшада әрбір педагогтың ғылыми-зерттеушілік,шығармашылық жұмыспен айналысуына ,жаңа педагогикалық инновацияларды меңгеруіне және оны оқу тәрбие үрдісіне енгізуіне толық жағдай жасалған.

 Еліміздің және оның жас жеткіншектерінің басты капиталы-сапалы білім.Қай мемлекет болсын өзінің болашағын жастармен байланыстырады.Өйткені дарынды балалар-еліміздің жарқын  болашағы,түғырын берік орналастыра түсер алтын діңгегі.

«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»,-деп Елбасымыз айтқандай,еліміздің келешегі жастарға білім беруде,қоғамға сай тәрбиеленудің алғашқы баспалдағы-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту болып табылады.Біздің балабақша өз қызметін 2008 жылдан бері жүргізіп келеді,казіргі таңда 7 топ,140 бала және 280 ата-ана,яғни мектепке дейінгі білім деңгейі басты білім беру ресурстарының бірі,білім беру негізі болып табылады. Сондықтан біздің алдымызға ата-аналармен әріптестік жағдайында мекеменің білім беру жұмысының сапасына деген жауапкершілікті арттыру мәселесі өткір қойылып отыр.

Жұмысты педагог пен ата-ана әріптестігі форматында ұйымдастыру басшы, тәрбиеші ата-ана қызметтері стиліне батыл қайта құруды талап ететін күрделі үрдіс.

Ата-аналар педагогтер еңбегін бақылаушы және бағалаушы рөлінде емес,сол іс-әрекеттің қатысушысы ретінде тартылуы тиіс.

«Ел болам десең,бесігіңді түзе»,-деген М.Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды.Өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап,оның мәртебелік орнын жоғары деңгейге көтеруге тырысады.

Отбасы -адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі.Өсіп ер жететін,тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі.Адалдық пен мейірімділік,жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор.Ата-ана  баланың мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге және балалардың сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.Осындай тығыз қарым-қатынас болған жағдайда балалардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күрделі күштер мен себептер болады.Біздің балабақша тәжірибемізде тәрбиеленушінің отбасымен өзара әрекеттестігі мен байланысының «жетілу» үрдісі мына алгоритм бойынша құрылады.Ата-аналар-әкімшілік-тәрбиеші.

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жүйесін құрғанда,біз білім берудің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мақсаттарының артықшылықтарын ұғыну тұрғысынан қарастырдық.

Біздің міндетіміз жұмыс формасын көрсете отырып,оларды балалардың жас ерекшеліктерімен ойлауына бейімдеу.

Балабақшаның әдістемелік қызм еті аясында тәрбиешілер жұмыстың белсенді формаларын меңгеруде: мастер-класс,кіріспе,жалпы қорыту сабақтары- экскурсиялар,көрмелер,интеллектуалды ойындар,жобалық жұмыстар.

Әр бағыттың өз міндеті бар.

Мастер-класс өткізуде дәйекті түрде қайталанатын компоненттерді бөліп көрсетуге болады:міндеттер қою,бағдарлама бөлімінің қысқаша сипаттамасы, әрекеттік топтар құру,проблемма қойылуы,мәселе бойынша топтағы жұмыс,материалдың тұсаукесері, «Бізбен бірге үйреніңіз» стенді үшін ақпарат дайындау.

ответил от Ulia
0 голосов

Тәрбиешілердің міндеті-ата-аналар аудиториясын басқаруды үйрену.Оларды сабақтың білім беру мазмұнын әзірлеуге,балалардың танымдық қызметін ұйымдастыруға қызықтыру.Бұл үшін тәрбиешінің өзі мазмұнды жетік меңгеруі,күтілетін нәтижені жобалай білуі тиіс.Материалды үйренуге арналған көрмені,экспозицияны ата-аналармен әріптестер қолымен дайындау,бала дамуында жаңа білімнің пайда болуын байқап отыру-жұмыстың екінші бағытындағы кәсіптік шеберлік нысаны.Ойлаудың жас ерекшелігін ескере отырып,интеллект ойындарын әзірлеу,3 -бағыттағы жұмыс.

Тақырыпты таңдап,оған қызығушылық тудыру,балалар мен ата-аналарға зерттеудің алғашқы дағдыларын үйрету,оларды тақрыптық көрмелер жасауға тарту.Осының бәрі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігін құрайды,осыдан үйренеді, содан соң ата-аналарға жеткізеді.

Әдістемелік жұмыс мәдениеті мен педагогикалық менеджмент дағдыларын меңгере отырып,тәрбиеші ата-аналардың білім беру кеңістігіне  тереңдей ену бағдарламасын жүзеге асырады.

«Жоғары топтарда мастер класстар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы жұмыста «Бәрін білгім келеді» бөлімі бойынша ата-аналардың 4 тобы қатысады:

  • «Теорияшылдар» тақырып бойынша глосарий дайындайды,топты зерделеуге,үйде танысуға хрестоматия бойынша материалдарды іріктейді.
  • «Экспериментшілер»үй жағдайына және сабақта жүргізу мүмкін болатын эксперименттер мен байқап отыру жұмыстарын жоспарлайды.
  • «Істі жасаушылар»-тақырып бойынша ресурстық қамтамасыз етуді ойластырады.
  • «Талдаушылар» күтілетін нәтижелер мен алған білімін,сөйлеу дағдыларын,іс жүзінде қолынан не келетінін бала көрсететін сабақтардың түрлерін жобалайды.

Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы ерікті түрде екендігін айтып өткен жөн.Қызығушылық танытып жатқандар қатары артып келе жатқанын тәжірибе көрсетуде.Алғашқы мастер-кластарда 8-9 қатысса,жыл соңында бірлі-жарымы ғана енжарлық танытты.Осындай кездесулердің қорытындылары жөніндегі материалдар «Бізбен бірге үйреніңіздер»стендіне шығарылатын болғандықтан,оларда топтағы істерге ортақтас.

Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу,білім шекарасын жылжыту,балаларды өмірге даярлау-жаңа әлемде нақты көптілділік болып табылады.Үш тілде оқыту-заман талабы.Осыған байланысты,балабақшамызда ата-аналардың қолдауымен ағылшын тілінен «Кім тапқыр?» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Интеллект ойындарын  даярлау мен өткізу кезінде бойды сайыскерлік билейтіні түсінікті.Сонымен қатар,балабақшадағы өзге ұлт өкілдері балаларының арасында қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін,қасиетін ұғынту мақсатында өткізілген «Қазақшаң,қалай балақай?» атты облыстық және аудандық байқауларда ата-аналардың қолдауының арқасында жүлделі орындарға ие болдық.Тәрбиешілердің,психолог пен басшының міндеті-әкелері мен шешелерін баланың ойлауы мен дамуы жас ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлау.

Осылайша,ата-аналар аз да болса,бала туралы қажетті деген психологиялық -педагогикалық білімдерін арттырады.

 Жұмыстың ең күрделі түрі-жобалау қызметі,сондықтан олар тек мектепалды топтарында ұйымдастырылады.Білімділік деңгейі,отбасында техникалық құралдар болуы,ата-аналардың көпшілігіне осындай жұмыс түрлерін балалармен бірге игеруге жағдай жасайды.

Баланың,тәрбиешінің және өзінің еңбегін елестету арқылы ол нәтижеге қанағаттанады.Оқу орнының жұмыс сапасына қол жеткізуде педагогикалық ұжым мен ата-аналардың қосыла істеген жұмыстан артық ештеңе біріктірмейді.Ал жемісін жейтін бала ғой.Сондықтан білім берудің келесі сатысы-бастауыш мектепке табыс болары хақ.Бұған куә біздің мектепалды топтарын бітіруші балалардың оқудағы табыстарын зерделеу нәтижелері.Сонымен,тақтадағы білім көрсеткіштерін көріңіздер.

 Ата-аналарды ынталандыру әдістері де бөлек көңіл аударуға тұрарлық. Бүгінгі күні оқу тәрбие үрдісіне белсенді қатысушыларды марапаттау механизмі қолданылып жүр.

Алдағы міндет-қол жеткен деңгейді ұстап тұру,күшейіп келе жатқан белсенділікке,нарық таңдауының өзгерісіне қарсы тұра білу.Бұл үшін әрдайым білім беру қызметін жоғары сапасын сақтап,әріптестік формасында ата-аналармен ынтымақтастық формаларын дамыту қажет.

Уақыт ағымы ұстаздар алдына жаңа міндеттер,ауқымды талаптар жүктеп отыр.Заман алға жылжып,қоғам өзгерген сайын жаңа,мазмұнды оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру өмір талабы.Халқымызбен бірге жасасып, өркенін жайған бай салт-дәстүрімізбен,әдет-ғұрпымыздың бүгінгі таңда да ұрпақ тәрбиесіне тигізер үлесі орасан.

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне опат әкеледі.Ендеше біз болашаққа борышты боп қалмау үшін,алдымен ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуымыз қажет.

Тәрбие жолы сан қырлы,оны жүйелі жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ.Біз балаға тек білім беріп қана қоймай,сол алған білімді қайда жұмсау жолын да үйретуіміз керек.

Үш-ақ нәрсе адамның  қасиеті:

Ыстық қайрат,Нұрлы ақыл,Жылы жүрек                                 Абай

                               

                                           

МКҚК «Айгөлек» балабақшасының әдіскері: Нармағанбетова Ж.Н

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ